2024 жылғы қаңтар — желтоқсанында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 3% өсіммен 435,2 млрд. теңгені құрады.
2025 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін 478,2 млрд. теңгеге, нақты индекс көлемін – 103,3% жеткізуге жоспарланды.
2024 жылы АӨК субъектілерін қолдауға облыста
40,0 млрд.теңге бюджет қаражаты бағытталды, оның ішінде субсидиялар – 28,3 млрд. теңге (70,8%).
2024 жылғы қаңтар-қараша айларында 35,0 млн. АҚШ долларына (81,9 мың тонна) АӨК өнімі, оның ішінде 25,9 млн. АҚШ долларына (48,7 мың тонна) қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімі шетелге экспортталды.
Шикізаттық емес экспорттың үлесі артып келеді,
ауыл шаруашылығының өңделген өнімінің экспортталған үлесі 74,1% құрады. Ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 65% құраған.
«Ірі жобалар» бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражатқа 3 978 га жерге су үнемдеу технологиясын енгізу бойынша 5 жоба жоспарланған.
Аталған жобалардың 3 бойынша 1,4 млрд. теңгеге несие берілді. Қалған 2 жобаның қажетті құжаттары жинақталуда.
Егін шаруашылығында 2024 жылы ауыл шаруашылығы егіс алқаптары 510,1 мың гектарды құрады, оның ішінде: дәнді дақылдар 294,2 мың га (масақты-дәнді дақылдар – 252,0 мың га (бидай – 98,3 мың га, арпа – 152,0 мың га, басқалары – 1,7 мың га), күріш – 1,2 мың га, дәндік жүгері – 41,1 мың га), майлы дақылдар 88,5 мың га (май бұршақ – 71,7 мың га, күнбағыс – 12,2 мың га, сафлор – 4,3 мың га, зығыр – 0,26 мың га), картоп 6,5 мың га, қант қызылшасы – 13,7 мың га, көкөніс-бақша дақылдары 8,7 мың га.
Егіс алқаптарын әртараптандыру нәтижесінде (диверсификация посевов) бидай 1,3 мың га, арпа 13,3 мың га, дәндік жүгері 16 мың га, картоп 5,4 мың га, көкөніс-бақша дақылдары 0,6 мың гектарға қысқарса, майлы дақылдар
7,9 мың га, қант қызылшасы 5,5 мың га, мал азығы дақылдары
14,4 мың гектарға ұлғайды.
Жалпы 57,7 мың тонна тұқым себіліп (дәнді – 33,4 мың тн, майлы – 10,1 мың тн, картоп – 13,4 мың тн, азықтық – 0,8 мың тн.), элиталық тұқым үлесі 2,6% жеткізілді.
2024 жылы жедел деректерге сәйкес 872,1 мың тонна астық бастырылды (бидай — 225,3 мың тн, арпа — 348,4 мың тн, сұлы — 1,2 мың тн, күріш – 3,9 мың тн, жүгері – 291,6 мың тн, басқалары – 1,7 мың тн), гектар өнімділігі 29,6 центнерден айналды (2023 жылы – 27,7 ц/га).
Сонымен қатар 195,0 мың тонна майлы дақылдар
(88,6 мың га, орташа өнімділігі – 22,0 ц/га), 132,1 мың тонна картоп (6,5 мың га, орташа өнімділігі – 202,6 ц/га), 221,5 мың тонна көкөніс (7,2 мың га, орташа өнімділігі – 308,7 ц/га), 44,7 мың тонна бақша дақылдары (1,5 мың га, орташа өнімділігі – 297,4 ц/га) жиналды.
Облыста қант саласын дамыту бойынша ағымдағы жылы қант қызылшасы 13,7 мың гектарға егілді, жоспар 119,1% орындалды (жоспар – 11,5 мың га), жалпы 635 мың тонна өнім алынып 90 мың тонна қант (қамыс – 27 мың тонна, қызылша – 63 мың тонна) өндіру жоспарлануда (2023ж. – 63 мың тонна).
