Талдықорған: +23°C
$ 517.45
€ 598.59
₽ 6.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ЖАҢА ТЕХНИКАМЕН ТОЛЫҚТЫ

26.08.2024
ЭКОНОМИКА
ЖАҢА ТЕХНИКАМЕН ТОЛЫҚТЫ

Агроөнеркәсіп кешенінің дамуы ауылшаруашылығы техникасының жағдайына тікелей байланысты. Бұл ретте Мемлекет басшысы ауылшаруашылығы техникаларын жыл сайын 8-10 пайызға жаңартып отыру қажеттігі туралы тапсырма берген болатын. Осыған орай Жетісу облысының шаруашылықтары мемлекет тарапынан жасалып отырған жеңілдіктерді пайдаланып, қаржы институттары арқылы жаңа техникалар сатып алуда. Солардың бірі Ескелді ауданындағы «Дюсенбинов А.К.» шаруа қожалығы «Қазақстанда жасалған» бағдарламасы арқылы автопаркін жаңа техникалармен толықтырды.


Облыстағы іргелі шаруашылық саналатын «Дюсенбинов А.К.» ШҚ 1998 жылдан бері аграрлық салада жемісті еңбек етіп келеді. Шаруашылық басшысы Айдын Дюсенбиновтің айтуынша, қосымша  «Қасымов» және «Демеуов» шаруа қожалықтарын құрып, 3 қожалық бірлесіп жұмыс істеуде. Олардың жалпы 1500 гектардай суармалы жері бар. Оның 400 гектарына қант қызылшасы, қалғанына масақты-дәнді және мал азығы дақылдары өсірілуде. Қожалықтардағы техниканың саны агрегаттарды есептемегенде 50-ден асады. «Дегенмен, оларды шетінен жаңартып отыру аса қажет», – дейді фермер. 

– Әкеміз бастаған шаруашылықтың тізгінін қолға алғалы жұртқа игілік, ауылдастарымызға өнеге болсақ деген ниетпен еңбектеніп келеміз. Кейінгі жылдары бізбен ниеттес «Қасымов», «Демеуов» шаруа қожалықтары құрылып тынысымыз ашыла түсті. Меншіктегі егіс алқабымыз бөлек болғанымен техниканы бірлесе қолданамыз», – дейді шаруа қожалығының жетекшісі.

Дегенмен, шаруашылықтың базасындағы агрегаттарды қоспағанның өзінде трактор, комбайн, тағы да басқа 50-ден аса техника қатар-қатар тізіліп тұр. Үш шаруашылықты қоса алғанда мұнда 50 адам тұрақты жұмыс істейді, ал маусымдық кезеңде жұмысшылар саны 100-ге жуықтайды. 

Ескі техника егіс жұмыстарын тұралатып, өнімділікті азайтады. Алайда кейінгі жылдары отандық өндірістің өркендеуі шаруалардың жаңа және қуатты техникалармен жабдықталып, жұмысты жетілдіруге дем берді. 

– Елімізде ауылшаруашылығы техникасын шығару ісі өркендеп келеді. Жеке қаражатымызбен сатып алуға қалтамыз көтермейтін «Buhler»  тракторы өзімізде құрастырыла бастады. Бұл техникаларды шетелден әкелу немесе нарықтан сатып алу үлкен қаржыны талап етеді. Оны кез келген шаруаның қалтасы көтере бермейтіні белгілі. «ҚазАгроҚаржы» АҚ Жетісу облыстық филиалының қолдауымен кепілсіз және 30 пайыз субсидиямен қоса есептегенде 10 жылға 6 пайызбен жеңілдетілген бағада «Buhler» маркалы 400 аттың күшіне тең тракторының екеуін  лизингке алып отырмыз. Бұл жұмысымызды оңайлата түсті, – дейді Айдын Қасымұлы.

Жаңа техника күрмеуі қиын талай мәселенің түйінін таратқанын шаруашылықтың егіс алқабына барғанда көрдік. Алқапта күздік бидай егудің қарбаласында жұмыс атқарып жатқан жұмыскерлердің көңілі көтеріңкі. 

– Жаңаның аты жаңа. Оның пайдасы мен тиімділігі мол. Ең алдымен жанармайды үнемдеуге септігі болса, ауа райы, мезгіл талғамай жұмыс істей беруге болады. Оның үстіне «Buhler» тракторына қосымша техниканың бәрін қосып, іске қосуға қолайлы. Соқаны іліп жер жыртып, сеялканы қосып дән себуге де ыңғайлы. Кабинасы заманауи құрылғылармен жабдықталғандықтан шаң-тозаңға малынып, ыстықта күйіп, суықта тоңбайсың.  Отандық өнім болғандықтан бөлшектері де тез табылады. Қазір күздік бидай егетін жерді дайындап жатырмыз. Күніне 40-50 гектар жер жыртамыз. Өзімізге тиесілі жерді жыртып болған соң басқа шаруашылықтардың жұмысына көмектесеміз, – дейді техниканың тілін тапқан Арғынбай Кенжебаев.

Жалпы «ҚазАгроҚаржы» АҚ ұсынған бағдарламалар шаруаның қажетіне қарай кез келген техниканы сатып алуға мүмкіндік береді. Сол қатарда отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған «Қазақстанда жасалған» бағдарламасы бар. Бұл елімізде жасалған немесе жинақталған ауылшаруашылығы техникасына лизинг беруді қаржыландыруды көздейді.

– «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның облыста филиалын ашқалы шаруалар 6 мыңға жуық жаңа техникамен қамтамасыз етілді. Бүгінде облыстағы мыңға жуық қожалық бізбен бірлесе жұмыс атқарады. Биыл ауылшаруашылығын қолдау мақсатында аймаққа 6,5 млрд. теңге қаржы бөлініп еді. Алайда бірінші жартыжылдықта 7,5 млрд. теңге қаржы игеріліп, жоспар артығымен орындалды Қосымша 1,2 млрд. теңгеге сұраныс жібердік, – дейді «ҚазАгроҚаржы» АҚ Жетісу облыстық филиалының директоры Талғат Мамырбаев.

Жалпы Жетісу облысында ауыл- шаруашылығы техникаларының саны 22500-ден асса, өткен 7 айдың ішінде өңірдегі ауылшаруашылығы тауар өндірушілері жалпы құны 9,1 млрд. теңге болатын 664 бірлік жаңа техниканы «ҚазАгроҚаржы» және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы, сондай-ақ, өз қаражаттарына сатып алған. 

Ауылшаруашылығы саласындағы кәсіпкерлер үшін жоғарыда аталған бағдарлама қолжетімді. Өтініш білдірген және тиісті талапқа сай келген ұйымдар қаржыландыру мүмкіндігіне ие болады. 

Қажет АНДАС
 

Қатысты жаңалықтар

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ «J LEAGUE» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ «J LEAGUE» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

17.06.2025
Қытай тарапынан шынайы қызығушылық байқалады

Қытай тарапынан шынайы қызығушылық байқалады

17.06.2025
Туризм – достық көпірі: Қазақстан мен Қытай байланысының жаңа белесі

Туризм – достық көпірі: Қазақстан мен Қытай байланысының жаңа белесі

17.06.2025
Қытаймен экономикалық әріптестік Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік

Қытаймен экономикалық әріптестік Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік

17.06.2025
Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

17.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.