Талдықорған: +19°C
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ АЛҚАБЫН ҮШ ЕСЕ ҰЛҒАЙТУ ЖОСПАРЛАНДЫ

12.06.2024
ЭКОНОМИКА
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ АЛҚАБЫН ҮШ ЕСЕ ҰЛҒАЙТУ ЖОСПАРЛАНДЫ

Бүгінде қызылша ең жоғары маржиналды дақылдардың біріне айналды


Биылдың өзінде облыста 12,6 мың га жерге қант қызылшасы егілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2,6 мың гектарға артық. 2026 жылға қарай егістік алқаптарын 15 мың га дейін жеткізу жоспарланған, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 3,6 есе артық.

11 маусымда вице-премьер Серік Жұманғарин Жетісу облысына жұмыс сапары аясында егіс науқанының қорытындыларымен және шегірткеге қарсы күрес барысымен танысты. 

Бүгінгі таңда құнарлы жерлерімен танымал аймақ егіс алқаптарын белсенді түрде кеңейтуде. Мұнда көктемгі егіс жұмыстары толық аяқталды: 432,5 мың га жаздық дақылдар, 309,3 мың га дәнді дақылдар, 90,4 мың га майлы дақылдар, 12,6 мың га қант қызылшасы және басқа да дақылдар егілді.

Жалпы биыл облыста 2 млн тонна өнім жинау жоспарлануда. Оның ішінде тек қант қызылшасы – 550 мың тонна (2023 жылы – 370 мың тонна).

Шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу 109 мың га алаңда жоспарланған. Италиялық прусқа қарсы 21,6 мың га өңделді. Өідеу жұмысына 17 бірлік жерүсті техникасы және ауыл шаруашылығы авиациясының 4 ұшағы тартылған. Аумақты зерттеумен 136 ерікті және 76 маман айналысып жатыр.

Серік Жұманғарин қант қызылшасы себілген «Хильниченко және К» коммандиттік серіктестігінің (КС) егіс алқабын тексерді. Кәсіпорын дәнді және бұршақты дақылдарды өсіруге маманданған, мал шаруашылығымен айналысады. Өңделетін жердің жалпы ауданы – 11 000 гектар, оның 264 гектары – суармалы учаскелер. Негізгі дақылдар: қант қызылшасы, соя, дәнді және жемшөп дақылдары. КС Басқарма төрағасының орынбасары Александр Хильниченконың айтуынша, мемлекет қолдауының арқасында олар қызылша саласын іс жүзінде қайта дамытуға қол жеткізе алды.

«Былтыр облыс бойынша орташа өнім гектарына 450 центнер қант қызылшасы болса, біздің шаруашылықта өнімділік гектарына 700 центнерді құрады. Биыл біздің шаруашылық қант қызылшасының егіс алқабын тағы 100 гектарға ұлғайтты. Біз өткен жылдан кем емес өнім аламыз деп күтіп отырмыз», – дейді фермер.

Серік Жұманғарин егістік басында өңірдің аграршыларымен кездесіп, оларға ауыл шаруашылығындағы мемлекетті қолдау шаралары туралы баяндады. Атап айтқанда, қант қызылшасын өндіруді қолдау жөнінде тоқталды.

«Бүгінде қызылша өсіру өте тиімді. Өткен жылы біз қант қызылшасы тұқымын субсидиялау нормативтерін және өңдеуге тапсырылған қызылша көлемі үшін килограмына 15 теңгеден 25 теңгеге дейін арттырдық. Зауыттар сатып алу бағасын 15 теңгеге дейін көтерді. Осылайша, бір тонна қант қызылшасының жалпы құны 40 мың теңгені құрады. Гектарына 500 центнер өнімділікпен фермердің табысы шамамен 2 млн теңгені құрайды. Бүгінде қызылша – ең жоғары маржиналды дақыл», — деп атап өтті вице-премьер.

Кездесу барысында фермерлердің бірі соя дақылын сатып алу құны төмен екенін жеткізді. 

«Биыл ауыспалы егісте сояның көлемі үлкен. 10 жыл бұрын бізде сояны килограмына 180 теңгеден қабылдайтын, бірақ сол кезде трактордың құны 4 миллион теңге болатын. Қазір сатып алу бағасы өзгерген жоқ, ал тракторлардың құны бірнеше есе қымбат. Сояны шетелге қалай жібереміз?», — деп сұрады ол.

Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрлігіне ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп Қытайға соя экспортының мүмкіндіктерін пысықтауды тапсырды. 

Сондай-ақ Жетісуға жұмыс сапарының бірінші күні вице-премьер салынып жатқан көкөніс қоймасына және Ірі жоба бойынша жеңілдетілген несиенің арқасында өндіріс көлемін арттыратын, роботтандырылған сауу жүйесін енгізетін тауарлы-сүт фермасына барды. 

Серік Жұманғарин сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша бизнесті бастаған шағын кәсіпкерлердің және отандық биологиялық таза тыңайтқыштар өндірушілердің өнімдерімен танысты.

Қатысты жаңалықтар

Президент ІІ-ші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

Президент ІІ-ші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

20.06.2025
Қазақстан садақ атудан Азия кубогының финалына шықты

Қазақстан садақ атудан Азия кубогының финалына шықты

20.06.2025
Ұшақта авиарежимді неге міндетті түрде қосу керек?

Ұшақта авиарежимді неге міндетті түрде қосу керек?

20.06.2025
Тұрақты ауыл шаруашылығы: органикалық және көміртекті егіншілікті дамыту

Тұрақты ауыл шаруашылығы: органикалық және көміртекті егіншілікті дамыту

20.06.2025
Жетісу облысында сегіз жаңа су қоймасы салынады

Жетісу облысында сегіз жаңа су қоймасы салынады

20.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.