Талдықорған: +21°C
$ 464.53
€ 543.73
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

УТИЛАЛЫМ: ҚАЗАҚСТАНДА АВТОКӨЛІК АРЗАНДАЙ МА? САРАПШЫЛАР ПІКІРІ

11.02.2022
ЭКОНОМИКА
УТИЛАЛЫМ: ҚАЗАҚСТАНДА АВТОКӨЛІК АРЗАНДАЙ МА? САРАПШЫЛАР ПІКІРІ
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Елорда төрінде өткен ҚР Парламенті Мәжілісі отырысында сөйлеген сөзінде біраз уақыттан бері сөз болып келе жатқан утилизациялық алым мәселесіне ден қойған еді. Жасыратыны жоқ, бұл жайында жеке автокөлік, ауыл шаруашылығы техникасы мен жүк көлігінің иелері де айтып келеді. Осыған байланысты Қасым-Жомарт Кемелұлы «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің кәдеге жарату алымын жүргізу және оған иелік етуді тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға тапсырма берді.

Бұл жайында: «Кәсіпкерлер мен жалпы қоғам тарапынан «Оператор РОП» деп аталатын компанияның қызметіне қатысты көптеген сұрақ туындап отыр. Тіпті осы жеке компанияға қарсы қоғамдық қозғалыс ұйымдастыруға дейін жетті. Үкіметке «Оператор РОП» ЖШС-нің утильдік алым жинау мен пайдалануын тоқтату бойынша шара қабылдауды тапсырамын. Мұнымен шет елдердегідей мемлекеттік ұйым айналысуы керек. Алымдардың өзіне келсек, олардың ставкасы қайта қаралғаны жөн. Мемлекеттің утилизациялау, автомобильдік өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы машиналарын жасауға қолдау көрсетуін ешкім тоқтатқан жоқ. Бұл мәселені бизнеспен және қоғаммен конструктивті түрде талқылау керек. Отандық автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алушыларға утильдік алым есебінен ваучер беру мәселесін қарастырған жөн. Осы және өзге де утильдік алым қаражатын қоғамға пайдамен жарату тәсілдерін қарастырыңыздар», – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, 2016 жылдан бастап Қазақстанда көлікті импорттау үшін утилизациялық алым алынып келді. Ол АЕК-ке байланысты болғандықтан, жыл сайын өсімі жалғасты. Қозғалтқыштың көлеміне және көлік түріне қарай утилизация көлемі айтарлықтай қомақты қаражатты құрды (450 мың теңгеден 14 миллион теңгеге дейін). Мұндай қомақты төлемдерді төлеуге автокөлік өндірушілер, ресми импорттаушылар және Қазақстанға көлік әкелгісі келетін жеке тұлғалар міндетті. Төлем көлікті бастапқы тіркеуге дейін жүзеге асырылатындықтан, бұл бағаны айтарлықтай арттырады.

Ендігі кезекте утилизацияға қатысты Президент берген тапсырманы іске асыру азаматтардан негізсіз қаржылық жүктемені алып тастауға жол ашпақ. Мемлекет басшысы осылайша утилизациялық алымның қажеттілігі туралы қоғамдық талқылауларға назар аударды. Жалпы, утилизациялық алымды жеке компаниядан мемлекеттік ұйымның қарамағына беру алымдардың ашықтығын арттыруға және халықтың мемлекеттің утилизация саясатына деген сенімін нығайтуға ықпал етеді деген болжам бар. Осыған байланысты біраз адамның пікіріне құлақ асып, ойларын білген едік.

Алмасбек САДЫРБАЕВ, ауыл шаруашылығы сарапшысы, «Шопан ата» қой өсірушілер қауымдастығының төрағасы:

– Бүгінде әлем елдерінде утилалымның сан түрлі нұсқасы бар. Бірақ оларда елдегі сияқты алым құны тым қымбат емес. Әр ел өзінің тұрғындары, шаруаларының жағдайына қарай тым төмен мөлшерде алым ақысын белгілеген. Тіпті өз мемлекетінде автокөлік өндірісі жоқ көптеген ел автокөлік болсын, ауыл шаруашылығы техникасы болсын утилалым алмайды. Бізде бұл алым алынған күннің өзінде автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасын бөліп қарастыру керек. Себебі, отандық, шетелдік автокөлік бес, жеті, он жыл пайдаланылса, комбайн, трактор сияқты ауыл шаруашылығы техникасы жиырма, отыз жыл бойы қолданылады. Тіпті, ауыл шаруашылығы техникалары ескіріп, тозғаннан кейін де керекті бөлшектерін басқа техникаларға ауыстырып, пайдалануға болады. Осы тұрғыдан келгенде, утилизациялық алым ауыл шаруашылығы техникасынан мүлде алынбау керек. Егер мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы техникасына утилалым алу керек деген жағдайдың өзінде қарапайым шаруаға үйлесімді тетігін қолданған дұрыс. Мысалы, табысы төмен тұрғындар көп тұтынатын арзан бағалы автокөліктер мен қарапайым шаруа көп пайдаланатын 80, 82, 100, 120, 150 аттың күшіне тең келетін ауыл шаруашылығы техникасына утилалым алынбау керек. Ал одан қымбат 200, 250, 300 ат күші бар техникаларға төмен пайызбен алым алынса құба-құп. Мемлекет осындай әдісті қолданса, қарпайым халық ұтылмайды, қымбат көлік мінгісі, техника алғысы келгендер де төмен пайызды алымын төлеп, өз қажетін қанағаттандыра бермек.

Мәшен СЕМБАЙҰЛЫ, «Ақбота» шаруа қожалығының басшысы:

– Шыны керек, елдегі утилалымның қымбаттылығы көптеген жұртшылықтың қалтасын қағуда. Шет елдердегі автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникаларының біздегіден едәуір арзан екені де рас. Жоғарыда аталған жұмыстар бір жүйеге келтірілсе, бағаның да тұрақталатынына сенім зор. Сан мыңдаған тұрғын ескі көліктерінен түсіп, жылы жаңа, жүрдек темір тұлпарларды жүргізуге мүмкіндік алар еді. Бұл өз кезегінде, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға да ерекше серпін бермек. Шегара сыртынан кіргізер техникалардың құжатын реттеуге жеңілдік жасалса, дән егіп терлеген диқандарға да біраз көмек болмақ. Кішігірім жерден нәпақасын тауып отырған халық көбіне өзгелерден техниканы жалға алады. Олардың бағасы кейде нарыққа байланысты жоғары. Бұл өнімнен түскен табысқа салмақ салып, жағдайдың оңалуына кедергі келтіреді. Ал техникалары болғанның өзінде ескірген, жүруінен бұзылуы көп. Сайманға кеткен қаражатқа сырттан тәуір техника алып келуге болады. Өзім де қожылығымда жер аударып, егін салып, еңбек майданында жүрмін. Техника тұралап қалса, біржылдық табыстан айырыласың. Себебі, егін даласындағы жұмыс уақытылы орындалмаса болмайды. Көктемгі егін салу науқанында құр қалсаңыз немесе қызыл қырманның қызған күз мезгілінде қозғалыс болмаса еңбектің зая кеткені. Утилалымның құны азайса, көптеген ауқымды жұмыстарға жол ашылып, көшелердегі көліктердің жағдайы жақсарып, егін алқабын аударған техникалар тынбай жұмыс істеуші еді.

Жандос ТІЛЕПОВ, такси жүргізушісі:

– Менің автокөлік тізгіндеп жүргеніме отыз жылдай уақыт болыпты. Жолаушылар тасымалдап күн көреміз. Соңғы бес-алты жылда автокөлік бағасы тым аспандап кетті. Көлігімізді жаңалауға қалтамыз көтермей қалды. Оған утилалым бағасының шектен тыс өсіп кеткені себеп болып отыр. Бұл мәселе көлік жүргізушілердің бас ауруына айналғалы қашан?!. Оны айтудан еш жалыққан емеспіз. Бірақ сөзімізді тыңдар құлақ болмады. Жуырда Мемлекет басшысы осы мәселені көтеріп, Үкіметке оны шешу бойынша тапсырмалар берді. Әрине, бұл бәрімізді қуантты. Утилалым көлемінің шет елдерде қандай екенін оқып, біліп жүрміз. Мәселен, Еуропадағы бұл салық түрі біздің елге қарағанда біршама төмен. Шет елдіктердің алатын жалақысы көп болса да, утилалым көлемі әлдеқайда арзан. Ал бізде ше? Бізде керісінше. Айлық жалақымыз шайлыққа жетпейді. Сөйте тұра утилалым бағасы тым шарықтап тұр. Сондықтан осы мәселеге Мемлекет тарапынан мән беріп, комиссия құрылып, оны жіті талдап жатқандары көңіл тоғайтады. Утилалым бағасының арзандайтынына сенім мол.

