Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Жер тынысы – еңбекте

25.07.2026
ӘЛЕУМЕТ, КҮНДЕРЕК, ЭКОНОМИКА
Жер тынысы – еңбекте
WhatsAppTelegramFacebook

Ауыл – ел экономикасының ғана емес, мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігі мен стратегиялық тұрақтылығының тірегі. Сондықтан агроөнеркәсіп кешенін дамыту бүгінде мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналды.

Климаттың өзгеруі, су тапшылығы, өндіріс шығындарының өсуі және әлемдік нарықтағы бәсекенің күшеюі ауыл шаруашылығына жаңа талаптар қойып отыр. Мұндай жағдайда өнім көлемін арттыру ғана жеткіліксіз. Ең бастысы – суды үнемдеу, өндірісті цифрландыру, қайта өңдеу саласын дамыту және еңбек өнімділігін көтеру. Осы міндеттердің өңірлерде қалай жүзеге асып жатқанын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың Жетісу облысына жасаған жұмыс сапары айқын көрсетті. Министр су үнемдеу технологиялары енгізілген егістіктерді аралап, қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмысымен танысып, егін орағының барысын көріп, шаруалармен жүздесті. Сапар барысында көтерілген мәселенің барлығы ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыруға бағытталды.

Алғашқы нысан – «АгроХолдинг Жетісу» ЖШС. Мұнда Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан су үнемдеу жобасы таныстырылды. Шаруашылықта 1454 гектар жерге жоңышқа, арпа, жүгері және күнбағыс егілген. Соның 1,4 мың гектардан астамында жаңбырлатып суару жүйесі жұмыс істейді. Заманауи технология су шығынын азайтып қана қоймай, егістіктің өнімділігін де арттырып отыр.

Министр қазіргі таңда су ресурстарын тиімді пайдалану ауыл шаруашылығының басты міндеттерінің біріне айналғанын айтты.

– Заманауи су үнемдеу технологиялары ауыл шаруашылығының тұрақты дамуының негізі. Мемлекет бұл бағыттағы қолдауды жалғастыра береді. Әрбір инвестиция нақты нәтижеге жұмыс істеуі керек, – деген Айдарбек Сапаров суармалы егіншілікті дамыту алдағы жылдары да мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып қала беретінін айтты.

Бұнан соң Көксу ауданындағы «Уыз Май Industry» май экстракциялау зауытының жұмысы таныстырылды. Соңғы жылдары өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге ерекше көңіл бөлініп келеді. Бұл бағыт дайын өнім көлемін арттырып қана қоймай, экспорттық әлеуетті күшейтуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын тәулігіне 300 тоннаға дейін майлы дақыл өңдей алады. Жылдық жобалық қуаты 80 мың тонна. Мұнда өндірілетін соя майы мен жоғары ақуызды соя күнжарасы ішкі нарықпен қатар шетелге де экспортталады. Алайда зауыт басшылығы өндірістің басты мәселесі ретінде шикізат тапшылығын атады.

– Жобалық қуатымыз жоғары болғанымен шикізаттың жеткіліксіздігінен өндірістік мүмкіндіктің жартысына жуығын ғана пайдаланып отырмыз. Соған қарамастан өніміміз ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие, – деді кәсіпорын директоры Дмитрий Деренюк.

Министр қайта өңдеу өнеркәсібі агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын маңызды буын екенін айтты.

Келесі нысан – Ескелді ауданындағы «Хильниченко және К» командиттік серіктестігі. Ғасырға жуық тарихы бар шаруашылық бүгінгі күні де өндірістегі жаңашылдықтың үлгісін көрсетіп отыр.

Егін орағы қызған шақта барған министр күздік бидайдың өнімділігімен танысты. Биыл шаруашылық 2014 гектар жерге күздік бидай еккен. Оның 1400 гектардан астамы жиналып, орташа өнім гектарына 24,4 центнерді құрады.

Шаруашылық төрағасының орынбасары Александр Викторович бұл көрсеткіштің артында ұзақ жылғы тәжірибе мен жүйелі жаңғырту тұрғанын айтты.
– Техника паркі толық жаңартылды. Заманауи комбайндар үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Ең бастысы – тәжірибелі мамандардың еңбегі. Сондықтан науқанды сапалы аяқтаймыз деп сенеміз, – деді ол.

Бүгінде серіктестікте 438 адам тұрақты еңбек етеді. Мұнда ауыспалы егіс жүйесі енгізіліп, жердің құнарын сақтау мен еңбек өнімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінген.

Министрдің айтуынша, ауыл шаруашылығы ғылым мен технологияға сүйенгенде ғана бәсекеге қабілетті болады.

Сапар Ескелді ауданындағы «Нам» шаруа қожалығында жалғасты. Бұл шаруашылық цифрлық технологияларды ауыл шаруашылығына енгізудің нақты үлгісін көрсетіп отыр. Қожалықтың 850 гектар суармалы жерінің 238 гектарына қант қызылшасы егілген. Жалпы құны 240 миллион теңге болатын инвестициялық жоба аясында жерасты тамшылатып суару жүйесі орнатылған.

