Талдықорған: +8°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Әділетті Қазақстанның» талабына бейімделген Конституция жобасы бойынша жұмыс жалғасады

6 ақпан 2026
КҮНДЕРЕК, САЯСАТ
«Әділетті Қазақстанның» талабына бейімделген Конституция жобасы бойынша жұмыс жалғасады
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Халық партиясының Парламенттік фракциясы «Жаңа Конституция: Қазақстанның бүгіні мен болашағының жаңа бейнесі» тақырыбында кеңейтілген отырыс өткізді. Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ сараптамалық қоғамдастық өкілдері қатысты.

Отырысты ашқан іс-шараның модераторы, ҚХП Парламенттік фракциясының жетекшісі, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі, депутат Магеррам Магеррамов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары елімізді жаңа Конституция жобасын әзірлеуге кезең-кезеңімен алып келгенін еске салды.

– Жоба еліміздің мемлекеттік саясатының жаңа бағдарын айқындайды, – деді мәжілісмен. – Бір палаталы Құрылтай құрылады, жаңа Жоғары консультативтік орган – Халық кеңесіне арналған жеке бөлім болады, сондай-ақ Вице-президент институты енгізіледі. Мұның барлығы мемлекеттік билік архитектурасының мүлде жаңа құрылымын қалыптастырады.

Қазақстан Халық партиясы ұсынылып отырған Конституция жобасын қолдайды. Спикерлер құжаттың адамға бағдарланған сипатын бірнеше рет атап өтті: онда өмір сүру құқығын абсолюттендіру, жеке тұлғаның қол сұғылмаушылығын және цифрлық жеке деректердің сақталуын бекіту, сондай-ақ азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін және оның әлеуметтік құқығын, атап айтқанда, еңбек ету құқығын қорғауды күшейту көзделген.

– Біздің партия адам экономикалық көрсеткіштерге емес, экономика адамға қызмет етуі керек екенін үнемі айтып келеді, – деді ҚХП депутаты Ирина Смирнова. – Еңбек адамы – бұл ресурс та, бірлік те емес, ол – мемлекеттің негізі және күші.

ҚР Әділет вице-министрі Лаура Мерсалимова Конституцияның жаңа жобасы ел дамуының нақты көрінісі екенін түсіндірді.

– Азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне арналған бөлімде адамдардың  құқығы мен бостандығын қорғауды іске асыру кепілдігін күшейтуге басымдық берілді, – деді вице-министр. – Бұл мәселеде халықаралық құжаттардың талабы толық ескерілген.

Отырыста Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев «Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі, қоғам сұранысы мен уақыт талабы» деген тақырыпта баяндама жасады.  Мәжілісмен Марат Башимов жаңа Конституцияның құқық қорғау әлеуеті туралы сөз қозғады. Астана халықаралық университеті Жоғары құқық мектебінің профессоры Исидор Борчашвили жаңа Конституция жобасының стратегиялық бағыттарын тілге тиек етті. ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Индира Әубәкірова жаңа Конституция аясында елімізде қалыптасатын негізгі қағидаттар мен жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету жөніндегі ойын ортаға салды.

Отырыста «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев, «Астана заңгерлер Лигасы» заң консультанттары палатасының төрайымы Айнұр Абатова және ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты Жеке заңнама орталығының басшысы Юлия Костяная сөз сөйледі.

Жиынды қорытындылағанда Магеррам Магеррамов ел азаматтары жобаға белсенді қатысқанын атап өтті.

– Конституцияға қатысты пікір білдірмеген, бейжай қалған бірде-бір адам жоқ, – деп қорытындылады ол. –  Ұсынылып отырған жобада Ата заңның әрпі мен рухының тепе-теңдігі қазіргі кезеңнің шынай сұранысына сай сақталған.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

20 қараша 2026
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

20 қараша 2026
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

19 қараша 2026
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.