Талдықорған: +3°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ҚЫЗМЕТ АЯСЫ КЕҢЕЙДІ

14 қыркүйек 2018
ЭКОНОМИКА
WhatsAppTelegramFacebook

 Кәсіпкерлер палатасында кезекті «Салық сағаты» өтті. Оған кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Санат Түсіпов, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бас мамандары Индира Әлкенова мен Шұғыла Қалибекова қатысып, кәсіпкерлерді қабылдады.

 

 Қабылдау кезінде кәсіпкерлер деректерді тіркеу немесе беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану, электронды шот-фактураларды шығару, сомадан тыс төленген салықтарды қайтару сияқты  сұрақтарды көтерді. Басқосу барысында кәсіпкерлерге деректерді тіркеу немесе беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануға енгізілген өзгерістер кеңінен түсіндірілді. Қазіргі таңда деректерді тіркеу немесе беру функциясы бар бақылау-касса машиналары 10 қызмет түрі үшін қолданылады.
     Олар – орман және құрылыс материалдарын, сантехникалық құрал-жабдықтарды көтерме саудалау, металл бұйымдарын, су құбыры және жылыту құралдары мен құрал-саймандарын көтерме саудалау, компьютер, шеттегі құрал-жабдықтар мен бағдарламалық қамтуды көтерме саудалау, аудио және бейнетехниканы, электрлі тұрмыстық құралдарды, жиһаз, жарықтандыратын жабдықтар және басқа да тұрмыстық бұйымдарды бөлшек саудалау, қонақүй, мейрамханалар мен азық-түлікті жеткізу, кинофильмдерді көрсету, шаштараз және сұлулық салоны қызметтері.
  Сарапшылардың айтуынша, биылғы 16 тамыздағы ҚР Қаржы министрінің №758 бұйрығына сәйкес, 1 қазаннан бастап тізімге келесідей 17 қызмет түрі қосылады. Олар – автокөліктер мен жеңіл автокөлік құралдарын сату, техникалық қызмет көрсету мен автокөлік құралдарын жөндеу, автокөліктерге арналған қосалқы бөлшектер мен құралдарды, сусындары, фармацевтикалық тауарларды, матадан жасалған, темір бұйымдарды, лак және бояу материалдары мен әйнекті, киім-кешектерді, сағаттар мен зергерлік әшекейлерді көтерме және бөлшек саудалау, ломбардтар, жылжымалы мүліктер бойынша операциялар жөніндегі агенттіктер қызметі, сыйақы немесе келісімшарт негізінде жылжымалы мүлікті басқару, жарнама агенттіктерінің, құмар ойындар мен бәс тігуді ұйымдастыру бойынша, уәкілетті ұйымдар жүзеге асыратын қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтер.
    Осылайша, 1 қазаннан бастап деректерді тіркеу немесе беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану 10 қызметтен 27-ге дейін артты.

 

Диас БЕЙСЕНБЕК,
облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы

Қатысты жаңалықтар

Елдіктің жаңа кезеңі

Елдіктің жаңа кезеңі

25 қазан 2026
Аманатқа адалдық

Аманатқа адалдық

25 қазан 2026
Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

25 қазан 2026
Тамыры терең Тәуелсіздік

Тамыры терең Тәуелсіздік

25 қазан 2026
Табысқа толы 9 ай

Табысқа толы 9 ай

25 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.