Талдықорған: +19°C
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Жетісу облысының туристік әлеуетін дамыту үшін Балқаш жағалауына инженерлік инфрақұрылым тартыла бастады

28.08.2024
ЭКОНОМИКА
Жетісу облысының туристік әлеуетін дамыту үшін Балқаш жағалауына инженерлік инфрақұрылым тартыла бастады

Жетісу облысында Балқаш жағалауына инженерлік жүйелерді тарту жұмыстары басталды. Қазіргі кезде Балқаш жағалауында бір маусымда шамамен 50 мыңнан астам адам демалса, туристік-рекреациялық аймақты дамыту жоспары жүзеге асырылып, жағалау инфрақұрылыммен қамтамасыз етілгеннен кейін демалушылар саны 450 мың адамнан асады, ал жақын елді мекен тұрғындары үшін екі мыңға жуық жұмыс орны ашылады деген жоспар бар.

Жетісу облысы – туристік әлеуеті зор аймақ. Соның ішінде Сарқан ауданында тау туризмі мен Балқаш көлінің жағалауын дамытуға барлық мүмкіндіктер бар.

Бүгінгі күні «Балқаш жағалауына туристік-рекреациялық демалыс аймағының инженерлік-коммуникациялық желісін салу» жобасы іске асырыла бастады. Құны 7,4 млрд. теңгеден асатын бұл жобаға республикалық бюджеттен биыл 2,2 млрд. теңге бөлінді.

«Сапа Құрылыс 2007» ЖШС жүзеге асырып жатқан жобада қарастырылған бағытыттың бірі – жағалауды ауыз сумен қамту. Бұл ретте су Лепсі өзенінен тартылады. Бүгінгі күнге жалпы тартылуы тиіс 31,8 шақырымның 24,8 шақырымына су құбыры жүргізілді. Оған қоса 2-ші көтергіштің су сорғысы бар су тазарту станциясының құрылысы басталды, бұл станцияның тәуліктік қуаты 500 м3 болады. Сонымен бірге 4 резервуар салу жұмыстары жүріп жатыр, олардың екеуінің жеке қуаты 300 м3, тағы екеуінің жеке қуаты 150 м.3 болмақ.

Кәріз жүйесінің де құрылысы басталды, барлығы 16 шақырымға тартылуы тиіс кәріз жүйесінің 8 шақырымына траншея қазылып, оның 2 шақырымына құбыр төселді. Сонымен бірге кәріз суларын тазартатын, қуаты тәулігіне 470 текше метр болатын 2 станция салынады.

Жобада электр желісін жүргізу жұмыстары да қарастырылған. «17 шақырымдық электр тарату магистралды желісінің бойына 164 бағана орнатылды,  қажетті кабельдер мен жиынтықтар дайындалды. Оған қоса қуаты 6,3 МВт болатын 35/10 Қосалқы станция салу жоспарланған. Қазір қосалқы станцияны іске қосуға керекті құрал-жабдықтар сатып алынып, Шымкент зауытынан жеткізілуде. Сөйтіп электр таратудың магистралды желісін орнату мен негізгі қосалқы станцияның құрылысын қыркүйектің соңына дейін аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Бұдан соң 28 транформаторлық подстанция жиынтығы орнатылады, соның 25-і тұтынушылардың қажеттілігі үшін жағалауға қойылады, — деді мердігер компания басшысының орынбасары Имаммахмұт Шағырбаев.   

Атап өтсек, Балқаш көлі жағалауының инфрақұрылымын дамыту халықтың сапалы демалысына ғана емес, кәсіпкерлердің бизнес жүргізуіне және жергілікті  тұрғындарының жұмыспен қамтылуына оң ықпалын тигізеді деп межеленген.

Жалпы Лепсі ауылында 3700-ден астам адам тұрады. Солардың бірі жоғары оқу орнын бітіріп, жуырда туған жеріне оралған жас маман Төлеген Әлпейісов:

— І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетін бітіргеннен кейін қалада қалып жұмыс істеуіме мүмкіндік болды. Бірақ Балқаш жағалауын дамытудың жоспарын көрген соң бірден ауылға оралдым. Осындағы Ушинский атындағы мектепте мұғалім болып жұмыс істеймін. Қазір достарымызбен бірге туризм бағытында өз бизнес жоспарымызды әзірлеп жатырмыз. Алдағы уақытта арманымыз жүзеге асады деген ойдамын, — дейді.  

Еске салсақ, Балқашқа апаратын «Молалы-Лепсі-Ақтоғай» учаскесіндегі 105 шақырымының құрылысы мен абаттандыру жұмыстары толығымын келесі туристік мерзім басталғанға дейін аяқталып, қолданысқа беріледі, ал биылғы жылдың аяғына қарай төменгі жабынымен автокөлік құралдары үшін ашылады.  Бұл ретте Лепсі ауылынан Балқаш көлінің жағалауына дейінгі 27 шақырым автокөлік жолының қайта жаңғырту жұмысы аяқталып, іске қосылған.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қатысты жаңалықтар

Президент ІІ-ші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

Президент ІІ-ші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

20.06.2025
Қазақстан садақ атудан Азия кубогының финалына шықты

Қазақстан садақ атудан Азия кубогының финалына шықты

20.06.2025
Ұшақта авиарежимді неге міндетті түрде қосу керек?

Ұшақта авиарежимді неге міндетті түрде қосу керек?

20.06.2025
Тұрақты ауыл шаруашылығы: органикалық және көміртекті егіншілікті дамыту

Тұрақты ауыл шаруашылығы: органикалық және көміртекті егіншілікті дамыту

20.06.2025
Жетісу облысында сегіз жаңа су қоймасы салынады

Жетісу облысында сегіз жаңа су қоймасы салынады

20.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.