Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ

6 шілде 2024
ЭКОНОМИКА
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық ветеринария басқармасы Талдықорған қалалық ветеринариялық стансысына қарасты Еркін ауылдық округі бойынша ветеринарлық пункт ашылды.


Заман талабына сай бой көтерген нысанның ашылу салтанатына ветеринария саласының мамандары мен ауыл тұрғындары қатысты. Игі шарада ветеринарлық пункттің лентасы қиылып, жиналған қонақтар жаңа ғимаратты көрді. Ауыл ақсақалдары сөз сөйлеп, жылы лебіздерін жеткізді. Сала ардагері Айдарбек Әбілқасымұлы ақ батасын беріп, ізгі тілегін арнады.

Еркін ауылдық округі бойынша ветеринарлық пункт меңгерушісі Жанұзақ Қанағатовтың айтуынша, нысанның құрылыс жұмыстары өткен жылдың желтоқсан айында аяқталған. Бұған дейін мамандар қаланың әр жерінде жұмыс істеген. Ендігі кезекте олар жаңа нысанда отырып, Еркін ауылдық округі бойынша шаруа қожалықтары мен тұрғындардың төрт түлігіне қызмет көрсететін болады.

Жетісу облыстық ветеринария басқармасының басшысы Нұрлан Жамаубаевтың сөзінше, бүгінде облыс әкімі бұл салаға ерекше көңіл бөліп отыр. Мәселен, әкімнің қолдауымен аймақ бойынша ветеринарлық пункт салуға 397 миллион теңге бөлінген. Ветеринарлық жұмыс атқаратын қажетті техникалармен де қамтамасыз етілуде. Мәселен, былтыр 25, ал биыл 17 автокөлік берілген. Облыста барлығы 23 ветеринарлық пункт, 1 ветеринарлық стансы салынған. Қазіргі таңда әр ауданда 2-ден ветеринарлық пункт бой көтеруде. 

Жалпы алдыңғы, былтырғы және биылғы жылдарды қосқанда, барлығы 53 ветеринарлық пункт тұрғызылып, пайдалануға берілген. Сондай-ақ, мұндай нысандар алыс елді мекендерде де бой көтеруде. Бұл жерде ветеринардан анықтама алу, мал тіркеу сияқты ветеринарлық іс-шаралар жүргізіледі. Мұндай қызметтерді атқаратын 4 мал дәрігері бар. Сала қызметкерлерінің сөзінше, алдағы уақытта ғимарат маңынан мал сою пунктін салу көзделіп отыр.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

26 қараша 2026
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

26 қараша 2026
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

26 қараша 2026
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

26 қараша 2026
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

26 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.