Насыр МАҚСҰТОВ, «Жұмеке» шаруа қожалығының төрағасы:

– Мемлекеттік деңгейде көтерілген утилалым жөніндегі мәселе қазір қоғамда қызу талқыланып жатыр. Мен соның ішінде ауыл шаруашылығы техникаларына салынатын утилалым біржолата тоқтатылса немесе мөлшері мейлінше төмендетілсе деймін. Себебі, бізде лизингке берілген ауыл шаруашылығы техникаларының бағасы өте қымбат, жылдық пайыздық қайтарым мөлшері де жоғары. Егін егу, өнім жинау, шөп шабу сияқты басқа да дала жұмыстарына пайдаланылатын техникалар мен агрегаттарды сатып алуға берілетін несиенің пайыздық мөлшерлемесі фермерлерге оңайға түспейді. Оған қоса, утилалым деген тағы бар. Сондай шығындардың бəрі жинақтала келе, ауылдағы шаруаның ілгері басуына елеулі кедергі келтіріп, алға басқан қадамына тұсау болады. Ауыл шаруашылығы техникаларына салынатын утилалымның өзі – айналып келгенде, өндіріп отырған азық-түлік тауарлары бағасының көтерілуіне себеп. Өйткені, ескі техникамен жұмыс істеу тауардың өзіндік құнының өсуіне әкеледі. Ал жаңа техниканың шығыны аз әрі өнімділігі жоғары. Сол себепті əрбір келі ет пен литр сүтте, жем мен шөпте, өзге де өнімдерде оның үлесі бар. Соның салдарынан фермер өз өнімінің бəсін қымбаттатуға мəжбүр. Бұл тұтынушының, яғни, сатып алушының да қалтасына салмақ салады. Осы алым түрі мөлшерінің шамадан тыс жоғарылығы бүгінде шаруаларды мазалайды. Фермер жұмысын жақсарту үшін тəуекелге барып, өнімділігі жоғары шетелдік техника сатып алған жағдайда, утилалымның үлесі оның құнының 10 пайызына дейін құрайды. Бұл соманы жаңа техниканы есепке қойғанға дейін төлеу талап етіледі. Онсыз да пайызбен несие алып, қарызға батып отырған шаруагерге мұның өзі оңайға түспесі түсінікті. Бұл жерде жаңа заманауи техникаға ие болудың көптеген шығыны бар екеніне тоқталмай-ақ қояйын. Өйткені, оның да тарифтері төмен емес. Осы бір ғана алымды ауыл шаруашылығы техникаларына салудан алып тастаса немесе біраз төмендетсе, оның өзі шаруаға мемлекет тарапынан көрсетілген бірден-бір жеңілдік болар еді. Мұндай салықтың мөлшері экономикасы қарыштап дамыған шет мемлекеттердің өзінде біздегімен салыстырғанда анағұрлым төмен. Сондықтан, азық-түлік бағасының қымбаттауына әсер етіп отырған осы утилалым бəрімізге қатысы бар мəселе. Егер, утилалым тоқтатылса, бұл фермердің жағдайының жақсарып, шаруасының оңаларына ықпал етер еді.

Жәнібек  ТӨЛЕМІС, сарапшы:

– Бүгінде адамдардың жүріп-тұруына қажетті арзан көліктерді күнделікті өмірде көріп жүрміз. Көз жауын алатын, бағасы қымбат автокөліктерді де кездестіреміз. Енді Қазақстанның автокөлік нарығындағы утилизациялық төлемдердің өзгеруіне келер болсақ, оның мемлекет құзырына берілгені тауар бағасының арзандауына әкеледі деп кесіп айту қиын. Нарық әлемі өз заңдылықтарымен дамитынын күнделікті өмір көрсетіп келеді. Мысалы, мұнай бағасының көтерілуі – жанар-жағармайдың қымбаттауын туғызғанымен, көміртегінің арзандауы салдарынан бензин құны төмендепті дегенді естігендеріңіз бар ма?! 

