Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

24 жыл құжаты болмады: жас ананы қиындықтан СТҚҚД қызметкерлері алып шықты

27 наурыз 2025
КҮНДЕРЕК
24 жыл құжаты болмады: жас ананы қиындықтан СТҚҚД қызметкерлері алып шықты
WhatsAppTelegramFacebook

Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары тек тұтынушылардың құқықтарын ғана қорғамай, олар кейде адамдарға күрделі өмірлік жағдайларда да көмек көрсетеді. Солардың бірі – 24 жыл бойы бірде-бір құжаты болмаған Жетісу облысындағы көпбалалы ана Самалдың оқиғасы.

2024 жылдың соңында Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Газиз Аманжолұлына Талдықорған қаласының №1 емханасының учаскелік мейірбикесі Галина Кравченко жүгінді. Ол өзінің кезекті учаскелік тексерісі кезінде үш баласы бар, бірақ ешқандай құжаты жоқ ананы кездестіргенін айтты. Самал (2001 жылы туған) тіпті балаларына берілетін жәрдемақыларды да рәсімдей алмаған, себебі өзі де ешқандай ресми құжатсыз жүрген.

Самалдың айтуынша, марқұм анасы Кеңес Одағының паспортымен жүрген, ал 2020 жылы ол дүниеден озғанда қазақстандық құжат рәсімдемеген күйі кетіпті. Жақын адамның қайғысы, тұңғыш баланың дүниеге келуі және жеке басын куәландыратын құжаттың болмауы – бәрі бір уақытта қабаттасып, жас отбасының жағдайын ауырлатқан. Мектепте оқып жүргенде-ақ мәселе туындаса да, мәселенің мәнін Самал 18 жасқа толғанда ғана терең түсінген.

Әлбетте, құжаттарды қалпына келтіру – Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің тура міндетіне кірмейді. Алайда Газиз Аманжолұлы азаматтық ұстанымын көрсетіп, жас ананың мәселесіне бей-жай қарамаған. Түскі үзіліс кезінде ол «Жанұя» атты жергілікті отбасын қолдау орталығының директоры Жанар Нұрмұхановамен видеоконференция ұйымдастырды. Сондай-ақ маман миграциялық полицияның облыстық басшылығына хабарласып, Самалға жеке куәлікті рәсімдеуге жәрдемдесуін өтінген. Осы әрекеттердің арқасында жас отбасы үшін мәселе жылжып, нақты шешім табу мүмкіндігі туды.

«Самалға бұл мәселе біздің құзыретімізге кірмейді деп айтуға болатын еді. Алайда адамның тығырықта қалғанын байқасаң, көмектесу керек. Әр азаматтың толыққанды құжаттары болып, жәрдемақыларды алуға мүмкіндігі болуы маңызды», – дейді Газиз Аманжолұлы.

Бүгінде 24 жастағы Самал алғаш рет өз атына жеке куәлік алды. Алдағы уақытта балаларының да құжаттары реттеліп, оларға тиесілі әлеуметтік төлемдер беріле бастайды. Наурыз мейрамы қарсаңында Департамент қызметкерлері отбасыға азық-түлік түріндегі шағын көмек те табыстады.

Регламенттен жоғары тұрған жанашырлық

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау – Сауда және интеграция министрлігінің аумақтық департаменттерінің басты міндеті болғанымен, Самалдың жағдайы бұл мекеме қызметкерлерінің ресми шеңберден шығып, күрделі жағдайларға бейімделе алатынын көрсетті. Олар нақты құзыретіне кірмесе де, ерікті көмек ұйымдастырып, ерекше қолдауға зәру адамдарға қол ұшын созуға дайын.

Осылайша мамандардың, миграциялық қызмет пен «Жанұя» орталығының бірлесе жұмыс істеуі нәтижесінде жас ана енді Қазақстан Республикасының толыққанды азаматы ретінде өз құқықтарын пайдалана алады және балаларына болашақта тиісті жағдай жасай алады.

Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігінің
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.