«Қазгидромет» таратқан ақпаратқа сәйкес, еліміздің көп өңірінде ауа райы тұрақсыз сипатта болады. Кей аймақтарда тұман түсіп, найзағай ойнайды, жел күшейіп, үсік жүреді.
Ақмола облысында түнде батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде оңтүстік және оңтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз екпіні 23–28 м/с дейін жетеді. Оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары деңгейде.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15–20 м/с дейін артады.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман, ал оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары.
Қарағанды облысында оңтүстік және оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 20 м/с дейін жетеді. Батысында өрт қаупі жоғары.
Ұлытау облысында желдің екпіні кей жерлерде 20 м/с дейін артады. Өңірдің оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары.
Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында тұман түсіп, желдің екпіні 20 м/с дейін күшейеді.
Жетісу облысының таулы аймақтарында тұман байқалады, Алакөл маңында жел 28 м/с дейін артады. Түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, желдің екпіні 25 м/с дейін артады. Өрт қаупі жоғары.
Түркістан облысында кешке таулы аймақтарда жаңбыр жауып, жел 28 м/с дейін күшейеді.
Қызылорда облысында шаңды дауыл соғып, өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.
Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарында желдің жылдамдығы 20 м/с дейін жетеді, ал бірқатар өңірлерде өрт қаупі жоғары деңгейде болады.





