Талдықорған: +22°C
$ 461.37
€ 542.16
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ІЗГІЛІК ІЗІ

Әкеге қарап өскен ұл

«Мен сүйікті Отанымыздың игілігі үшін барлық салада табысты еңбек етіп жүрген мықты азаматтар туралы мәліметтерді көбінесе газеттерден аламын». ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ

23.04.2026
ІЗГІЛІК ІЗІ, ӘЛЕУМЕТ
Әкеге қарап өскен ұл

Жұмабай МҰСАБЕКОВ

WhatsAppTelegramFacebook

Ауыл шаруашылығын дамыту – ел экономикасының маңызды бағыттарының бірі. Бүгінде бұл салада еңбек етіп, туған жерінің түтінін түтетіп жүрген жастарды көргенде көңілге қуаныш ұялайды. Өйткені қазір көп азамат атакәсіппен айналысуды емес, қалаға кетіп, мол табысқа кенелуді ойлайды. Ал Жанама ауылының тұрғыны Ернар ҚҰТТЫБЕК әке жолын жалғап, егін шаруашылығының өркендеуіне біркісідей атсалысып жүр. 

АУЫЛ тіршілігінің негізі – еңбек. Ал сол еңбектің бүгінгі бет-бейнесін айқындап тұрған – шаруалар. Көктемнің шуағы төгіліп, жер аяғы кеңіген шақта ауылдықтар белсенді іске кірісіп, жұмысты қыздыра түседі. Дәл осындай қарбалас шақта біз трактор тізгініне отырып, дала төсін дүбірге бөлеп бара жатқан шаруа адамы Ернар Бекенұлын кездестірдік. Ол таңғы шық кеппей жатып егістік басына асығып, күн ұясына батқанша дала төсінде тыным таппай жер жыртып, дән сеуіп, маусымдық науқанның бел ортасында жүрген Ернар Құттыбектің еңбегі – ауыл шаруашылығы саласындағы мыңдаған еңбеккердің күнделікті тіршілігінің көрінісі.

ЕҢБЕК иесінің негізгі мамандығы бағдарламашы. Айтуынша, төзімің жетсе, ауылда отырып-ақ табыс табуға болады. Оның әр күні тынымсыз тірлікпен өтеді. Таңғы сағат алты. Көпшілік үшін бұл әлі ұйқының уақыты болуы мүмкін. Ал шаруа адамы үшін – ең қызу шақтың бастауы. Ол күннің райын бағамдап, желдің бағыты мен топырақтың ылғалдылығын ескеріп, бүгінгі жұмыс жоспарын ойша пысықтайды. Таңғы ас – асығыс, бар ойы – алқапта. Себебі, ауыл шаруашылығында уақытты өткізіп алу – шығынға жол берумен тең. Сағат жеті-сегіз шамасында техника гүрілі даланы жаңғырыққа бөлейді. Трактор тізгіндеген еңбек иесі жер жыртып, тұқым сеуіп немесе күтім жұмыстарымен айналысады. Бұл тек ауыр еңбек емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік. Әрбір шешім өнім сапасына тікелей әсер етеді. Қай жерге қандай дақыл егу, тыңайтқыш мөлшерін белгілеу, ауыспалы егістік жүйесін сақтау – мұның бәрі білім мен тәжірибені талап етеді.

ТҮСКІ уақыт – аз ғана үзіліс. Көлеңкеде отырып ішілген қарапайым ас пен бір кесе шай – күш-қуаттың көзі. Бірақ, ой бәрібір дала төсінде. Ауа райы бұзыла ма, техника дұрыс істеп тұр ма, жұмыс уақытылы аяқтала ма? Бұл ауыл адамына тән үздіксіз жауапкершілік сезімі. Күн еңкейген шақта да жұмыс аяқтала қоймайды. Кешкілік техника тексеріліп, ертеңгі күнге дайындық жүргізіледі. Диқан үшін бұл ертеңгі өнімнің кепілі. Үйге қайтқанда шаршау болғанымен, оның орнын ішкі қанағат сезімі басады. Себебі, еңбегінің нәтижесін нақты көреді. Ол көктеп келе жатқан дән, өңделген жер, атқарылған іс.

