Талдықорған: +30°C
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ақиқат зерделенген жиын

04.01.2024
КҮНДЕРЕК
Ақиқат зерделенген жиын
WhatsAppTelegramFacebook

Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан ҚАРИННІҢ төрағалығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысы өтті. 

– Мемлекеттік комиссия, ең алдымен, зерттеу, іздеу және жинақтау мен талдау жұмыстарына баса мән берген болатын. Комиссия жұмысына атсалысқан ғалымдар 1920-1950 жылдары жаппай Саяси қуғын-сүргін кезеңін зерделеді. Алғашқы күннен бастап жұмысты жүйелеп, оның ауқымын анықтап алдық. Сол арқылы еліміздің теңдессіз мұрағат материалдарының ашылуына және бұрын-соңды болмаған әдістемелік зерттеу архитектурасын қалыптастыруға жол ашылды, – деді ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин.

Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2021 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан комиссия бұрын жария болмаған көптеген құпия құжаттар жинақтап, зерттеп, архивтік материалдарды баспадан шығарған. Ол үшін мемлекеттік комиссия құрамында 425 ғалым мен зерттеуші, оның ішінде 260-тан аса маман аймақтық комиссияда еңбек етіпті. Олар еліміздің түкпір-түкпіріндегі 60-тан астам мемлекеттік және ведомстволық архивте ауқымды жұмыс атқарған. Қазірдің өзінде 2,6 миллионнан астам құжат пен материалдан құпия белгісі алынып тасталса, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған 311 мыңнан астам адамды ақтау үшін қолданыстағы заңнама аясында нақты жұмыс жүргізілуде. Зерттеу нәтижесін ғылыми тұрғыда рәсімдеу үшін мемлекеттік комиссия материалдарының 72 томнан тұратын жинағы бір сериямен әзірленді.

Осы орайда қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың ақталмаған санаттарын анықтау жөніндегі міндеттерді орындау шеңберінде  Жетісу облысы бойынша құрылған өңірлік жұмыс тобы аймақтағы босқындық мәселесін зерделеп, оның қыры мен сырын, құпиясы мен тарихи маңыздылығын көрсету аясындағы ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып, жалпы екі томдық еңбекті жинақтады. Яғни, архив құжаттары жинақталған 47-томда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының сирек қолжазбалар қорындағы (Алматы қ.) «Қазақ» (Орынбор қ.), «Бірлік туы» (Ташкент қ.), «Сарыарқа» (Семей қ.) газеттері мен «Шолпан» журналындағы (Ташкент қ.) төте жазумен берілген Алаш арыстарының ой-пікірі өрнектелген мақалаларды, Орталық мемлекеттік архивіндегі (Алматы қ.), Жетісу облыстық мемлекеттік архиві (Талдықорған қ.) және  Жетісу облыстық архивінің Панфилов аудандық филиалының (Жаркент қ.) қорларында сақталған босқындыққа қатысты 174 құжат жинақталды. 

Жинақтың тағы бір ерекшелігі – архив қорларындағы және ҚР Ұлттық кітапханасындағы араб харпімен жазылған (төте жазу) архив материалдарын жинақтап, кітапқа енгізуге баса назар аударылды. Сонымен қатар, Жетісу облысының Панфилов аудандық мемлекеттік архив қорындағы босқындыққа қатысты құжаттар мен Жетісу облыстық мемлекеттік архив қорындағы Лепсі уезіндегі босқындыққа қатысты құжаттар толық жинақталды. 

