Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

2025 жылы ислам ипотекасы іске қосылмақ

31 желтоқсан 2024
КҮНДЕРЕК
2025 жылы ислам ипотекасы іске қосылмақ
WhatsAppTelegramFacebook

Отбасы банк серіктестерімен бірге 2025 жылы Қазақстанда ислам ипотекасын іске қосуды жоспарлап отыр.

Астанада Отбасы банк (“Бәйтерек” холдингінің еншілес ұйымы), Қазақстан құрылысшылар одағы және Исламдық қаржы және бизнес қауымдастығы (AIFB) Қазақстандағы ислам қаржы индустриясын дамыту туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар арасындағы серіктестік пен бірлескен ынтымақтастық Қазақстанда ислам қаржыландыру мен ислам ипотекалық құралдарды дамытуға және ілгерілетуге ықпал етеді.

Бірінші кезеңде тараптар қазақстандық заңнаманы зерделеу және тиісті өзгертулер енгізу, исламдық қаржыландыру саласында бірлескен оқыту семинарлары мен вебинарлар өткізу, бірлескен сараптамалық, ақпараттық, талдау және зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша бірлесіп жұмыс істеуі керек.

Біз сарапшылар тобымен және құрылысшылар қауымдастығымен бір емес бірнеше рет кездесіп, Қазақстанда ислам ипотекасына сұраныстың жоғары екеніне көз жеткіздік. Діни ұстанымдағы азаматтарымыз ақшаны өсімге алмауы, пайдаланбауы керек. Бірақ оларға да өзге азаматтарымызға сияқты жеке баспана қажет. Біз бір қоғам және мемлекетпіз, бізде діни сенім бостандығы бар және сенімі баспана мәселесін шешуге мүмкіндік бермейтін қазақстандықтарға қолдау көрсетуіміз керек. 2025 жылы біз алдымызға ислам ипотекасын іске қосу бойынша жұмысты бастау міндетін қойдық. Бізде ислам ипотекасы қарастырылмаған тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы заң бар. Алайда заңнамалық бастамалар заңда “ислам терезесі” деп аталатын жеке бөлімді құруға және ислам ипотекасын алу үдерісін сипаттауға көмектеседі, — деп түсіндірді “Отбасы банк” АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Шариғат қағидаларына негізделген ислам ипотекасында пайыздар негізгі қарызға қолданыла алмайды. Сондықтан алдағы уақытта банк тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін пайдалана отырып, ислам қағидаттары бойынша тұрғын үйді қаншалықты нақты сатып алуға болатынын қарастырады.

Отбасы банк CSQlaw Қазақстандағы филиалымен де меморандумға қол қойды. Бұл малайзиялық компанияның Қазақстандағы филиалы. Ынтымақтастық аясында бұл компания Отбасы банк қызметкерлерін шариятқа сай қаржылық құқық негіздері мен исламдық қаржыландыру бойынша кешенді оқытуды ұйымдастырады.

Бұл банк қызметкерлерінің ислам қаржы құқығы саласындағы кәсіби білімін арттырып, тәжірибесін кеңейтеді. Сонда банктің жаңа клиенттері ислам талаптарына сай сапалы қызмет алып, баспана мәселесін шеше алады.

Дереккөз: BAQ.KZ
Фото: istockphoto.com

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

11 қараша 2026
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

11 қараша 2026
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.