Талдықорған: +15°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ҚЫЛЫШЫН СҮЙРЕТІП ҚЫС КЕЛЕДІ: ОБЛЫСТА ОТЫН ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?

16.08.2021
ЭКОНОМИКА
ҚЫЛЫШЫН СҮЙРЕТІП ҚЫС КЕЛЕДІ: ОБЛЫСТА ОТЫН ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?
WhatsAppTelegramFacebook

Жаз аяқталып, күз мезгілі таяды. Көзді ашып-жұмғанша, қылышын сүйретіп, қыс та келеді. Ал біз оған әзірміз бе? Отын қоры жеткілікті ме? Ауыл-аймақта тұратындар қыста қысылып қалмай ма? Міне, осы мәселелерді тағы бір мәрте пысықтап алу үшін Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов салаға жауапты лауазымды тұлғалардың басын қосып, аудан, қала әкімдерімен селекторлық жиын өткізді. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі мәлімдеді.

Айта кетейік, алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары бұған дейін бірнеше мәрте пысықталған болатын. Қыста қапы қалмау мәселесі бұл жолы да бүге-шігесіне талқыланды. Көп ұзамай жаңа оқу жылы басталады. Осыған байланысты білім беру нысандарының күрделі жөндеу жұмыстары қалай жүруде? Білім ошақтары оқушыларды қабылдауға дайын ба? Жиын барысында бұл сұрақтар да егжей-тегжейлі қарастырылып, салаға жауапты лауазымды тұлғалардан жауап алынды.

Басқосуда, сондай-ақ, «Мүліктік меншік иелерінің бірлестігі» институтын енгізу жөніндегі реформаны жүзеге асыру жайы сараланып, санитарлық тазалық пен абаттандыру мәселесіне де назар аударылды. Тәжтажалға қарсы қолға алынып жатқан шаралар да сөз болды. Жылыту маусымына қатысты облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Абылқасымовтың баяндамасы тыңдалды.

Белгілі болғандай, аймақта қысқа дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Бүгінде бюджеттік ұйымдар үшін 5,6 млрд.теңгеге 26,1 млн.литр дизель отыны сатып алынып, соның 23 пайызы жеткізілген. Айта кетейік, сұйық отынды тасымалдау ісі Жамбыл, Кербұлақ, Көксу, Райымбек аудандарында баяу жүруде.

Жоғарыда аталған ұйымдар үшін 24 мың тонна көмір сатып алуға бюджеттен 699 миллион теңге қаражат бөлінген. Осыған дейін 32 пайызы сатып алынған. Ал тұрғындар үшін көмір қажеттілігі 1,37 млн. тоннаны құрайды. Бүгінгі күнге халыққа тек 374 мың тоннасы сатылса, 104,4 мың тоннасы қоймалар мен тұйықтарда тұр. Елге қатты отын дайындау ісінде кейбір өңірлер жоспардан қалып отыр. Олар – Ақсу, Балқаш, Іле, Қаратал, Кеген, Талғар, Ұйғыр аудандары.

Ал жылумен жабдықтау ұйымдарының алдындағы дебиторлық берешек 784,3 млн.теңгені құрайды. Оның ішінде, жеке тұлғалар – 235,6 млн.теңге, заңды тұлғалар – 396,3 млн.теңге, басқалары – 152,3 млн.теңгені құрайды. Жылумен жабдықтау ұйымдарының алдындағы негізгі дебиторлық берешек облыстың бюджеттік мекемелері мен жеке кәсіпкерлеріне жатады.

Бағлан Абылханұлының баяндамасында айтылғандай, «Геопортал» жүйесі арқылы анықталған стихиялық қоқыс үйінділері бойынша кемшіліктер облыстың барлық ауданында бар. Басым бөлігі Іле ауданының аумағында орналасқан. Осыған байланысты олар қоқыс үйінділерін нақтылау бойынша экология департаментімен бірлесе рейдке шығып, жұмыстар жүргізуде.

Бұдан соң облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жаңыл Сүлейменованың баяндамасы тыңдалды. Жаңыл Мағданқызының сөзінше, аймақтағы білім ошақтары санитарлық талаптарды сақтай отырып, жаңа оқу жылын қарсы алуға дайын. Ұстаздардың 92 пайызы екпе алып үлгерген. Жалпы, биыл мектептерді жаңғырту ісі талапқа сай жүруде. Сондай-ақ, жиында аймақтағы эпидемиологиялық ахуал да сөз болды. Белгілі болғандай, күн санап індеттің құрығына ілінгендердің қатары көбеюде. Ал бұдан қорғанудың бірден-бір жолы ­– екпе алу. Кейбір өңірлерде осы бойынша жұмыстар әлі де баяу жүруде. Соған байланысты қауіпті кесел өршіп тұр.

Жиында күн тәртібінде қаралған мәселелерге қатысты орын алған кемшіліктер бүге-шігесіне дейін талқыланып, себеп-салдары сұралды және оны жою жолдары қарастырылды. Соңында Лаззат Махатұлы қысқа дайындықты одан әрі күшейтіп, халықтың ерте кезден көмірмен қамтамасыз етілуін және бюджеттік сала нысандарына отынның уақытылы жеткізілуін бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ, энергия ұйымдарының алдында мерзімі өткен дебиторлық берешектерді өтеу бойынша іс-шаралар қабылдау, «геопортал» жүйесі арқылы анықталған стихилық қоқыс үйінділерін жою жұмыстарын күшейту, «Мүліктік меншік иелерінің бірлестігі» институтын енгізу жөніндегі реформаны жүзеге асыру ісін жандандыру жүктелді. Бұған қоса, әлеуметтік нысандардың жұмысын одан әрі ширату керектігіне назар аударылып, бұл бағыттағы шаруаны сапалы атқару міндеттелді.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

03.05.2026
Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.