Талдықорған: +17°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Субсидия: диқандар қолдаусыз емес

25.02.2025
ЭКОНОМИКА
Субсидия: диқандар қолдаусыз емес

Ақсу және Көксу қант зауыттарына өткізілген таза салмағы 560 мың тонна қант қызылшасына 14 млрд. теңге субсидия толық көлемде төленді. 

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, қант қызылшасы бойынша субсидиялауға 679 өтінім түскен. Соған сәйкес шаруаларға субсидия толық көлемде төленді. Ақсу және Көксу қант зауыттары қабылдаған қызылшасы үшін шаруа қожалықтарына 8,4 млрд. теңге төледі. 

– Біз Ақсу, Көксу зауыттарына қант қызылшасын өткізгенбіз. Бүгінгі күні екі зауыт та шаруашылықтарымызбен тиесілі есеп айырысып болды. Қазіргі кезде басым дақылдарға берілетін субсидияны алдық, нәтижесінде көктемгі дала жұмыстарына дайындығымыз қызу жүріп жатыр. Жалпы көктемгі егіске қажетті техникаларды жөндеу жұмыстарын осыдан бір ай бұрын бастағанбыз. Қазір егістік алқаптарға керекті тұқымға тапсырыс беріп қойдық. Біз жыл сайын қант қызылшасын кем дегенде 100 гектар жерге себеміз. Биыл да қант қызылшасын, жүгері, майбұршақ сияқты бірқатар дақыл егуді жоспарлап отырмыз. Көктемгі дала жұмыстарына жеңілдік бағамен берілетін жанар-жағармай алатын қаржымыз да  дайын, – дейді Көксу ауданындағы «Кең дала» шаруа қожалығының басшысы Қалибек Алпысбаев.

Еске салсақ, өткен жылы облыста қант қызылшасының егіс алқаптары 13,7 мың гектарды құрады. Одан жалпы 635 мың тонна өнім алынды. Орташа өнімділігі гектарына 465 центнерден айналды. Алынған өнімнің 5 мың тоннасы мал азығына бағытталса, 630 мың тоннасы зауыттарға өткізілді, оның 560 мың тоннасы таза салмақты құрады. 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: tengemonitor.kazgazeta.kz

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.