Бұл жолы да, егер мемлекеттен пәрмен болмаса, осы заңдылық  жүзеге асуы әбден мүмкін. Яғни, утилизациямен айналысу мемлекеттік мекемелердің қолына өтіп, төлем құны әлдеқайда арзандатылғанымен, сырттан келіп жатқан автокөліктердің бағасы сол күйінде қалуы әбден мүмкін. Бұл біздің болжам ғана. Ал, шын мәнінде қалай болатынын уақыт көрсетеді.

Қасым-Жомарт Кемелұлының берген тапсырмасын орындау аясында 18 қаңтарда ҚР Үкіметі «ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының кейбір мәселелері туралы» Қаулы қабылдады. Құжатқа сәйкес «Жасыл даму» АҚ мемлекеттік ұйымы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып айқындалды. Осылайша, «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің утилизациялық алымды әкімшілендіру және тиісті қаражаттарды басқару шеңберіндегі қызметі тоқтатылды. Утилалым қаражаты есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне берілді.

Аталған акционерлік қоғам ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарайтын ұйым болып табылады. Утилалым мөлшерлемелерін қайта қарау үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Оған жұртшылық, бизнес және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Белгілі болғандай, жұмыс тобы мүшелері қазір ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері кабель-сым өнімдеріне утилалым алу мерзімін 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шегеру бойынша жұмыс жүргізуде.

«Жасыл Даму» АҚ утилизациялық төлемдерді қабылдау жүйесін қайта іске қосты. Қазіргі уақытта өндірушілер мен импорттаушылардан утилалым қабылдау толық жүзеге асырылуда. 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап утилизациялық төлем қабылдау «Жасыл даму» АҚ-ның екінші деңгейлі банктердегі жаңа деректемелерінде жүргізіледі. «ӨКМ Операторы» ЖШС функциялары «Жасыл Даму» АҚ-ына өткен уақыттан бері утилалым төленгендігі жөнінде сегіз жүзден аса сертификат берілді. 

Жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы утилизациялық алым мәселесіне тағы бір мәрте назар аударып, қазақстандық автоөнеркәсіппен және елімізде автокөліктердің қалай өндірілетіні туралы мәселені шешуді тапсырды. Осыған байланысты: «Утилизациялық алым бойынша барлық қаражат мемлекет пайдасына түседі деп шештік. Ендігі мәселе – мөлшерлеме деңгейін анықтау. Жұмыс тобы осы мәселені қызу талқылап жатыр. Бірден айтайын, утилизациялық алым қайта қаралады. Бірақ шектен шықпаған жөн. Автоөнеркәсіпті дамытуға жұмсалған ақшаны желге шашудың, ескі автокөліктерді сырттан әкеліп, қалдықтан нарық ашудың қажеті жоқ. Утилизациялық немесе тіркеу алымы түпкі мақсат емес. Бастысы – тұтынушылар үшін автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникасының қолжетімділігін қамтамасыз ету. Өндірушілер мен дистрибьютерлер тарапынан әрекет болады деп сенемін», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Көпшіліктің тілеуі болар, осы жиында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов көліктер мен ауыл шаруашылығы техникаларын қайта өңдеу үшін утилизациялық алым мөлшерлемелерінің айтарлықтай төмендейтінін жеткізді. Қазіргі кезде осы бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

3 мың инвестициялық жобаны сүйемелдеу: Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

3 мың инвестициялық жобаны сүйемелдеу: Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

05.05.2026
«Жетісу» жеңіспен аяқтады

Мяо Ивэн: Қазақстанға қайта келемін

05.05.2026
Ширек ғасыр толайым табыс

Ширек ғасыр толайым табыс

05.05.2026
Елімізде алдағы күндері 36 градусқа дейін ыстық болады

Елімізде алдағы күндері 36 градусқа дейін ыстық болады

05.05.2026
Талдықорғанның жылу жүйесін жаңартуға Үкімет резервінен 5,7 млрд теңге бөлінеді

Талдықорғанның жылу жүйесін жаңартуға Үкімет резервінен 5,7 млрд теңге бөлінеді

05.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.