№138 сайлау учаскесінде 100 жасқа толған ақсақал, Нұрмахан Тазабеков саяси науқанда өз таңдауын жасады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
1926 жылы Елтай ауылдық округіне қарасты Қаражиде ауылы дүниеге келген қария, Ата Заңның маңыздылығын терең түсініп, Референдумға бейжай қарамайтынын тілге тиек етті. Ақсақал тыл ардагері, ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен.
9 баладан 18 немере, 14 шөбере сүйген ақсақал қарттығына қарамастан еліміздегі әр саяси оқиғада белсенділік танытады.
Атамыз жастарға үлгі болып, мемлекеттің іргесін нығайту бағытындағы өзгерістерге қатысуға тырысады, – дейді, референдум учаскесінің мүшелері.






