Талдықорған: +9°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Ескелді ауданында 6 айда қылмыс төмендеген

3 тамыз 2026
ЖАҢАЛЫҚТАР, ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
ІІМ Telegram арнадағы жаңа алаяқтық тәсіл туралы ескертті

ЖИ

WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Ескелді ауданында ауқымды профилактикалық және үйлестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудандағы құқық бұзу 17,2 пайызға төмендеді. Биылғы жылдың алты айының қорытындысы бойынша көрсеткіш 99-дан 82-ге азайды, оның ішінде қылмыстар 77-ден 68-ге, ал теріс қылықтар 22-ден 14-ке қысқарды. Адам өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және тонау сияқты аса ауыр қылмыстар мүлдем тіркелген жоқ. Сонымен қатар жалпы алаяқтық, масаң күйде және отбасылық-тұрмыстық салада жасалатын заң бұзу азайды.

Құқық қорғау органдарының басты ұстанымы – салдарымен күресу емес, қылмыстың алдын алу. Осы мақсатта ауданның 11 ауылдық округінде халықпен, пробация есебіндегі және тәуекел тобындағы азаматтармен жүйелі кездесулер өтті. Сотталғандарды қоғамға бейімдеу үшін «Пробация үйі» жобасы жүзеге асып, Мансап орталығымен бірлесіп жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау шаралары қолға алынды. Бұл жөнінде Ескелді ауданы прокуратурасының прокуроры, 1-ші санаттағы юрист Иманасип Қорабаев айтты.

Оң нәтижемен қатар, мал ұрлығы, интернет-алаяқтық және көлік қылмыстарының өсімі байқалып отыр. Аталған бағыттар прокуратураның ерекше бақылауында. Мал ұрлығы бойынша барлық іс сотқа жолданып, жәбірленушілердің шығыны толық қайтарылды. Ал интернет-алаяқтыққа қарсы тұрғындарға жеке деректері мен СМС-кодтарын бөгде адамдарға бермеу қажеттігі түсіндірілуде.

Заңдылықты сақтау және азаматтар мен мемлекет мүддесін қорғау бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылды. Қадағалау актілерінің нәтижесінде 1 138 кәсіпкердің құқығы қорғалып, пайдаланылмай жатқан 1 310 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Сондай-ақ еңбек құқықтары қорғалып, 392 педагог арнайы қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілді, ал балалар арасындағы суицидтің алдын алу шараларының арқасында бұл бағытта ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ.

Ескелді ауданының прокуратурасы қоғамда қауіпсіз әрі әділетті орта қалыптастыру жұмыстарын әрі қарай да жүйелі түрде жалғастырады және кез келген заңсыздық фактісі бойынша азаматтарды прокуратура органдарына еркін жүгінуге шақырады.

«Жетісу-Ақпарат»

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

4 қараша 2026
Жолдау жүктеген міндет

Жолдау жүктеген міндет

4 қараша 2026
Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

4 қараша 2026
Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

4 қараша 2026
Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

4 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.