ШАРУА – тек еңбек адамы ғана емес, ол – жаңа технологияны меңгерген, нарық заңдылықтарын түсінетін, ауыл болашағын ойлайтын тұлға. Бүгінгі жас диқандар заманауи техникаларды игеріп, өнімділікті арттыру жолында ізденіп жүр. Бұл ауыл шаруашылығының жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқанын көрсетеді. Сараптамалық тұрғыдан қарағанда, жас диқанның белсенділігі – ел экономикасының маңызды көрсеткіші. Олар ауылда қалып, еңбек етуді таңдауы арқылы урбанизацияның біржақты үдерісіне тосқауыл қойып, өңірлік дамуға серпін береді.

Қорыта айтқанда, оның бір күні тынымсыз еңбек, саналы шешім және үлкен үміт. Ал сол үміт – ауылдың, елдің болашағына деген сенім.

– Әкем бізге еңбектің қадірін бала кезімізден үйретті. Ол әрдайым адал іс атқарсаң ғана табысқа жететінімізді түсіндірді. Сол тәрбиенің арқасында ерте кезден жұмысқа араластым, қиындықтан қашпай, әр істі жауапкершілікпен атқару керек екенін ұқтым. Қазір өз кәсібімді жүргізіп, егін шаруашылығымен айналысып жүргенім – әкемнің берген тәрбиесінің жемісі. Қазір сол кісінің ісін жалғастырып келе жатқанымыз – біз үшін үлкен қуаныш әрі мақтаныш. Мен де өз балаларыма еңбектің наны тәтті болатынын түсіндіріп, оларды адал, еңбекқор етіп тәрбиелеуге тырысамын.

ҰЯДА НЕ КӨРСЕҢ…

ЕРНАР бұл іске кездейсоқ келмепті. Бала кезінен әкесінің істеп жүрген шаруаларын көріп, шаруаға жақын болып өскен. Бүгінде атакәсіпті жалғастырып, отбасылық істі жаңа деңгейге көтеруге күш салып келеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген аталы сөз текке айтылмаса керек. Шаруашылықта негізгі бағыт – егін егу. Сондықтан, ол заманауи технологияларды енгізуге ерекше мән береді. Соның арқасында өнім көлемін арттырып, сапасын жақсартуды ойлайды. Осылайша тек дәстүрлі тәсілдермен шектелмей, жаңашыл әдістерді де тиімді пайдаланып келеді.

ДИҚАН еңбегі тек жеке іс емес, отбасылық бірліктің көрінісі. Осыдан 30 жыл бұрын ірегетасы қаланған шаруашылықтағы 80 гектар жердің 50 гектары суармалы, қалғаны жайылымдық жер. Бұл жерлерге жоңышқа, майбұршақ, жүгері және бақшалық дақылдар егіледі. Шаруа қыс кезінде де бос жатпайды. Ірі қараны бордақылап, етке өткізеді. Бұл жұмыстарды жүргізуге көбіне әкесі Бекен Кәрсенбаев пен ағасы Елзат Құттыбек қолдау көрсетеді. Үлкендер тәжірибесімен бөліссе, жас буын тың идеялар ұсынып, істі жаңаша бағытта дамытуға күш салады. Осындай ұрпақтар сабақтастығы – ауыл тіршілігінің берік негізі.

КӨКТЕМ шыға сала бұл отбасы егістік басынан табылады. Жер жырту, тұқым себу, техника дайындау – бәрі бірлескен еңбекпен атқарылады. Жаз айларында егісті күтіп-баптау жұмыстары жалғасса, күзде орақ науқаны қыза түседі. Әрбір кезеңде ұйымшылдық пен жауапкершілік ерекше рөл атқарады. Кәсіпкер ауыл жастарын да осы салаға бет бұруға шақырады. Оның пікірінше, ауылда мүмкіндік көп, тек соны дұрыс пайдалана білу керек.

