Талдықорған: +5°C
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Тегін жолдаманы пайдаланды

11 қыркүйек 2017
ЭКОНОМИКА
Тегін жолдаманы пайдаланды
WhatsAppTelegramFacebook

«Ұлағатты ұрпақ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Райымбек ауданынан 51 адам «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне барып қайтты. Қоғамдық қор атынан ЭКСПО-ға жолдама озат оқушыларға, үздік ұстаздарға, Мұқағали оқуларының ерекше көзге түскен қатысушыларына, ұлттық өнердің дамуына зор үлес қосып жүрген ақжаулықты әжелерге, дәрігерлер мен дін саласының өкілдеріне және әкімдік қызметкерлеріне берілді.

Жолдамада жолақысы, жатын орын мен ас-ауқаты, көрмеге кіру билеті, Астананың көрікті жерлерін аралау шығындары қарастырылған. Естеріңізге сала кетсек, «Ұлағатты ұрпақ» қоғамдық қоры 6 жылдан бері озат оқушылар мен ұстаздарға Астана қаласын аралау саяхатын ұйымдастырып келеді. Қоғамдық қорды Сарыбастау ауылының азаматтары құрған болатын.

Осы жолғы сапарда көпшілік ЭКСПО көрмесін аралап, елімізде болып жатқан айтулы оқиғаның куәгері болды. Әлем деңгейінде ұйымдастырылып жатқан көрменің берері мол. Өйткені әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік технологияларды көзбен көріп қана қоймай, олардың жұмыс істеу тәсілін байқауға, үйренуге толық жағдай жасалған. Сонымен қатар, өзге елдердің мәдениеті мен салт-дәстүрін жете тануға да мүмкіндік мол. Әсіресе Ұлттық павильон «Нұр Әлем» ерекше әсер қалдырды. Ұлттық павильонның әр қабаты ғарыш, күн, биомасса, жел, су және кинетикалық энергия сынды тақырыптарға арналған. Қазақстанның тарихы, мәдениеті, жеткен жетістігі мен болашағы көрмеде анық көрсетілген.

 Астанаға арнайы жолдамамен келген Сарыбастау ауылының «Ақкер» әжелер ансамблі көрменің көркіне айналды. ЭКСПО төрінде халық әндерін шырқап, туристердің қошеметіне бөленді. Шетелдіктер әжелердің қоңыр үнін ұйып тыңдап, павильондарына қонаққа шақырып, сыйлықпен шығарып салды.

ЭКСПО көрмесін аралаған шәкірттер де ерекше бақытты. Өйткені олар «күнделікті сабақта өтіп жүрген дүниелерімізді өз көзімізбен көріп, көңілімізге түйіп алдық» дейді. Ұстаздар да шәкірттерінің жанында жүріп, оқушыларға көрмедегі жаңа технологияларды түсіндіріп, бірге аралады.

Көрмеден шыққаннан кейінгі көңіл-күйді айтып жеткізу мүмкін емес. Аудан оқушылары көрмеге арнап ән шырқады, бірі жүрек түбінен шыққан өлеңін арнады, енді бірі қолына қалам алып сурет салды.

 «Еуразия» ұлттық арнасы Райымбек ауданынан «ЭКСПО – 2017» көрмесін тамашалауға келген қонақтар жайлы сюжет түсірді. Ал еліміздің басты радиосы, қазақтың үніне айналған «Қазақ радиосы» қоғамдық қор мүшелері мен көрмеге жолдама алған қонақтарды таңғы эфирге шақырып, керемет сұхбат жүргізді. Алыстан ат терлетіп келген жаны жайсаң, жүрегі кең ауылдастарымыз келесі күні Астананың көрікті орындарын аралап, «Жастар» театрының керемет қойылымын тамашалады.

Маржан СӘБЕТ,

делегация мүшесі.

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

29 қазан 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

28 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

28 қазан 2026
Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

28 қазан 2026
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

28 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.