Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Адалдық – ардың ісі

20 ақпан 2025
КҮНДЕРЕК
Адалдық – ардың ісі
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі, адалдығы және парасаттылығы – кез келген мемлекеттік басқарудың негізгі құндылықтары. Мемлекеттік қызметшілерге арналған Әдеп кодексі мен тәртіптік ережелер қызметшілердің жоғары моральдық және этикалық стандарттарды сақтауға бағытталған. Әдеп жөніндегі кеңестер осы бағытта маңызды рөл атқарады. Себебі, кеңес мүшелері мемлекеттік қызметшілердің тәртібін бақылап, әдепті бұзушылықтарды болдырмау үшін шаралар қабылдайды.

Әдеп жөніндегі кеңестің басты міндеті – мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауына бақылау жасау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар әзірлеу. Кеңес мүшелері мемлекеттік қызметшілердің тәртібін бақылай отырып, түрлі профилактикалық іс-шаралар өткізеді. Нақтырақ айтар болсақ, Әдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеттерін саралай кетейін. Ең бірінші, сыбайлас жемқорлықты алдын алу. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау үшін қажетті шаралар мен ұсыныстар әзірлеу. Екіншіден, қызметтік әдептің сақталуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепке сай болуын және олардың жауапкершілік деңгейін арттыру. Бұл әрбір азаматтың басты қағидасы және парасаттылық болмыс. Үшіншіден, Әдеп жөніндегі уәкілдермен үйлестіру. Мұнда мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен жұмыс жүргізу және ұсынымдар әзірлеу.

Кеңес мүшелері қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған С-О-1, С-О-2, С-R-1, С-R-2, D-1, D-2, D-О-1, D-О-2, D-R-1, D-R-2, Е-1, Е-2, Е-R-1, Е-R-2 санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге, сондай-ақ, әкімдік аппараттарында дербес лауазымдағы Әдеп жөніндегі уәкілдерге қатысты тәртіптік істерді қарап, нәтижесі бойынша тиісті ұсынымдар жасай алады. Сонымен қатар, әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік органдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар мен қызметтік әдепті сақтау үшін ұсынымдар мен ұсыныстар енгізеді.

Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңестері мемлекеттік қызметтің әдеп нормаларын сақтау мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша маңызды қызмет атқарады. Олар мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін арттыруға, мемлекеттік қызмет саласындағы адалдық пен ашықтықты қамтамасыз етуге ықпал етеді. Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысында заңдылық, объективтілік, әділдік және қоғамдық пікірді ескеру сияқты қағидаттар басты рөл атқарады.

Ришад Тұрғанбай 
Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі

Фото: naceks.kz

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

Бүгін, 17:02
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Бүгін, 15:06
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

Бүгін, 14:46
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

Бүгін, 14:45
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.