Талдықорған: +19°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ТЕКЕЛІ МЕН ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ, БІРАҚ КЕМШІЛІК ТЕ БАР

14.09.2021
ЭКОНОМИКА
ТЕКЕЛІ МЕН ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ, БІРАҚ КЕМШІЛІК ТЕ БАР
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов Ескелді ауданы мен Текелі қаласында жаңадан бой көтеріп жатқан бірқатар құрылыс нысанын аралап, елді мекенде газдандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды саралады. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі хабарлады.

Лаззат Махатұлы алдымен Карабұлақ кентінде салынып жатқан 60 пәтерлі тұрғын үйге барды. Ескелді ауданының әкімі Рустам Әли облыс әкімінің бірінші орынбасарына тұрғын үйдегі бүгінгі жұмыс барысын, оның айналасын абаттандыру мен инженерлік-коммуникациялық жүйелерін тартуға қатысты жобаларды егжей-тегжейлі таныстырып шықты.

Абай атамыздың «Азаматты ісін бастағанынан емес, аяқтағанына қарап бағала» дегеніндей, осыған дейін идеология саласының қазанында қайнап келген Рустам Әлидің аудан тізгінін ұстағалы әр саланың жағдайына жіті назар салып, аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартатын көп шаруаны қолға алғаны көрініп тұр. Аудан орталығындағы құрылыс, елді мекендерді абаттандыру, тағы да басқа жобалар қарқынды жүргізілуде.

Қарабұлақ ауылының әр тұсында қызу еңбек жүріп жатыр. Әсіресе, 8 март көшесі, №5 мекенжайындағы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 60 пәтерлі көп қабатты тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде. Құрылыс жұмысына 783 млн.теңге қарастырылыпты. Оның 494 млн.теңгесі трансферт есебінен Ұлттық  қордан бөлінсе, 289 млн.теңгесі облыстық бюджет есебінен қарастырылған. «Жетісу сәулет құрылыс» ЖШС жобалаған нысанның сәулеті де көз тартады. Мердігер «Компания Строй Индустрия» ЖШС құрылыс жұмысын сапалы жүргізіп жатқанын көрдік. Аталған нысанның құрылысы 17 наурыз күні басталып, 2 қазан күні аяқталады деп жоспарланған. Кейбір жағдайға байланысты құрылыс жұмысы сәл кешігіп келе жатқаны болмаса, бүгінде олар 248 млн.теңгені игеріп үлгеріпті.

Тұрғын үйдің ауласын абаттандыру және инженерлік-коммуникациялық желісін жүргізу үшін ұлттық қордан және облыстық бюжеттен 230 млн.теңге қарастырылып, оған қатысты жұмыстарды «Монолит» ЖШС жүргізуде. Құрылыс жұмысы 27 сәуір күні басталып, 27 қыркүйекте аяқталады деп күтілуде. Қазір құрылыс алаңында қызу еңбек. Құрылысшылар тұрғын үйдің қабырғаларын қалап, шатырын жабуға қамданып жатса, құрылыс аумағында түрлі техника тынымсыз еңбек етіп жатыр. Құрылыс жұмысының сапасынан мін таппаған Лаззат Махатұлы жұмыс кестесіне қатысты өз пікірін білдірді. Қылышын сүйреп қыс жеткенше нысанды ел игілігіне беру керектігін аудан әкіміне табыстады.

