Талдықорған: +20°C
$ 488.59
€ 564.37
₽ 6.79
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Жетісуда жыл басынан бері 664 бірлік жаңа ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды

27.08.2024
ЭКОНОМИКА
Жетісуда жыл басынан бері 664 бірлік жаңа ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды
WhatsAppTelegramFacebook

 

Агроөнеркәсіп кешенінің дамуы ауыл шаруашылығы техникасының жағдайына тікелей байланысты. Бұл ретте Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы техникаларын жыл сайын 8-10%-ға жаңартып отыру қажеттігі туралы тапсырма берген болатын. Осыған орай Жетісу облысының шаруашылықтары мемлекет тарапынан жасалып отырған жеңілдіктерді пайдаланып, қаржы институттары арқылы жаңа техникалар сатып алуда. Солардың бірі Ескелді ауданындағы «Дюсенбинов А.К.» шаруа қожалығы «Қазақстанда жасалған» бағдарламасы арқылы автопаркін жаңа техникалармен толықтырды.

Облыстағы іргелі шаруашылық саналатын «Дюсенбинов А.К.» ШҚ 1998 жылдан бері аграрлық салада жемісті еңбек етіп келеді. Шаруашылық басшысы Айдын Дүйсенбиновтің айтуынша, қосымша  «Қасымов» және «Демеуов» шаруа қожалықтарын құрып, үш қожалық бірлесіп жұміс істеуде. Олардың жалпы 1500 гектардай суармалы жері бар. Оның 400 гектарына қант қызылшасын, қалғанына масақты-дәнді және мал азығы дақылдарын өсірілуде. Қожалықтардағы техниканың саны агрегаттарды есептемегенде 50-ден асады. Дегенмен оларды шетінен жаңартып отыру аса қажет дейді фермер.

— Биыл мемлекеттік қолдаудың арқасында «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы жылына 6 пайыздық үстемемен елімізде құрастырылатын «Buhler» маркалы 400 аттың күшіне тең трактордың екеуін сатып алдық. Егер шетелде шығатын техниканы алған болсақ, ол бізге аса қымбатқа түсетін еді. Отандық техниканы сатып алғанымыз үшін Үкімет біздің шығынымыздың 30 пайызын субсидиялап отыр. Алғашқы жарнасын бірден төлемейтініміз де біз үшін үлкен жеңілдік болды, оны тек желтоқсан айында төлеп, келесі жылдан негізгі қарызды өтей бастаймыз. Бұл бағдарламаның тағы бір ерекшелігі, бізден кепілдік сұрамайды. Шаруа қожалықтары үшін кепілге мүлік табу қиын. Бұл бағдарламада сатып алынып отырған техниканың өзін кепіл ретінде қояды. Қазір сатып алынған екі трактордың біреуі бір аптадан бері алқапта жұмысқа тартылған. Екіншісінің соқасын реттеп, күзде жер жыртқанға дайындап отырмыз, — дейді Айдын Дүйсенбинов.

Бұдан бөлек шаруашылықтар гербицидке, жанар-жағармайға, қызылша тұқымына мемлекеттен субсидия түрінде жеңілдіктер алып отыр. Осындай қолдаудың және агротехнологиялық талаптарды сақтаудың арқасында  былтыр «Дюсембинов А.К.» шаруа қожалығы қант қызылшасы алқабынан орташа шығымы 800 центнерден өнім жинаған. Биыл да өнімділік осы шамада болады деп күтілуде.

Үш шаруашылықты қоса алғанда, мұнда 50 адам тұрақты жұмыс істейді, ал маусымдық кезеңде жұмысшылар саны 100-ге жуықтайды.

Қаржы институтының өкілдері ауыл шаруа­шы­лығының техникаларын жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік беретін бірқатар бағ­дарламалар бар екенін, соның ішінде отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған «Қазақстанда жасалған» бағдар­ламасы бар екенін айтты. Бұл — елімізде жасалған немесе жинақталған ауыл шаруа­шылығы техникасына лизинг беруді қаржыландыруды көздейтін бағдарлама.

– Облыста филиал ашқалы шаруалар 6 мыңға жуық жаңа техникамен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік берді. Бүгінде олыстағы мыңға жуық қожалық бізбен бірлесе жұмыс атқарады. Биыл ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында аймаққа 6,5 млрд.теңге қаржы бөлініп еді. Дегенмен бірінші жартыжылдықта 7,5 млрд. теңге қаржы игеріліп, жоспар артығымен орындалды. Қосымша 1,2 млрд. теңгеге сұраныс жібердік, – дейді «Қазагроқаржы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Талғат Мамырбаев.

Жалпы Жетісу облысында ауыл шаруашылығы техникаларының саны 22500-ден асса, өткен 7 айдың ішінде өңірдегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жалпы құны 9,1 млрд. теңге болатын 664 бірлік жаңа техниканы «ҚазАгроҚаржы» және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-лары арқылы, сондай-ақ өз қаражаттарына сатып алған.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қатысты жаңалықтар

Қарымта ойында шешіледі

Ресми. «Жетісу» Бірінші лигада ойнайды

10.06.2026
Жетісулықтар болашақ ұрпақтың экологиялық қауіпсіздігі үшін бұлақтарды тазартты

Жетісулықтар болашақ ұрпақтың экологиялық қауіпсіздігі үшін бұлақтарды тазартты

10.06.2026
Елімізде неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімі құрылады

Елімізде неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімі құрылады

10.06.2026
Бірлікті нығайтқан өнер

Бірлікті нығайтқан өнер

10.06.2026
Елімізде жаңа өнеркәсіп пен туристік жобалар іске қосылады

Елімізде жаңа өнеркәсіп пен туристік жобалар іске қосылады

10.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.