Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Жетісуда себілген жүгерінің шамамен 74% Панфилов ауданына тиесілі

17 қазан 2024
ЭКОНОМИКА
Жетісуда себілген жүгерінің шамамен 74% Панфилов ауданына тиесілі
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының Панфилов ауданы жүгері дақылының өлкесі, облыстағы жүгерінің шамамен 74% осы аймаққа тиесілі, мұнда 2 мыңнан астам фермер жүгері өсірумен айналысады.

Осы орайда кейбір шаруа қожалықтары ылғал сақтау технологиясын қолдану мен агротехнологияны сақтау нәтижесінде әр гектардан 150 центнерден өнім алуда. Бұл туралы аудан тұрғындарымен кездесуі кезінде жүгері шаруашылығын дамыту мәселесіне тоқталған облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

— Жүгері дақылының төңірегіндегі өткен жылғы кездесуде өздеріңіз көтерген екі мәселе шешімін тапты. Атап айтсам, Алмалы ауылындағы қырман бюджет қаржысына жөнделіп, қолданысқа берілді. Екінші, алынған өнімді терең өңдеуге өткізетін шаруашылықтарға тоннасына төленетін субсидияның көлемі 6 мың теңгеден жергілікті бюджет есебінен 10 мың теңгеге дейін ұлғайтылды, — деді Бейбіт Исабаев.   

Белгілі болғандай, биыл ауданда 170 мың тонна жүгері жинау жоспарланған. «Жаркент крахмал-сірне» зауыты былтыр 80 мың тонна жүгері қабылдаса, биыл 100 мың тонна қабылдауды межелеп отыр. Бүгінгі күнге зауыт 40 мың тонна қабылдаған. Жалпы облыстағы өсірілген жүгеріні 4 кәсіпорын — «Жаркент крахмал-сірне» зауыты, «АзияАгроФуд» зауыты, «Уыз Май Индастри» және «Астық Халық Экспо» серіктестіктері қабылдайды.

Қазіргі уақытта Панфилов ауданында себілген 23,4 гектар жүгерінің

62%, яғни 14,6 мың гектары жиналып, 101 мың тонна өнім алынды. Мұндағы гектар өнімділігі басқа өңірлерге қарағанда едәуір жоғары, ауданда бұл көрсеткіш 72 центнерді құрап отыр.

Фото: gov.kz

Қатысты жаңалықтар

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Бүгін, 16:56
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Бүгін, 14:47
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Бүгін, 13:49
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

Бүгін, 12:45
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Бүгін, 12:43

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.