Талдықорған: +21°C
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемгі дала жұмыстары. Шаруаларға барлық жағдай жасалған

31.03.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Көктемгі дала жұмыстары. Шаруаларға барлық жағдай жасалған
WhatsAppTelegramFacebook

Диқандар үшін жауапты кезең басталды. Жетісу облысында Текелі қаласынан басқа, барлық аудандарда көктемгі дала жұмыстары қарқын алды. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 511,8 мың гектарды құрап отыр. Оның ішінде дәнді дақылдар 286,7 мың гектарға, майлы дақылдар 105,4 мың гектарға, ал қант қызылшасы 13 мың гектарға егілмек. Егіс алқаптарын әртараптандыру шеңберінде биыл дәндік жүгері 5,2 мың гектарға, ал қант қызылшасы 708 гектарға артты.

Бұл жөнінде Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйіне арнайы келген Жетісу облысының ауыл шаруашылғы басқармасы басшысының орынбасары Бақтияр Шампиковпен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Жетісу облысындағы филиалдың директоры Қайрат Әлімқұлов айтты. Спикерлердің сөзінде науқанның сәтті өтуіне техника сақадай сай. Бүгінде 20,3 мың техника жөндеуден өтіп, далаға шықты. Қазіргі таңда 29 мың гектар жер жыртылды. Бүгінге дейін 5 мың гектардан астам алқапқа бидай, арпа, мақсары және көпжылдық шөптер себілді. Шаруаларға қажетті 51,9 мың тонна жаздық дақылдардың тұқымы толық көлемде дайындалып, зертханалық тексеруден өтуде.

Мемлекет тарапынан болатын қолдау да ерекше. Тұқымдарды субсидиялауға 1 миллиард 566 миллион теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 512 миллион теңгеге артық. Сондай-ақ, пестицидтерге 750 миллион теңге қарастырылған. Шаруалардың минералды тыңайтқыштарға қолжетімділігін арттыру үшін биылдан бастап «аванстық субсидиялау» тетігі іске қосылды. Бұл жүйе бойынша диқандар зауыт бағасының тек жартысын ғана төлейді, қалған бөлігін мемлекет тікелей зауытқа аударады.

Аймақ үшін стратегиялық маңызы бар қант қызылшасын себу жұмыстарын 5 сәуірден бастап, 10 мамырға дейін аяқтау жоспарланған. Зауыттардың жұмысын ерте бастау мақсатында биыл 1,9 мың гектарға ерте пісетін 120 күндік «Авантаж» сорты егілмек. Бұл қызылшаны 10 қыркүйектен бастап қабылдауға мүмкіндік береді.

Қаржылық қолдау бағытында «Кең дала» бағдарламасы бойынша 10,8 миллиард теңге бөлініп, бүгінге дейін 240 шаруашылық 7,3 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды. Ал «ҚазАгроҚаржы» арқылы техника паркін жаңартуға 15 миллиард теңге қарастырылып, алғашқы 53 техника сатып алынды. Дизель отыны бойынша да мәселе шешілген: наурыз айына бөлінген отын кестеге сай таратылуда. Осылайша, облыста көктемгі егіс науқанын сапалы әрі уақытылы өткізу үшін барлық жағдай жасалған.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Көктемгі дала жұмыстары. Шаруаларға барлық жағдай жасалған

Көктемгі дала жұмыстары. Шаруаларға барлық жағдай жасалған

31.03.2026
Қараталда бордақылау алаңы салынады

Қараталда бордақылау алаңы салынады

31.03.2026
Ауылдан шыққан чемпион Анталиядан алтын алды

Ауылдан шыққан чемпион Анталиядан алтын алды

31.03.2026
Онкологтар тегін кеңес берді

Онкологтар тегін кеңес берді

31.03.2026
Жаслан Мәдиев: 2026 жылы ұшқышсыз көлік пен дрон жеткізу пилоты басталады

Жаслан Мәдиев: 2026 жылы ұшқышсыз көлік пен дрон жеткізу пилоты басталады

31.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.