Талдықорған: +16°C
$ 461.37
€ 542.16
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Тоғыз айдағы табыс мол

17.10.2018
ЭКОНОМИКА
WhatsAppTelegramFacebook

Тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің орындалуы және «Бес әлеуметтік бастаманы» жүзеге асыру мен жекешелендіруді жүргізу барысы кезекті Үкімет отырысында қаралды. Онда белгілі болғандай, Қазақстан экономикасының өсу қарқыны жаман емес. Тоғыз айдағы жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,1 пайызға жеткен. 

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты. Мұндай өсімге сауда мен құрылыс саласындағы жұмыс серпінінің қалыпты жағдайға түсуі, инфляциялық қысымның төмендеуі және инвестициялық сұраныстың артуы оң әсерін тигізген. Кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігінің жоғары көрсеткіші сақталыпты. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі артып, өнеркәсіп өндірісі мен өңдеу өнеркәсібі жақсарған. Қызмет көрсету мен сауда саласының жұмыстары да жаман емес. Сыртқы сауда айналымы тұрақты өсуде. Экспорт 28,2 пайыз, импорт 10,8 пайызға артқан. Еңбек нарығында тұрақтылық сақталған. Жыл басынан бері 414,5 мың адам жұмыспен қамтылып, еңбекақы қалыпты өскен.
ҚР Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев жыл басынан бері инфляция деңгейінің 3,3 пайызға жеткенін мәлімдеді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмен. Биыл инфляция 5-7 пайыз дәлізінде сақталмақ. Қыркүйек айының соңында ұлттық валютадағы депозит 4,1 пайызға өсіп, шетел валютасындағы депозит 2,5 пайызға төмендеген. Нәтижесінде депозиттерді долларландыру 46 пайызға азайыпты.
ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов мемлекеттік бюджет кірістерінің (трансферттерсіз) өсімі былтырдың осы уақытымен салыстырғанда екі есеге артқанын айтты. Ал шығыстар 0,2 пайыздық тармаққа артық болған.
Осы ретте ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қалған екі айды жыл соңына дейін Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға арнау керектігін және игерілмеген қаражаттың қайта бөлінетінін айтып өтті.
«7–20–25» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы баяндаған Данияр Талғатұлы: – Алдымен, бағдарлама талаптарына сәйкес келетін тұрғын үй таңдалу керек. Екіншіден, бағдарламаға қатысатын банкке барып несие алу туралы өтініш жазылуы тиіс. Үшіншіден, табыс ресми түрде расталып, жеке меншікте тұрғын үй болмауы керек. Қазіргі уақытта жеті банк өтініш қабылдап жатыр,– деді.
Бүгінгі таңда 28 млрд. теңгеге 2352 өтінім мақұлданған.
– Мемлекет басшысының тапсырмасын сәтті жүзеге асыруда жылдам бастама маңызды. Қысқа уақыт ішінде қажетті инфрақұрылым құрылып, банктер мен жұртшылық арасында ақпараттық жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Бағдарламаның тиімділігін арттыру үшін қыркүйек айында бірқатар өзгеріс енгізілді, – деді ҚР Ұлттық Банктің басшысы.
Осылайша, Шымкент, Астана, Алматы қалалары маңындағы аймақтар тұрғын үйдің максималды құны 25 млн. теңге тұратын өңірлер ретінде саналған. «Баспана» ипотекалық ұйымында жергілікті атқарушы органдардың теңгедегі облигацияларын тұрғын үй құрылысы үшін нарықтық мөлшерлемемен сатып алу тетігі қарастырылған.
– Бағдарлама төмен пайыздық мөлшерлеме мен ұзақмерзімді несие беру түрінде әлеуметтік бағдарға ие, бірақ ол ипотека болып қала бермек. Яғни, несиені өтеу үшін ресми расталған кіріс болуы керек. Мәселен,       10 млн. теңге тұратын пәтерді сатып алу үшін 2 млн. теңге көлемінде бастапқы жарна болуы шарт. Ай сайынғы төлем 57мың теңгені құрайтын болады. Сәйкесінше, банк несиені мақұлдауы үшін азаматтың айына 120 мың теңгеге жуық табысы болуы қажет. Себебі, несиені өтеу мөлшері айлық жалақының жартысынан аспауы тиіс,– деді Данияр Талғатұлы.
Өз кезегінде Тимур Сүлейменов жалақысы 25 айлық есептік көрсеткішке дейінгі жұмысшыларға 1 қаңтардан бастап салық жүктемесін 10 есе төмендету көзделгенін еске салды.
ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Елбасының тапсырмасын орындау үшін биыл қосымша 20 мың грант бөлінгенін айтып өтті. Осылайша, гранттардың жалпы саны екі жыл ішінде 39 мыңнан екі есеге өсіп, 69 мыңға жеткен. Оның ішінде биыл 20 мың қосымша грант бөлінген. Бұдан өзге, Ерлан Кенжеғалиұлы студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалардың орындалып жатқанын жеткізді. 
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова шағын несие беруді қаржыландыру 20 млрд. теңгеге ұлғайғанын мәлім етті. Қосымша бөлінген қаражатты ескере отырып, шағын несие берудің жалпы сомасы 62 млрд. теңге, оның ішінде 45 млрд. теңге ауылдық жерлерге және 17 млрд. теңге қалалық жерлерге көзделген. Осы жылы 14 мың адамға шағын несие беріледі деп көзделіп отыр. 
Жиын барысында, сондай-ақ, ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов «Сарыарқа» магистральді газ құбырын салу жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. 
Қазіргі уақытта жекешелендірудің кешенді жоспарының 887 нысанының 524-і сауда-саттыққа шығарылып, олардың 444-і сатылған. 287 нысан қайта ұйымдастырылу және таратылу сатысында. 12 нысанды жекешелендіру тізбесінен алып тастау туралы ҚР Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімі қабылданған. Биыл 257 нысанды сауда-саттыққа шығару жоспарланған. Іс жүзінде 137-і шығарылып, 47 нысан бойынша қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылданған. Бұл жөнінде ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов егжей-тегжейлі баяндады. 
Осыған байланысты Үкімет басшысы жалпы нысандардың сатылымы кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын айта отырып, дегенмен, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен холдингтер кейбір нысандарды жекешелендіру мерзімдеріне ден қойып, олардың сатылымға шығарылуын жеделдету керектігін, сондай-ақ, Президент тапсырмасына сәйкес жекешелендіру Мемлекет үшін барынша тиімді болуы қажеттігін назарға салды.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді

22.04.2026
Сурдлимпиада жүлдегері Рамазан Әбдрасілге пәтер табысталды

Сурдлимпиада жүлдегері Рамазан Әбдрасілге пәтер табысталды

22.04.2026
«Жетісу» Азия чемпиондар лигасында титулды қорғауға аттанады

«Жетісу» Азия чемпиондар лигасында титулды қорғауға аттанады

22.04.2026
Текеліде ұлттық кітап күніне орай «Оқы. Ойлан. Бөліс» шарасы өтті

Текеліде ұлттық кітап күніне орай «Оқы. Ойлан. Бөліс» шарасы өтті

22.04.2026
Депутат: «Әр 15 мектептің біреуінде директор жоқ»

Депутат: «Әр 15 мектептің біреуінде директор жоқ»

22.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.