Алқаптағы цифрлық датчиктер топырақтың ылғалын, ауа райының өзгерісін және басқа да көрсеткіштерді тәулік бойы бақылап, суару көлемін автоматты түрде реттейді. Сонымен қатар фертигация технологиясы қолданылып, тыңайтқыш су арқылы дәл мөлшерде беріледі.

– Суды үнемдеу – бүгінгі күннің ғана емес, болашақтың талабы. Әрбір үнемделген су қоры ертеңгі өнімнің кепілі, – деді министр.

Жұмыс сапарының маңызды бөлігі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесуде жалғасты. Шаруалар өздерін толғандырған мәселелерді ашық айтып, ұсыныстарын жеткізді.

Ескелді ауданына екі жыл бұрын қоныс аударған Самат Баймұханов мемлекеттік бағдарламаларға қатысу кезінде туындаған қиындықтарды айтты. Оның сөзінше, барлық талапқа сәйкес келгенімен жеке меншігіндегі жердің болмауы жобаны жүзеге асыруға кедергі келтіріп отыр. Министр бұл мәселені заң аясында қарастыруды тапсырып, жұмыс істеймін деген азаматтарға қолдау көрсетудің маңызын ерекше атап өтті. Сонымен қатар шаруаларға күзгі дала жұмыстары үшін жылдық 5 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие қарастырылғанын айтты.

Кездесуде қант қызылшасын өсірушілерді алаңдатқан тағы бір мәселе көтерілді. «Нам» шаруа қожалығының төрағасы Герман Николаевич «2028 жылдан кейін мемлекеттік қолдау сақтала ма?» – деген сауал қойды. Министр бұл бағыттағы саясаттың өзгермейтінін жеткізді.

– Қант қызылшасы – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы бар дақыл. Сондықтан бұл саланы қолдау жалғаса береді, – деді Айдарбек Сапаров.
Жұмыс сапары Талдықорған қаласының Еркін ауылдық округіндегі ветеринариялық пунктпен танысумен аяқталды. Мұнда министр ветеринариялық қызметтің материалдық-техникалық базасын көріп, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, эпизоотиялық ахуалды бақылау және профилактикалық іс-шаралардың орындалу барысымен танысты.

Бүгінде мал шаруашылығын дамытуда ветеринариялық қауіпсіздікке қойылатын талап та күшейіп келеді. Сондықтан мал ауруының алдын алу, уақытылы вакцинация жүргізу, ветеринариялық есепті цифрландыру және мал басын толық сәйкестендіру – саланың тұрақты дамуының негізгі шарттарының бірі.

Айдарбек Сапаров жауапты мамандарға ветеринариялық бақылауды күшейтіп, профилактикалық жұмыстардың сапасын арттыруды тапсырды.

– Ветеринариялық қауіпсіздік – азық-түлік қауіпсіздігінің ажырамас бөлігі. Сондықтан эпизоотиялық ахуалды тұрақты бақылауда ұстап, алдын алу шараларын уақытылы әрі сапалы жүргізу қажет. Әрбір ауыл шаруашылығы жануары толық сәйкестендіріліп, ветеринариялық бақылаудан тыс қалмауы тиіс, – деді министр.

Оның айтуынша, бұл бағыттағы жүйелі жұмыс ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, қазақстандық өнімнің экспорттық әлеуетін арттыруға да мүмкіндік береді.

Жетісуда өткен бұл жұмыс сапары аймақтағы агроөнеркәсіп кешенінің бүгінгі мүмкіндігін ғана емес, оның алдағы даму бағытын да айқындады. Су үнемдеу технологиялары, цифрландыру, қайта өңдеу өндірісі, жеңілдетілген қаржыландыру және ғылымға негізделген өндіріс, мұның бәрі ауыл шаруашылығының жаңа кезеңге қадам басқанын көрсетеді.

Ең бастысы, сапар барысында айтылған әрбір ұсыныстың өзегінде еңбек адамы тұрды. Себебі жердің берекесін арттыратын да, өндірісті өркендететін де маңдай терімен еңбек етіп жүрген шаруа. Ал мемлекет сол еңбекке нақты қолдау көрсете алған жерде ауылдың да, ел экономикасының да болашағы берік болмақ.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Мамандар миға ең зиян азық-түліктерді атады

Мамандар миға ең зиян азық-түліктерді атады

25.07.2026
Жер тынысы – еңбекте

Жер тынысы – еңбекте

25.07.2026
Әлемнің жарығын сыйлаған

Әлемнің жарығын сыйлаған

25.07.2026
Алакөлге баруға 5 себеп

Алакөлге баруға 5 себеп

25.07.2026
Черновик

Кімдер тегін скринингтен өте алады? – ДСМ түсіндірді

25.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.