Талдықорған: -2°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ТАЛДЫҚОРҒАНДА АКТИВ ЖИЫНЫ ӨТТІ

11 қазан 2018
ЭКОНОМИКА
ТАЛДЫҚОРҒАНДА АКТИВ ЖИЫНЫ ӨТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Талдықорған қаласының әкімі  Дастан Шалтабаевтың төрағалығымен Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы Жолдауын түсіндіру мен насихаттауға және оны жүзеге асыруға арналған актив жиыны өтті.

Оған қалалық мәслихат хатшысы, ауылдық округ әкімдері, депутаттар, партия өкілдері, құқық қорғау органдарының, қалалық басқарма, бөлім басшылары, қоғамдық ұйым мүшелері қатысты.

Күн тәртібіне қойылған мәселе төңірегінде Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты Елдар Сапаров, Абай атындағы №1 орта мектептің ағылшын пәні мұғалімі Олеся Кравченко, грек-рим күресінен Азия және ересектер арасында әлем чемпионы Ербол Қоңыратов және «Бағдаулет-Төлепберген» ауылшаруашылық-өндірістік кооперативінің директоры Сәпи Төлепберген баяндама жасады.

Жиын барысында Талдықорған шаһарында  инфрақұрылымды  дамытуға қатысты бірқатар жұмыс қолға алынғандығы айтылды. Бүгінде «Шығыс» шағын ауданында жалпы көлемі 3,7 мың шаршы метрді құрайтын 60 пәтерлі коммуналды үй қолданысқа берілген. Коттеджді қалашықта жалпы көлемі 5,8 мың шаршы метрді құрайтын 12 блокты 48 пәтердің құрылысы жүзеге асырылуда.

–Экономика және бюджетті жоспарлау, статистика бөлімдеріне бірлесіп, Талдықорған қаласы бойынша ең төменгі жалақы алушылардың санын есептеп, бюджеттен тиісті қаражат қарастыруды тапсырамын. Сондай-ақ, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасарлары Т. Қыдырәлиевке, С.Арзанбековаға,  М.Көлбаевқа Мемлекет басшысының Жолдауында әлеуметтік салаға қатысты  көтерілген тапсырмаларды іске асыруды, жер, сәулет, қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқа да бөлімдерге «7-20-25» бағдарламасын іске асыру үшін тиісті шараларды қабылдауды жүктеймін, – деді Дастан Тұрарбекұлы.

Актив отырысында қала басшысы Жолдау аясында туындаған жаңа тапсырмаларға жан-жақты тоқталды. Аймақтарды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында жалпы құны 161,9 млн. теңге құрайтын 4 жоба аяқталды. «Сарыбұлақ», «Алмалы», «Сарыарқа» саяжай қауымдастықтарында жалпы құны 124,1 млн. теңгені құрайтын 21,0 шақырым электр жүйесін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. «Мерекелік», «Үйтас» саяжай қауымдастықтары мен «Ынтымақ» және тағы басқа жаңа тұрғын үй секторларын ауызсумен, коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету мәселесі шешілуде. Жергілікті маңызы бар және қалаішілік жолдардың құрылысына 3,7 млрд. теңгеге дейін қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары атқарылмақ.

Меруерт МОЛДАҒАЛИЕВА

Қатысты жаңалықтар

Елдіктің жаңа кезеңі

Елдіктің жаңа кезеңі

25 қазан 2026
Аманатқа адалдық

Аманатқа адалдық

25 қазан 2026
Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

25 қазан 2026
Тамыры терең Тәуелсіздік

Тамыры терең Тәуелсіздік

25 қазан 2026
Табысқа толы 9 ай

Табысқа толы 9 ай

25 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.