Талдықорған: +36°C
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Сұранысқа ие сүт зауыты

20.06.2026
ЭКОНОМИКА
Сұранысқа ие сүт зауыты
WhatsAppTelegramFacebook

Текелі қаласында сүт зауыты 70 жылдан аса уақыт тоқтаусыз жұмыс істеп келеді. Оның өнімдері әрбір жергілікті тұрғынға балалық шақтан таныс.

Зауыттың басты артықшылығы – жергілікті шикізатты пайдаланады. Бұл ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруаларға тұрақты табыс көзі және өндіріс көлемін арттыруына мол мүмкіндік. Бүгінде кәсіпорында айран, құрт, сүт, қаймақ, сүзбе, йогурт, сары май, кілегей сияқты экологиялық таза 23 түрлі сүт өнімдері шығарылады. Өндіріс барысында санитарлық талаптар қатаң сақталып, өнім сапасы тұрақты бақылаудан өтеді. Мемлекеттік субсидиялардың арқасында зауыт өнімдерінің өзіндік құны жоғары болса да табиғи өнім қолжетімді болуы үшін орташа бағаны ұстап отыр.

Кәсіпорын республикалық «Алтын сапа» байқауының жүлдегері. Ауызбірлігі мықты ұжымда қазақ, орыс, корей, татар сияқты әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған 75 адам еңбек етеді. Зауыт тарихы сонау 1953 жылдан бастау алған. Алғашқы кезде жұмыстың бәрі сүт қабылдайтын шағын пункттен басталған. Кәсіпорын тіпті күрделі 90-жылдардың өтпелі кезеңінде де өз істерін тоқтатқан емес. Ал соңғы жылдары технологиялық серпін қарқын ала түсті.

2015 жылы облыс әкімдігінің қолдауымен «Даму» қоры арқылы «Өндіріс – 2» бағдарламасы бойынша 171 млн. теңге көлемінде жеңілдікті несиеге қол жеткізілді. Алынған қарыз толық әрі уақытылы қайтарылды. Бөлінген қаражатқа озық жабдықтар сатып алынып, орнатылды. Арнайы зертхана құрылды. Жергілікті шаруашылықтардан тәулігіне 15 тоннаға дейін шикізат алынып, үш деңгейлі сүзгілеуден өтеді.

Зауыт өнімдері тек Текелі қаласында ғана емес, облыстың басқа да елді мекендерінде сұранысқа ие. Консервантсыз экологиялық таза тауарлар Текелі дүкендерімен бірге Талдықорған, Алматы қалаларындағы сауда нүктелеріне жеткізіледі. Кәсіпорын жетекшісі Владимир Стрельцовтың айтуынша, өнім өндіруге ерекше көңіл бөлінеді. Осы тұрғыда өнімдердің табиғи дәмін, құндылығын, балғындығын сақтау аса маңызды. Танымалдылықтарының басты құпиясы да осында. Қазір көбіне жұмысқа жастар тартылып жатыр.

1990 жылы шебер болып келген өндіріс жетекшісі Валентина Курбактың бүгінде 30 жылдық тәжірибесі бар маман. Ол жастарға бар білгенін үйретіп келеді. Кәсіпорында қызмет атқарып келе жатқанына 13 жыл болған шебер-технолог Роза Жабықбаеваның басты міндеті шикі сүт сапасын тексеріп, оны цехтарға жіберу және ол өзінің осындай жауапты істі міндетіне алғанына қуанышты.

Өндіріс орнының жетекшісі Жалдыбай Әлиев, Светлана Данилова, Наталья Багунова, Татьяна Симакова секілді еңбеккерлермен мақтанады. Кәсіпорында, сондай-ақ, 2000 жылы Ресейден Қазақ-станға көшіп келген Сағынтай Ғалимов дайындаушы-жүргізуші қызметін атқарады. Жұмысы таңғы сағат 3.30-дан басталады. Сағат 6.00-де таза сүтке толы машинасы таңғы асқа үлгеру үшін мектептерге, балабақшаларға және ауруханаларға жол тартады. Мұндай маңызды жеткізілімдерді қойма меңгерушісі Марьяш Ғалимова үйлестіреді.

– Біз тапсырыс бойынша жұмыс істейміз. Өйткені біздің өнім тек табиғи ингредиенттерден тұрады және балалар үшін өте пайдалы, – дейді ол.

Текелі қаласындағы сүт зауыты – Жетісу өңіріндегі азық-түлік өндірісінің маңызды кәсіпорындарының бірі. Табиғи құрамы мен жоғары сапасының арқасында тұтынушылардың сеніміне ие болған өнімдер өңір тұрғындарының күнделікті азық-түлік қоржынынан орын алған. Зауыт тұрғындарды сапалы сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп қана қоймай, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына да елеулі үлес қосып келеді.

Айгүл БАЙБОСЫН
Текелі қаласы

Қатысты жаңалықтар

Қараталда Балтабай Ғалиевтің 90 жылдығына орай кеш өтті

Қараталда Балтабай Ғалиевтің 90 жылдығына орай кеш өтті

20.06.2026
Сұранысқа ие сүт зауыты

Сұранысқа ие сүт зауыты

20.06.2026
Туған күнді түнде тойлағандар жауапқа тартылады

Туған күнді түнде тойлағандар жауапқа тартылады

20.06.2026
Жетісу облысында 38 градусқа дейін ыстық күтілуде

Жетісу облысында 35-36 градус ыстық күтілуде

20.06.2026
Талдықорғанда қауіпсіз көші-қон орталығы ашылды

Талдықорғанда қауіпсіз көші-қон орталығы ашылды

20.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.