Талдықорған: +6°C
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Түркиялықтармен тәжірибе алмасты

27 қараша 2017
ЭКОНОМИКА
WhatsAppTelegramFacebook

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру аясында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы біліктілік орталығының өсімдік шаруашылығы бойынша сарапшылары Түркияның Айдын провинциясындағы Сөке қаласында тағылымдамадан өтіп қайтты, Сарапшылар Түркияның білім тарату орталығының (ТАЕМ) арнайы шақыртуымен барды. 

Түркияның экономикасын дамытып отырған саланың бірі – ауылшаруашылығы. Бұл елде қазіргі таңда 28,5 млн. гектар жерге егін егілетін болса оның 5 млн-ға жуығы суармалы алқап. Бидай, арпа, сұлы, жүгері, тары, күріш көп өсіріледі. Бұдан өзге қант қызылшасы, темекі, шай, күнбағыс, жүзім, інжір, цитрус, зәйтүн, грек жаңғағымен де танымал. Тіпті, дүниежүзілік өсімдік шаруашылығының көрсеткіші бойынша інжір өндіруде  алдыңғы орында келеді. Ал зәйтүн майының экспорты бойынша Испаниядан кейінгі екінші орында тұр. Сондықтан, олардан үйренетін нәрсе көп. Сапар аясында жерлестеріміз Айдын университеті ауылшаруашылық факультетінің профессорларынан тұқым дайындау, көкөніс, интенсивті бау-бақша өсіру, кооперация мәселелерін қамтыған теориялық дәрістер тыңдап, біліктілігін арттырып қайтты.

 Түрік елінде болып қайтқан мамандардың түйгені де көп. Сол қатарда жылыжайдағы көкөніс дақылдары бойынша сарапшы Серік Жантасов:

– Мені Түркияның көкөніс жинауға арналған техникалары қатты қызықтырды. Жергілікті шағын зауытта жасалған техниканы фермерлер қолжетімді бағада сатып алады. Өкінішке орай, біз Ресей, Белорустың техникасын қымбат бағамен алып отырмыз. Оның үстіне, біздегі бір техника тек бір ғана қызмет атқарады. Ал Сөке зауытынан шыққан ауылшаруашылық техникалары бір уақытта бірнеше жұмысты қоса атқарады, – дейді.

Майлы дақылдар бойынша сарапшы Марат Ташмұхамедовтың айтуынша, өнімді өңдеу мен тасымалдау, экспорт, импорт бағыты Түркияда жақсы жолға қойылыпты. Ондағы фермерлердің қарбызды кептіру технологиясын біздің диқандар үйреніп, өндіріске қосса  жақсы жетістікке жетуге болады. 

– Түркия – әлемде ауылшаруашылығы дамыған қуатты мемлекеттің бірі. Тағылымдама аясында отандық сарапшылардың түркиялық әріптестерінен үйренгені көп, үйретері де бар. Біз барған шаруашылықтардың барлығында дерлік студенттерге арналған оқыту базасы бар, – дейді «Атамекен» ҰҚП өсімдік шаруашылығы бойынша департаментінің директоры Марат Жадаев. Оның айтқанын палатаның өсімдік  шаруашылығы бойынша департаментінің менеджері Талғат Әбсаттар толықтыра түсті.

– Түрік технологиясы дамыған. Белгілі бір бағыттарды қамтып, зерттеуге бағытталған «ақылды ауылдар» толық автоматтандырылған. Інжірге арналған ғылыми зерттеу институты жергілікті жеміс ағашын өсіріп қана қоймай, арнайы мұражай ашып қойыпты. Онда жергілікті халықтың атадәстүрі, салты, інжір майын өндіретін құрылғылар, соқалар, пресс, шелек табақтар жәдігер ретінде сақталған, – дейді ол.

 Түркияға барып қайтқан әр сарапшы озық тәжірибенің ұтары көп екенін дәлелдеуге тырысады. Бізде табиғи байлықтың бәрі бар. Тек соны байлыққа айналдырудағы тәжірибеміз жеткіліксіз. Осындай тәжірибе алмасулар сол кемшілікті азайта түспек.

Қажет Андас

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

29 қазан 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

28 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

28 қазан 2026
Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

28 қазан 2026
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

28 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.