Жұмыс сапары барысында Лаззат Махатұлы Қарабұлақ ауылын табиғи газбен қамтуға қатысты атқарылып жатқан жұмыстарды көрді. Жалпы, Ескелді ауданын газдандыруға облыстық бюджеттен тиісінше қаржы бөлініп, газ желісі тартылып, газ тарату қорабы орнатылған. Облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен «ЖетісуОблГаз» ЖШС тұрғын үйлерге жеңілдетілген бағамен газ құбырын кіргізіп, пеш орнатып беруге міндеттелген. Сондай-ақ, тұрғындардың қаржылық жүктемесін төмендету үшін қазандық пен жинақтаушы материалдарға жұмсайтын қаражатын бөліп төлеудің жолдары ұсынылған. Өкінішке қарай, тұрғын үйлерге газ тарту жұмысымен айналысатын компанияның жұмыс нәтижесінің көңіл көншітпейтіні Жеңіс көшесіндегі 130-2 үйге барғанда белгілі болды. Лаззат Махатұлы «ЖетісуОблГаз» ЖШС өкілдеріне өз міндеттемесін толық атқаруы қажеттігі туралы ескерту айтты.

Десе де, Қарабұлақ ауылындағы орталық жылу қазандығын газға ауыстыру жобасы аяқталу алдында. Жоспарлы жұмыстың нәтижесінде Қарабұлақ кентін жылумен қамтып отырған көмірмен істейтін орталық жылу қазандығының жанынан блокты-модульді корпус салынып, жылу қазандықтары орнатылып, қажетті жабдықтар құрастырылып біткен. Қуаттылығы 20,6 ГКл болатын жылу қазандығының арқасында биылғы жылыту маусымында Қарабұлақ ауылының коммуналдық мекемелері мен жеке тұрғын үйлер көмір орнына газбен жылытылатын болды. Осы арқылы ауаға тарайтын зиянды заттардың шығарылу деңгейі кем дегенде 52%-ға төмендейді. Сондай-ақ, Қарабұлақ ауылында ауылішілік жылу желілерін жаңғырту жоспары бойынша да, көпқабатты үйлерді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу жұмысы да кезең-кезеңімен жүргізілуде. Осы тұрғыда аудан әкімінің тынымсыз жұмыс істеп жатқаны айқын аңғарылып тұр.

Қарабұлақ ауылындағы қарқынды істерді көрген облыс әкімінің бірінші орынбасары келесі кезекте Текелі қаласының Әл-Фараби және С.Сейфуллин көшелеріндегі 40 пәтерлі екі үйдің құрылыс жұмысымен танысты. Әл-Фараби көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысына Ұлттық қордан 322434,0 мың. теңге, облыстық бюджеттен 196163,0 мың теңге бөлінсе, С.Сейфуллин көшесіндегі 5 қабатты 40 пәтерлі тұрғын үйге Ұлттық қордан 361886,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 182185,0 мың теңге бөлінген. Екі үйді салу жұмысын «Шымыр» ЖШС міндетіне алған.

Әрине, «Шымыр» ЖШС облысымызға танымал, құрылыс салу бағытында тәжірибесі мол. Нысандарды аралап көрген Лаззат Махатұлы құрылыс жұмыстарының сапасына мін тақпады. Қайта қаңқасы қаланып, бөлмелері бөлінген үйлерді аралап көріп, жақсы бағасын берді. Дегенмен, С.Сейфуллин көшесіндегі үйдің инженерлік-коммуникациялық желілерін тарту жұмысын міндетіне алған компанияның әлі күнге дейін өз деңгейінде жұмыс жасамағанын сынға алды. Сондай-ақ, тұрғындармен кездесіп, қаланы газдандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысып, орын алған кемшіліктерді бағамдады. Егер бұл тараптағы жоспар жүйелі жүргізілмесе, «біреуі қараша, ендібірі желтоқсан айында бітеді» деп жоспарланған қос үйдің уақытында тұрғындарға тапсырылуы екіталай.

Осылайша, жарты күн уақытын Ескелді ауданы мен Текелі қаласындағы бірнеше нысанды аралауға арнаған Лаззат Махатұлы нәтижелі жұмыстарға оң бағасын беріп, кемшіліктерді түзетуді тапсырды. Аудан және қала әкімдерінің алдағы жұмысына бағыт-бағдар берді.

Қажет АНДАС

Ескелді ауданы,

Текелі қаласы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

03.05.2026
Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.