Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Аида Балаева отбасылық құндылықтар мәселесін сөз етті

13 наурыз 2025
КҮНДЕРЕК
Аида Балаева отбасылық құндылықтар мәселесін сөз етті
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Бурабайда IV Ұлттық құрылтайдың отырысы аясында өткен «Мәдениет. Өнер. Руханият» секциясында отбасылық құндылықтар мәселесі назарда болатынын атап өтті.

Отбасы институтын нығайту, отбасы құндылықтарын дәріптеудің маңызы зор. Отбасы – қоғамның тірегі, мемлекеттің іргетасы. Ұрпақ сабақтастығы мен ұлттық құндылықтарды сақтауда отбасының атқарар рөлі зор. Сондықтан мемлекет отбасы институтын нығайтуға ерекше мән береді, — деді министр.

Балаева атағандай, былтыр «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Заңға сәйкес, Мәдениет және ақпарат министрлігі Отбасын қолдау орталықтарының қызметін үйлестіреді және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады.

Бүгінде отбасыларға әртүрлі өмірлік жағдайларды шешуде жан-жақты қолдау шараларын көрсету үшін 103 отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді. Олардың негізгі функциясы – мемлекеттің отбасылық саясат шараларын іске асыру, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) қолдау бойынша жұмысты үйлестіру, тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға қолдау көрсету және мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру. Қазіргі кезде ақпараттық-түсіндіру жұмысын арттыру үшін 2025 жылға арналған Дәстүрлі отбасылық құндылықтарды дәріптеу жөніндегі медиажоспар әзірленіп, бекітілді, — деді Аида Балаева жиында.

Ақпараттық жұмысқа отбасылық саясат саласындағы сарапшылар, психологтар, қоғамдық пікір көшбасшылары қатысады.

Отбасылық өмірге дайындық, отбасылық құндылықтар, әке мен ананың рөлі, балаларды тәрбиелеу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және репродуктивті денсаулық тақырыптары басты назарда болады. Сондай-ақ 2023 жылы отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында екі жаңа мереке – Аналар күні мен Әкелер күні бекітілгенін де атап өткім келеді, — деп баяндады министр.

Дереккөз: BAQ.KZ

Қатысты жаңалықтар

Халықтың орташа жасы өсіп, егде жастағылардың үлесі артып келеді

Халықтың орташа жасы өсіп, егде жастағылардың үлесі артып келеді

Бүгін, 10:06
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Бүгін, 09:31
Елімізде жаңартылатын энергетика мен қайта өңдеу саласы дамиды

Елімізде жаңартылатын энергетика мен қайта өңдеу саласы дамиды

Бүгін, 09:30
ҰҚШҰ жиыны: Ортақ мүдде мен ұжымдық қауіпсіздікке бағытталған жаңа келісімдер

ҰҚШҰ жиыны: Ортақ мүдде мен ұжымдық қауіпсіздікке бағытталған жаңа келісімдер

Бүгін, 09:28
«Таза Қазақстан» акциясы аясында «EcoHackathon Jetisu: Жасыл болашақ» экологиялық хакатоны өткізілді

«Таза Қазақстан» акциясы аясында «EcoHackathon Jetisu: Жасыл болашақ» экологиялық хакатоны өткізілді

Бүгін, 09:23

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.