«Қазгидромет» РМК 10 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялап, елдің басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болатынын хабарлады. Бірқатар өңірлерде жаңбыр, найзағай, қатты жел, бұршақ, шаңды дауыл және жоғары өрт қаупі сақталады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Қарағанды облысының шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр және найзағай болады. Күндіз батыс, солтүстік және орталық бөліктерінде желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді. Өңірдің бір бөлігінде төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысы мен орталығында тұман түседі. Ақтауда түнгі және таңғы уақытта тұман болады.
Алматы облысының батысында, тау бөктері мен таулы аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Желдің екпіні 18-23 м/с дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Алматы қаласында өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Қонаев қаласында қатты ыстық пен күшейген жел тіркеледі.
Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, кей аумақтарда қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болады. Кей жерлерде тұман түседі.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аймақтарында өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Солтүстік бөлігінде шаңды дауыл тіркеледі. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Жетісу облысының шығысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында жаңбыр мен найзағай болады. Күндіз ауа температурасы 35-36 градусқа дейін көтеріледі.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының бірқатар аумақтарында жаңбыр, найзағай және желдің күшеюі байқалады.
Қызылорда облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай, дауыл және шаңды жел болады. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында күн ысып, ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Сонымен қатар найзағай мен желдің күшеюі байқалады. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, дауыл және бұршақ болады. Кей аумақтарда жел екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.
Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел болады. Кей жерлерде нөсер жаңбыр өтеді.
Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел тіркеледі. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.
Жамбыл облысының оңтүстігі, шығысы және таулы бөліктерінде өткінші жаңбыр мен найзағай болады.
Астанада күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және желдің күшеюі болжанды. Сонымен қатар жоғары өрт қаупі сақталады.





