Талдықорған: +18°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

22 СӘУІРДЕ САЙЛАУ ӨТЕДІ. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНАН СЕНАТҚА КІМ ҮМІТКЕР?

27.02.2022
КҮНДЕРЕК
22 СӘУІРДЕ САЙЛАУ ӨТЕДІ. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНАН СЕНАТҚА КІМ ҮМІТКЕР?
WhatsAppTelegramFacebook

Орталық сайлау комиссиясы шығып қалған депутаттың орнына Алматы облысынан Парламент Сенаты депутатының сайлауын 2022 жылғы 22 сәуірге тағайындады, сондай-ақ, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекітті. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Ортсайлауком төрағасы Нұрлан Әбдіровтің қатысуымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда «Шығып қалғанның орнына Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлауды тағайындау туралы» мәселе қаралды. Отырысты ашқан Нұрлан Әбдіров 2021 жылғы 29 желтоқсанда Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Наурызұлы Қылышбаевтың өкілеттігін тоқтатуға әкеп соқтыратын негіздің пайда болуы туралы қаулы қабылдағанын атап өтті.

Парламент Сенатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысымен Сенат депутаты Н.Қылышбаевтың өкілеттігі тоқтатылды, сондай-ақ, ол «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 69 және 83-баптарына сәйкес Парламент Сенатының депутаттарын шығып қалғандардың орнына сайлауды олардың мерзімінен бұрын тоқтатылған сәтінен бастап екі айдан кешіктірмей Орталық сайлау комиссиясы тағайындауға тиіс екенін атап өтті.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде Ортсайлаукомның шешімімен шығып қалған депутаттың орнына Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау 2022 жылғы 22 сәуірге тағайындалды. Отырыстың күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ортсайлауком төрағасының орынбасары Константин Петров егжей-тегжейлі баяндама жасады. Ол Конституцияға сәйкес, отыз жасқа толған және соңғы он жылда ел аумағында және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не астананың аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматы Парламент Сенатының депутаты бола алатынын атап өтті. Сонымен қатар, кандидаттың жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі болуы және белсенді сайлау құқығына ие болуы керек.

Отырыста Алматы облысынан шығып қалған депутат орнына 2022 жылғы 22 сәуірге тағайындалған сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес сайлау науқанының келесі кезеңдері анықталды: Кандидаттарды ұсыну – ағымдағы жылғы 23 ақпаннан бастап 22 наурыз сағат 18-ге дейін (сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге бір ай қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады).

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатты ұсынуды мәслихаттар, сондай-ақ өзін-өзі ұсыну тәртібімен жүзеге асырады. Сенат депутаттығына кандидатты облыстың барлық мәслихаттары атынан өкілдік ететін таңдаушылардың жалпы санының кемінде он проценті, бірақ бір мәслихаттан таңдаушылар дауысының жиырма бес процентінен аспайтын дауыс қолдауға тиіс. Тіркеу – ағымдағы жылғы 1 сәуір сағат 18.00-ге дейін (барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады).

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатты тіркеуді облыстық, қалалық немесе аудандық мәслихаттың депутаттыққа кандидат етіп ұсыну туралы шешімі (мәслихат ұсынған жағдайда); депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші (немесе өзін — өзі ұсынған жағдайда азаматтың депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініші); тиісті сайлау комиссиясының кандидатты қолдап қойған таңдаушылардың қолдарын тексеру нәтижелері туралы хаттамасы; кандидаттың өмірбаяндық деректері; мемлекеттік кіріс органының кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар тапсырғаны туралы анықтамасы; кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын 900 000 теңге сомасында құжат болған жағдайда жүзеге асырылады.

Егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат Парламент Сенатының депутаты болып сайланған немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан таңдаушылар даусының кемінде бес пайызын алған жағдайларда, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне алынады.

Сайлау алдындағы үгіт – 1 сәуір сағат 18.00-ден кейін – 21 сәуір сағат 00.00-ге дейін (кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады).

Тыныштық күні – ү.ж. 21 сәуір. Дауыс беру күні – ү.ж. 22 сәуір. Сайлау заңнамасына сәйкес Сенат депутатының сайлауында дауыстарды санау нәтижелері дауыс беруге арналған пунктте өткізілетін Алматы облыстық сайлау комиссиясының отырысында белгіленеді.

Парламент Сенаты депутатын сайлау қорытындыларын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімнен кешіктірмей – ү.ж. 28 сәуірден кешіктірмей белгілейді және сайлау қорытындылары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Конституциялық қағидаттар жария басқарудың стандарты

Конституциялық қағидаттар жария басқарудың стандарты

10.07.2026
Жоба тоқтаған: «Бақтыбай – Балпық би» айналма жолы салына ма?

Жоба тоқтаған: «Бақтыбай – Балпық би» айналма жолы салына ма?

10.07.2026
Жолаушыны жол сынайды

Жолаушыны жол сынайды

10.07.2026
Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

Өңірде Құрылтай депутаттарын сайлауға 441 мыңнан астам адам қатысады

10.07.2026
Жаркентте екі жасөспірімді ажалдан арашалап қалды

Жаркентте екі жасөспірімді ажалдан арашалап қалды

10.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.