Талдықорған: +20°C
$ 461.37
€ 542.16
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ЖАЛАҚЫНЫ КӨТЕРУ БАҚЫЛАНАДЫ

19.11.2018
ЭКОНОМИКА
WhatsAppTelegramFacebook

   Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны бір жарым есеге, яғни, 28 мың теңгеден 42 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен алынған ақпаратқа сәйкес облыста 125 мың  910  жұмыскерден тұратын 51578 кәсіпорын бар. Мұның ішінде келесі жылдан бастап облыстағы жұмысшылар саны 250-ден асатын 84 мемлекеттік, 54 жекеменшік кәсіпорын еңбекақыны көтеруді қолға алмақшы. Алдын ала болжам бойынша, бұл кәсіпорындардағы 113903 жұмысшының 36591-і 42,5 мың теңгеден төмен жалақы алады.  

 

   Бүгінде облыста жалақыны арттыру бойынша жол картасы бекітілді. Ондағы іс-шаралар жоспарына сәйкес тізімдегі кәсіпорындарға мониторинг жүргізу арқылы ең төменгі санаттағы жұмыскерлердің еңбекақысын көтеруге байланысты ұжымдық шарттарға, жұмыс берушілердің актілеріне және еңбек шарттарына өзгерістер енгізу, жұмыс берушілерге ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Сонымен қатар, жұмысшылардың жалақысын көтеру жөнінде әкімдік, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және ірі кәсіпорындар арасында төрт жақты меморандумға қол қою жоспарлануда. 
Жол картасы бойынша аудан, қалаларда атқарылған жұмыстардың нәтижесін жинақтау үшін мәліметтер әр аптаның бейсенбі күні облыстық еңбек инспекциясына ұсынылуы керек. 16 қараша күнгі ақпаратқа жүгінсек, облыстық еңбек инспекциясымен 137 кәсіпорынның 19 мың 821 жұмыскердің еңбекақысын өсіруге қатысты келісімге келгені  белгілі болды. Жалпы еңбекақысы өсуге тиісті 36591 жұмысшының  әрбірімен жұмыс жүргізілуі керек. Жыл аяқталуға бір жарым ай уақыт қалды. Демек, жұмысты ширата түскен жөн. 
   Осыған орай  жұмысты жүйелі жүргізу үшін облыстық еңбек инспекциясы облыс әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашовқа хат жолдап, аудан, қала әкімдері салалық кәсіподақ өкілдерімен, Атамекен кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалымен бірлесіп, орта және шағын кәсіпорын жұмыскерлерінің жалақысын көтеру бойынша штаб құру жөнінде хат жолдады.  
   Аталмыш хатта аудан, қала әкімдіктерінің жаңадан ұжымдық шарттар жасау және жалақыны көтеру жөнінде бұрын қабылданған ұжымдық шарттарға өзгерістер енгізу мақсатында жұмыс жүргізу жолдары да көрсетілген. Сонымен қатар, ұжымдық шарттары жоқ кәсіпорындар да жалақыны көтеру бойынша жұмыс берушінің актілеріне өзгерістер енгізу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуге міндеттелген.

Қ. ОМАРАҚЫН 

Қатысты жаңалықтар

Салық өзгерістері: Тұлғалар ескерер түйткілдер

Салық өзгерістері: Тұлғалар ескерер түйткілдер

23.04.2026
Қазақстанда ақылы жолдар саны көбейеді

Қазақстанда ақылы жолдар саны көбейеді

23.04.2026
Елде ауа райы құбылады: жауын-шашын жауып, күн суытады

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

23.04.2026
Чернобыль ардагерлеріне құрмет

Чернобыль ардагерлеріне құрмет

23.04.2026
Қазақстанда орташа жалақы қалай есептелмек: Еңбек министрлігінің жаңа ұсынысы

Қазақстанда орташа жалақы қалай есептелмек: Еңбек министрлігінің жаңа ұсынысы

23.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.