Оқырмандар назарына ұсынылатын Халық жады бойынша дайындалған сауалнамалар мен естеліктер 60-томда жинақталды. Жинаққа 59 сауалнама, 57 естелік, жалпы 116 құжат топтастырылды. Сол қатарда Жетісу өңіріндегі бай-кулак ретінде тәркілеуге ұшыраған, ашаршылық жылдары қырылған және мәжбүрлі түрде шетел асқан, кеңес билігіне қарсы халықтық бас көтерулер туралы тың ақпараттар көп. Әсіресе, қуғын-сүргін салдарынан Қытайға асқан босқындардың арғы беттегі қазақтардың рухани, мәдени, саяси өміріне ықпал еткен құнды деректермен таныса аласыздар. Аталған жинаққа Қазақстан тарихы оқулықтарына енбей келген немесе ғылыми айналымға түспеген Құндақбай, Омарбек мерген, Нұрмұхамет Жөкейұлы, Мұқай батыр сияқты «банды» атанған халық батырларының, ел мүддесін қорғау жолында ерлік көрсеткен Ақсу-Сарқан көтерілісі, Бүйен-Ақсу көтерілісі, Сартөбе көтерілісі мен Күреңбел қасіреті және Сырымбет қырғыны, Мамырқан көтерілісі, ұжымдастыру мен ашаршылық құрбандарының, Жетісу өңірінің мәдениетін, өнерін, білімін өркендетуге үлес қосқан Маман Қалқабайұлы, Пышан Жәлмендеұлы, Есенқұл Маманұлы, Мұқа болыс сияқты  ел ардақтыларының елдікті сақтау жолындағы ерен еңбектері жинақталды. Сондай-ақ, Иса төре, Ыбырайым Жайнақов, Қалимолда Бекторлин сияқты Алаш арыстарының арғы беттегі қазақтардың өміріне ықпал еткен іргелі істерін нақтылауға барынша күш салынды.

Жинақты дайындау барысында қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары мен сол тарихи оқиғалардан хабардар адамдармен сауалнама жүргізіліп, осыған дейін баспадан шыққан естелік кітаптар, танымдық еңбектерден естеліктер жинақталды. Сондай-ақ, Жетісу облыстық «Жетісу» газетінің 1991-1997 жылдардағы нөмірінде жарық көрген Жетісу облысындағы қуғын-сүргіннің жағдайы туралы жазылған естеліктер де енгізілді. Демек, бұл екі кітап Жетісу облысының өткен ғасырдағы тарихын зерттеп жүрген зерттеушілерге көмекші құрал бола алады. Екі жинақ та хронологиялық принцип бойынша құрастырылған. 

Сонымен бірге, Жетісу облысының өңірлік жұмыс тобы қосымша «Жетісу өңіріндегі қуғын-сүргін қасіреті» атты кітапты да құрастырды. Жинаққа жалпы Жетісу өңіріндегі қуғын-сүргін жағдайын паш ететін 74 құжат жинақталды. Оның ішінде архив құжаттары, фотосуреттер, қолжазбалар және естеліктер бар. Айта кетерлігі, алдыңғы 2 томдықта тек бүгінгі Жетісу облысының саяси қуғын-сүргін жағдайы, қосымша дайындалған 3-томда Жетісу өңірі, былайша айтқанда, бүгінгі Жетісу және Алматы облысының саяси қуғын-сүргінге, тәркілеуге, ұжымдастыруда қудаланған тарихи кезеңдегі жағдайды толық қамтуға назар аударылды. Өйткені Жетісу және Алматы облысы әкімшілік тұрғыда екі облыс болғанымен олардың тарихи сабақтастығы ешқашан үзілмейді. Мейлі, қудаланған бай-кулактар болсын, халық көтерілістері болсын, діни сенімі үшін жер аударылғандар, олардың ұрпақтары екі облыста да бар. Сондай-ақ, 1937 жылғы жаппай саяси қуғындау кезінде атылған Жетісу облысының зиялылары Жаңалық елді мекенінде жатыр. Демек, тарихи тұрғыдағы сабақтастық ешқашан үзілмейді. 

Міне, осылай тарихи ақтаңдақтарды түгендеген іргелі еңбек оқырманға жол тартты. Бұл жоғары оқу орындарындағы қазақ тарихын зерттеумен айналысатын ізденушілер, өлкетанумен айналысып жүргендер үшін табылмас құрал болады. 

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Медициналық қауіпсіздік күшейді: Екпелер сапасы онлайн бақыланады

Медициналық қауіпсіздік күшейді: Екпелер сапасы онлайн бақыланады

09.09.2026
Жетісуда қысқы мал азығы қоры жасақталуда

Жетісуда қысқы мал азығы қоры жасақталуда

09.09.2026
Су ресурстарының ұлттық жүйесі іске қосылды: Қазақстан цифрлық бақылауға көшті

Су ресурстарының ұлттық жүйесі іске қосылды: Қазақстан цифрлық бақылауға көшті

09.09.2026
27 маусымдағы ауа райы болжамы

Бүгін қай өңірде аптап ыстық сақталып, қайда жаңбыр жауады?

09.09.2026
Талдықорғанда 6,5 келі гашиш тәркіленді

Талдықорғанда 6,5 келі гашиш тәркіленді

09.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.