Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ӨЗІ ӨСІРІП, ӨЗІ ӨҢДЕЙДІ

29 қыркүйек 2024
ЭКОНОМИКА
ӨЗІ ӨСІРІП, ӨЗІ ӨҢДЕЙДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Бақшасына жеміс-жидек өсіріп, оларды өңдеумен айналысатын кәсіпкер Сарқан ауданында тұрады. Ол – Светлана Мұқашева.


Светлананың бүгінде тұрақты өз тұтынушылары бар. Олар табиғи өнімдерді молынан алады. Кәсіпкер жеміс-жидек отырғызып, оған уақытылы күтім көрсетеді. Сөйтіп, пісіп-жетілгендерін өңдеуден өткізіп, сатылымға шығарады. Оның мұндай кәсіппен айналысып келе жатқанына 10 жыл. Светлана Мұқашева 33 жыл бойы сауда саласында қызмет еткен. 

Бау-бақша өсірумен айналысқанды жаны сүйеді. Келіншектің сөзінше, жеміс-жидек түрлерінен тәтті тосап пен сусынның әр түрін әзірлейді. Оны ауылдастары жақсы біледі. Сондықтан болар, олар тапсырысты мол береді. 2013 жылы Светлана жеке кәсіп ашып, бақшасына еккен жемістерін өсіріп, өңдеуге кірісті.
– Кәсіпкерлігім бау-бақшаға алма, таңқурай, қаражидек, мүкжидек, бүлдірген сияқты жеміс түрлерін өсіруден басталды. Ол үшін топырақтың құнарлы, судың сапалы болуы өте маңызды. Сондай-ақ, жемістер ерекше күтіп-баптауды қажет етеді. Піскендерін қайта өңдеуден өткізіп, өнім жасаймын. Қазіргі кезде 7 түрлі тосап пен кептірілген жемістер дайындалады. Бастапқыда мұндай жұмыстың бәрі өз күшіммен атқарылатын. Кейіннен үйдегілер көмекке келді. Сөйтіп, бұл іс тұрақты табыс көзіне айнала бастағанда жұмысшылар жалдауға тура келді, – дейді кәсіпкер. 

Бүгінде «Мұқашева» жеке кәсіпкерлігінде 5 адам еңбек етеді. Өткен маусымда атқарылатын жұмыс көлемі артып, жалдамалы адам санын жиырмаға жеткізген. Светлананың «Бір ауыл – бір өнім» көрме жәрмеңкесіне қатысып келе жатқанына екінші жыл. Қазылар алқасы мүшелері оған тауарларын бренд комитет мүшелері алдында таныстыруға мүмкіндік берді. Іскер әйел алдағы уақытта кәсібін кеңейтуді көздеп отыр. Жұмыс қолмен атқарылатындықтан кәсіпкер жеміс-жидектерді өңдеу желісін іске қосуды жоспарлауда. 

Айта кетейік, Светлана Мұқашеваның өніміне тапсырыс Жетісу аймағынан ғана емес, Алматы қаласынан да келіп түседі. Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Дәурен Оңалбаев кәсіпкердің экологиялық таза әрі табиғи өнімдеріне деген сұраныстың өсіп келе жатқанын аңғара отырып, аграрлық секторды қалай табысты дамытуға болатынын атап көрсетті.

Айгүл БАЙЖҰМАҚЫЗЫ
Сарқан ауданы

Қатысты жаңалықтар

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Бүгін, 16:56
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Бүгін, 14:47
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Бүгін, 13:49
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

Бүгін, 12:45
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Бүгін, 12:43

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.