«Қазгидромет» РМК 17 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялап, еліміздің 15 өңірінде қолайсыз метеорологиялық құбылыстар болатынын ескертті. Синоптиктердің мәліметінше, бірқатар аймақта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл мен шаңды дауыл тұрады. Сонымен қатар көптеген өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып, кей жерлерде ауа температурасы +47 градусқа дейін көтеріледі, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Атырау облысында батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы +35 градусқа дейін жетеді. Облыстың оңтүстік-шығысы мен солтүстік-шығысында жоғары, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да жаңбыр мен найзағай болып, желдің екпіні 18 м/с-қа дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында түнде өңірдің солтүстігі мен шығысында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы +35…+38 градусқа дейін көтеріледі. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде күндіз бұршақ пен дауыл болып, аптап ыстық +35 градусқа дейін жетеді.
Абай облысында батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз оңтүстігінде, шығысында және орталығында бұршақ пен дауыл күтіледі. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы +35…+38 градус болады. Семейде түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз +37 градусқа дейін ыстық болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, ал облыс орталығында шаңды дауыл көтеріледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында ауа температурасы +45…+47 градусқа дейін көтеріледі.
Қостанай облысында батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігінде ауа температурасы +37 градусқа дейін жетеді. Жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Облыстың оңтүстігінде дауыл күтіледі. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман болады.
Батыс Қазақстан облысында түнде облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Орал қаласында да осындай ауа райы болжанып отыр.
Жетісу облысында шығысында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында төтенше, қалған аумағында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында солтүстігі мен шығысында түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірдің оңтүстігі мен шығысында жоғары, батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысында күндіз ауа температурасы +35…+39 градусқа дейін, облыстың оңтүстігінде +42 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың солтүстігінде төтенше, қалған аумағында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында ауа температурасы +40…+42 градусқа дейін жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Ақмола облысында батысы мен солтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы +35 градусқа дейін көтеріледі. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында солтүстігі мен батысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз бұршақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы +35…+37 градусқа дейін жетеді. Облыста жоғары, ал оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында ауа температурасы +40…+42 градусқа дейін көтеріледі.
Ақтөбе облысында батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың оңтүстігі мен шығысында ауа температурасы +37 градусқа дейін көтеріледі. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында арагідік жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін.