БАЙЛЫҒЫ – БАЛАЛАРЫ

ШАРУАШЫЛЫҚТА қиындықтар да жоқ емес. Ауа райының құбылмалығы, техника мен жанармай шығындары кейде жұмысты қиындатады. Дегенмен, отбасының бірлігі мен тәжірибесі бұл кедергілерді еңсеруге мүмкіндік береді. Бүгінде мұндай еңбекқор отбасылар – ауылдың тірегі. Олар тек өз шаруашылығын дамытып қана қоймай, елдің азық-түлік қауіпсіздігіне де үлес қосады. Осындай бірліктің арқасында ауыл еңбегі өркендеп, ата кәсіп өз жалғасын табуда. Өмірінің қайнаған шағында өз орнын тапқан жас шаруа Айару, Айерке, Аяна, Әмірхан, Әділхан атты балалардың әкесі.

КӨПБАЛАЛЫ әке үшін әр күн – жай ғана жұмыс күні емес, отбасының ертеңі үшін күрес. Таң атпай тұрып, егістікке бет алған сайын әр дәнді тек жерге емес, балаларының болашағына сеуіп жатқандай көрінеді. Оның маңдай тері отбасының нәпақасы, адал еңбектің белгісі. Үйде бала күтімімен отырған зайыбы Жұлдыз – ең үлкен тірегі. Өйткені, балалардың тәрбиесі мен үйдің берекесін ұстап отыр. Ал әке болса, сырттағы ауыр еңбекті мойнына алған.

ОСЫЛАЙША отбасы ішінде өзара түсіністік пен жауапкершілік үйлесім тапқан. Сондықтан, оның байлығы – жинаған дүниесі емес, өсіп келе жатқан ұрпағы. Солардың амандығы мен болашағы үшін ол күн сайын тынымсыз еңбек етеді. Бұл ауылдағы қарапайым, бірақ мағынасы терең өмірдің көрінісі.

ЕРНАРДЫҢ ПАЙЫМЫ:

  • ТӨЗІМІҢ жетсе, ауылда отырып-ақ табыс табуға болады.
  • ЖАҢА технологияны меңгерсең, нәтижесін көрсетеді.
  • КӨКТЕМГІ науқан – жыл бойғы өнімнің негізін қалайды.

P.S. Ауыл жастарының егіншілікке бет бұруы көңіл қуантады. Бұған мемлекеттік қолдау бағдарламалары, жеңілдетілген несие мен техника алу мүмкіндіктері әсер етіп отыр. Дегенмен, салада шешімін күткен мәселелер де жоқ емес. Атап айтқанда, жанар-жағармай бағасының тұрақсыздығы, техника тапшылығы және климаттық тәуекелдер шаруалардың жұмысын күрделендіреді. Ал Ернар секілді еңбекқор жастар осы қиындықтарға қарамастан ауылда қалып, өз кәсібін дамытуға бел буып отыр. Бұл – ауыл экономикасының тірегі саналатын аграрлық сектордың болашағы бар екенін көрсетеді. Мұндай мысалдар ауылдағы еңбекке деген көзқарасты өзгертіп, жас буынға үлгі болары сөзсіз. Ал осы істің басында жүрген Ернар Құттыбек сияқты диқанның еңбегі – әрқашан құрметке лайық.

 

Айгүл БАЙБОСЫНОВА
Жанама ауылы,
Алакөл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Ұлт тарихын көтерген ұлы есім

Ұлт тарихын көтерген ұлы есім

23.04.2026
Әкеге қарап өскен ұл

Әкеге қарап өскен ұл

23.04.2026
Алименттен қашқан әке көп

Алименттен қашқан әке көп

23.04.2026
Қырық түп жеміс ағашы егілді

Қырық түп жеміс ағашы егілді

23.04.2026
Туризм әлеуеті  жоғары бағаланды

Туризм әлеуеті жоғары бағаланды

23.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.