2025 жылы егіс алқабы 12,2 мың гектарды құрайды,
550 мың тонна қызылша жиналып, 90 мың тонна қант өндіріледі, оның ішінде 30 мың тонна қамыс құрағынан және 60 мың тонна қант қызылшасынан.
Бүгінгі таңда облыста қант қызылшасы бағытындағы
25 сервистік-дайындау орталығы жұмыс істейді, олар
442 бірлік техникамен қамтылған, оның сегізі 2024 жылы
2,5 млрд. теңгеге 5 ауданда (Сарқан – 3 СДО, Ақсу – 2 СДО, Алакөл – 1 СДО, Көксу – 1 СДО, Қаратал – 1 СДО) жаңадан құрылып,
62 бірлік техникасы шаруашылықтарға лизингке берілді (сепкіштер-28, жапырақ жинау машиналары – 15, комбайндар-19).
2025 жылы ауыл шаруашылығы егіс алқаптары 510,7 мың гектарды құрайды, оның ішінде: дәнді дақылдар – 295,3 мың га (бидай – 98,6 мың га, арпа – 154,4 мың га, басқалары – 1 мың га), күріш – 1,2 мың га, дәндік жүгері – 40,1 мың га), майлы дақылдар
89,7 мың га (май бұршақ – 69,2 мың га, күнбағыс – 12,7 мың га, сафлор – 7,4 мың га, зығыр – 0,26 мың га, басқалар – 0,05 мың га),
картоп 6,8 мың га, қант қызылшасы – 12,2 мың га, көкөніс-бақша дақылдары 8,9 мың га, мал азызы – 97,3 мың га.
Су шаруашылығында жалпы құны 35,6 млрд. теңгеге
11 су шаруашылығы нысандарының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде 5 нысанның (2,1 млрд. теңге) құрылыс жұмыстары аяқталды (Кербұлақ ауданы — Матай – 196,2 млн. тн / 500 га, Еңкөл/Аралтөбе 1,8 млн. м3 / 3000 га,
Сарқан ауданы-Тәуке-10,5 км/211 га, Ащылы-Озек-7,6 км/1110 га, Қаратал ауданының ұзындығы 178 км. құрайтын 63 ішкі каналдарға механикалық тазалау жұмыстары (168 млн.теңге).
Сонымен қатар 6 нысанның құрылыс (31,7 млрд. теңге) жұмыстары жалғасуда (Ислам даму банкі қаражаты есебінен — 2: Аксу ауданы-6,3 млн.теңге/ 11 548 га және Көксу ауданы — 7,8 млн.теңге/6800 га; Республикалық бюджет қаражаты есебінен — 2: Қаратал ауданы — 4,1 млн.теңге/ 5950 га, Қызылағаш суару массиві 8,9 млн.теңге/5300 га; Жергілікті бюджет қаражаты есебінен — 2 жоба: Талдықорған қаласы 3,9 млн.теңге/6147 га, Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ тоғаны 686,7 млн.теңге/450 га).
Бүгінгі күні жалпы сыйымдылығы 162 млн.текше метр болатын жаңа 8 су қоймаларын салу бойынша техникалық-экономикалық негіздемелер әзірленуде (ЖСҚ :«Покатиловка» — 80 млн.м3/12,0 мың,га (инвестордың өз қаражаты есебінен әзірленуде), ТЭН: «Балықты» — 5 млн.м3,/1,5 мың га, «Бүйен» — 22 млн.м3/5,0 мың га, «Быжы» — 15 млн.м3/10,0 мың га, «Қорғас» — 10 млн.м3/14,1 мың га, «Тышқан» — 10 млн.м3/6,7 мың га, «Өсек» — 15 млн.м3/21,8 мың га, «Жаманты» — 5 млн.м3/4,0 мың га).
Оның ішінде 72 млн.текше метрді құрайтын 5 су қойманың («Бүйен» — 22 млн.м3/5,0 мың га, «Быжы»-15 млн.м3/10,0 мың га, «Қорғас»-10 млн.м3/14,1 мың га, «Тышқан»-10 млн.м3/6,7 мың га, «Өсек»-15 млн.м3/21,8 мың га) техникалық-экономикалық негіздемелері әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде.
