Талдықорған: +18°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«АҚ ЖОЛ!» ЖҮЗЖЫЛДЫҚ КОЛЛЕДЖ КЕЗЕКТІ ТҮЛЕКТЕРІН ҰШЫРДЫ

5 наурыз 2020
КҮНДЕРЕК
"АҚ ЖОЛ!" ЖҮЗЖЫЛДЫҚ КОЛЛЕДЖ КЕЗЕКТІ ТҮЛЕКТЕРІН ҰШЫРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде төрт жыл оқыған студенттер диплом алып, қуанышқа бөленді.

Жүз жылдық тарихы бар білім шаңырағының аграрлық саланы дамуға қосып отырған үлесі зор. Аталған колледжде жерге орналастыру, технолог, ауылшаруашылығын механикаландыру және автоматтандыру, көліктерге техникалық қызмет көрсету мамандықтары бойынша білім алып, тәжірибесін шыңдаған 167 студент үлкен өмірге қанат қақты.

Салтанатты шарада Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің директоры, академик Жақсылық Сатылғанов түлектер қуанышымен құттықтады.

— Кәсіби маман атанып, келешекке самғаған студенттеріміздің келешегі жарқын болсын! Білімді, білікті маманның қай кезде де қоғам дамуына қосар үлесі зор. Алда үлкен өмір есігі ашылды. Бұдан әрі де білім алуға, еңбек етуге мүмкіндік зор. Сондықтан, жолдарыңыз болсын. Ақ жол, — деген колледж басшысы бұл орайда білім беріп, оқытқан ұстаздар мен қамқор болған ата-аналарына жүрекжарды алғысын білдірді.

Айтулы шараға ат арылтып келген ардагер ұстаз Серікбай Бейсенов бастаған бірқатар мейман ақ тілектерін атқарды.

— Өмірде шығар тауларың биік болсын. Академик басшылық жасайтын білім шаңырағының түлектері қашанда жоғары белестерден көрінетіндіктеріне сенімдімін. Сондай-ақ, бүгінгі диплом иелері ауылшаруашылық саласының мықты маманы атанады деген ойдамын, — деді Талғар медициналық колледжінің директоры Бағжан Құдабаев.

Жастар жүрегін тебіренткен айтулы күнде әдемі ән шырқалып, мың бұрала би биленді. Қолдарына дипломын алған жастардың жүздері бал-бұл жанып, қуанышқа кенелді.

«Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар, қалан», — деп хакім Абай жырлағандай, үлкен өмірдің кетігіне кірпіш боп қаланар жалынды жастарымызға ақ жол тілейміз.

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы,

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.