Жетісу гарнизонындағы 37-ші десанттық-шабуылдаушы бригадасы дабыл бойынша көтеріліп жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесін көрсетті. Жаттығудың жаңа кезеңі «Айбынды армия – тәуелсіздік кепілі» атты ұранмен жалғасты.
– Жазғы оқу мерзімі қараша айына дейін жалғасатын болады. Жаңа оқу кезеңі бойынша жеке құрамға жауынгерлік даярлықтың деңгейін көтеру туралы нақты міндеттер жүктелді. Бүгінде әскери бөлім жоғары жауынгерлік даярлыққа келтірілді, – дейді ұйымдатырушылар.

Әскери сала басшыларының айтуынша, бұл жаттығудың басты мақсаты – әскерлерді басқару жүйесін жетілдіру. Ал, жауынгерлік дайындық апталығының іс-шаралары хабарландыру жүйесінің тиімділігін тексеруге, штабтар жұмысының үйлесімділігін арттыруға және әзірлікті жоғары дәрежеге келтіру кезіндегі іс-қимылдардағы жеке құрамның практикалық дағдыларын шыңдауға бағытталған.
– Менің қарулы күштер қатарына шақырылғаныма үш айдан асты. Осы аралықта мен жауынгерлік даярлықтың қыр-сырын, әдіс-тәсілдерін үйрендім. Мамыр айында Отан алдында салтанатты түрде ант бердім. Ендігі арманым халқыма адал қызмет ету, — дейді қатардағы жауынгер Ардақ Ержанұлы.
Айдын КӘЛІМХАН