90 млн.текше метр болатын 3 су қойманың
(ЖСҚ: «Покатиловка» — 80 млн.м3/12,0 мың га, «Балықты» — 5 млн.м3/1,5 мың га, «Жаманты»-5 млн.м3/4,0 мың га) техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу жалғасуда, аяқтау мерзімі
2025 жылға жоспарланған.
Нәтижесінде алдағы бес жылда облыста 45 мың гектар жерді сумен қамтылуы жақсарып, 24 мың гектарды айналымға қайта енгізіліп, 5,3 мың гектар жаңа жерлер қосылады.
Сонымен бірге су үнемдеу технологиясын енгізу жұмыстары жүргізілуде, 2024 жылға дейін 9,3 мың га (2,5 мың га – тамшылатып суару, 6,8 мың га – жаңбырлатып суару) енгізілген. 2024 жылы аталмыш технология 17,2 мың гектарға енгізіліп (тамшылатып суару – 6,1 мың га, жаңбырлатып суару – 11,1 мың га), жалпы алаңы 26,5 мың гектарды құрады.
Талдықорған қаласының индустриялды аумағында жылдық қуаттылығы 110 бірлікті құрайтын «BNK irrigation» жаңбырлатып суғару қондырғыларын шығаратын шағын заводының (цех) құрылыс жұмыстары аяқталды. Кәсіпорынды іске қосу ағымдағы жылдың ақпан айына жоспарланып отыр.
Мал шаруашылығында 2024 жылдың нәтижесі бойынша облыста 488,7 мың бас ІҚМ (128,6%), 1,6 млн.бас ұсақ мал (105,3%), 206,5 мың бас жылқы (109,1%), 2,2 мың бас түйе (125,2%) және 1,9 млн. бас құс (94,2%) бар.
2024 жылы 110,2 мың тонна ет (103,3%), 216,4 мың тонна сүт (102,5%) және 329,8 млн.дана жұмыртқа (96,6%) өндірілді.
Бүгінгі күні облыс аумағында 25,8 мың басқа арналған
71 бордақылау алаңы және 8,2 мың басқа арналған 36 сүт фермасы жұмыс істейді.
Инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша
2024 жылы 2,4 млрд.теңгеге 6 жоба жүзеге асырылды, оның ішінде «Ералы» ЖК 200 басқа арналған мал бордақылау алаңы, «NК» ЖК 100 тонна сүт өңдеу цехы ашылып,
«Гладиус Қаратал» ЖШС 100 гектарға арналған су үнемдеу технологиясы енгізілді, «ТАУ САМАЛ ЛТД» ЖШС
473 басқа тауарлы-сүт фермасы, «Тәуелсіздік» ЖШС
203 басқа тауарлы-сүт фермасы, «Тастөбе Агро Фуд» ЖШС 366 басқа тауарлы-сүт фермасы кеңейтілді.
Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тираждау аясында 2024 жылы бөлінген жалпы құны 7 млрд. теңгеге
3978 гектарға арналған су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша 5 инвестициялық жобаның іске қосылуы асырылады. Бүгінгі күнге 3 жоба 1,4 млрд. теңгеге қаржыландырылды (Панфилов ауданы «Коктал Агро» ЖШС 387 га, Кербұлақ ауданы «Агрохолдинг Жетісу» ЖШС 2603 га, Алакөл ауданы «Архарлы Майбүйрек» ЖШС 640 га, Ескелді ауданы «Нам» ШҚ 48 га, Қаратал ауданы «Текели Agro Servis» ЖШС 300 га).
Ағымдағы жылға 14,2 млрд. теңге қарастырылды, соның есебінен 5 жоба жүзеге асыру жоспарлануда.
Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін
120 кәсіпорын жұмыс жасайды, 2024 жылы 82,9 млрд.теңгеге азық-түлік тауарлары өндірілді, нақты индекс көлемі 116%
құрады (2023ж. – 89 млрд. теңге, НИК – 100,8%).
Фото: gov.kz