Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ЖҮГЕРІ ШЫҒЫМЫ ЖОҒАРЫ

11 шілде 2024
ЭКОНОМИКА
ЖҮГЕРІ ШЫҒЫМЫ ЖОҒАРЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жаркент өңірінің тұрғындары үшін көктемде жерге соқа салып, «дала аруының» тұқымын сеуіп болған соң егінін баппен өсірудің басты тауқыметі таудан келер қар суының молдығына байланысты. 


Маусым айының соңғы аптасы мен шілде айының басы ыстық болды. Бұл таудағы қардың мол еріп, өзен суының толығуына оң ықпалын тигізді. Ертелі-кеш аспанды қара бұлт торлап, әлсін-әлсін жаңбыр да себелеп өтеді. Алайда диқан қауымы «жеті күнгі жаңбырдан, желіп ішкен су артық» деп егістігін таудан келер өзен суымен суаруға ниетті. Өткен жылға қарағанда, биыл тау өзенінің суы мол. Осындай ылғал мол жылы жаркенттіктердің төл дақылына айналған жүгерінің егіс көлемі жылдағыдан кеміген жоқ. Өңірде жалпы 23 899 гектар жерге өсірілген «дала аруының» шығымы жақсы. 

«Қазсушар» ММ-нің Панфилов аудандық филиалы өндірістік учаскесі мұраптарының ұйымшылдықпен атқарған тынымсыз қарекетінің нәтижесінде шаруалар егін суаратын суды тиімді пайдалануда. Өңір жүгерішілері шілде айының соңына дейін дақылдың алғашқы суын әрең беріп үлгірсе, биыл 10 мың гектардан аса алқап толық суарылып, 3 мың гектар жүгеріні екі мәрте суаруға қол жеткізілді. Егін суару жұмысы Үш- арал, Үлкеншыған, Бірлік, Басқұншы және Пенжім ауылдық округтерінде қарқынды жүруде. Өңірде биыл 3 гектар алқапқа қант қызылшасының тұқымдық сұрыптары себіліп, арамшөпке қарсы химиялық өңдеу, шөптеу, тыңайтқыш беру мен суару істері толық атқарылды. Жүгері де химиялық өңдеуден өтіп, 19 350 гектары шөптеліп, 22 589 гектар алқабына минералды тыңайтқыш берілді.

Ауданда қыс пен көктемгі мал төлдету науқанына жалпы 85 380 тонна шөп, 23 600 тонна жоңышқа, 23 000 тонна сүрлем, 28 900 тонна сабан, 14 000 тонна пішендеме және 39 200 тонна жүгері жемін дайындау қажет. Өңірде жалпы 470 мал қыстауы бар. Дайындалған мал азығының 80 пайызы сол қыстауларға жеткізіліп, жиналады. Қазір пішендеме межесі толық орындалып, 70 мың тоннадан аса көпжылдық шөп әзірленді.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ
Панфилов ауданы
 

Қатысты жаңалықтар

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

26 қараша 2026
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

26 қараша 2026
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

26 қараша 2026
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

26 қараша 2026
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

26 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.