Талдықорған: +32°C
$ 477.11
€ 545.58
₽ 6.20
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АККУМУЛЯТОР ШЫҒАРАТЫН ЖАЛҒЫЗ ЗАУЫТҚА ҚАНДАЙ АЙЫП ТАҒЫЛЫП ОТЫР?

05.09.2022
КҮНДЕРЕК
АККУМУЛЯТОР ШЫҒАРАТЫН ЖАЛҒЫЗ ЗАУЫТҚА ҚАНДАЙ АЙЫП ТАҒЫЛЫП ОТЫР?
WhatsAppTelegramFacebook

Бұрындары жетістігі мен жақсылығын жұртқа жеткізу үшін жиі баратын «Қайнар-АКБ» ЖШС ғимаратына бұл жолы ауыр оймен кірдік. «Жетісу облысындағы жалғыз ірі кәсіпорын алаяқтық жолмен көп мөлшердегі салықты жасырды» деген жаманатқа ілінгелі өндірістің берекесі қашқан. Осының салдарынан шикізат тапшылығы туындап, негізсіз қылмыстық іс қозғау жұмысы да басталыпты. Ал кәсіпорын заңгерлері: «Барлық жұмысымыз заң шеңберінде жүріп келеді, бізге негізсіз айып тағылып отыр», — деп өздерін қорғап әбігер. Бұл туралы аталған кәсіпорын базасында өткен брифингте айтылды.

«Қайнар – АКБ» ЖШС 1975 жылдан жұмыс істеп келеді. Кәсіпорында жеңіл көліктен бастап, ауыл шаруашылығы және әскери техника, темір жол көлігіне арналған стартерлік қорғасын-қышқылды аккумулятордың барлық түрі шығарылады. Халықаралық стандарттарға сәйкес жабдықталған заманауи технологиялар өндірген өнім сапасы жағынан да жақсы. Сондай-ақ, өндірісте қайталама қорғасынды пайдалана отырып, пайдаланылған аккумулятор батареяларын және күкірт қышқылы электролитін қайта өңдеу қуаты бар еліміздегі жалғыз кәсіпорын. Сондықтан кәсіпорын өнімдері еліміздің ішкі нарығын толық қамтамасыз етумен қатар, алыс және жақын шетелдерде сұранысқа ие.

Алайда осы жылдың 27 сәуірінде «Қайнар-АКБ» ЖШС 26.04.2022 жылғы №МКД-05-02-11/7659 Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің серіктестікке қатысты жоспардан тыс салықтық тексеру жүргізуге ұйғарым шығару туралы алдын ала шешім қабылдаған.

Кәсіпорын заңгерлері бұл шешімді заңсыз деп санайды.

– «Қайнар-АКБ» ЖШС 100 пайыз жекеменшік кәсіпорын. Құрылтайшылары осы мекмеде жұмыс атқарады. Өткен жылдың сәуір айында Алматы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпорынға: «Алаяқтық жолмен мемлекет қаржысын жымқырды» деген негізде іс қозғады. Осындағы алаяқтық деген сөзге талдау жасайтын болсақ, өзімізден ешқандай алаяқтықты байқамадық. Өніміміз сапалы, нарықта сұранысқа ие, оның үстіне өзімізге жүктелген салықты уағында төлеп келеміз. Осы бойынша үш ай бойы тексеріс жүргізіліп, қылмыстық дәлел табылмаған соң істі тоқтатты. Тіпті, осы тұста ешкім бізді қылмыстық істің материалымен таныстырып, түсіндірген де жоқ. Өткен жылы қараша айында тағы да: «Рейдерлік жолмен пайда тапқан» деген негізбен тағы да іс қозғалып, дәлел тапппай, 25 қарашада іс тоқтатылды. «Бәле бір айналдырса, шыр айналдырады» дегендей, 11 маусымнан бастап мекеме басшылары мен қызметкерлеріне қылмыстық іс қозғалыпты. Оны Алматы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының шығарған қорытындысы бойынша қозғапты, – деп түсіндірді «Қайнар-АКБ» ЖШС бас директорының орынбасары, қауіпсіздік басқармасының басшысы Шарханбек Іңкәрбеков.

«Қайнар-АКБ» ЖШС өндірген өнім еліміздегі ірі қалаларда сатылады. Ал аккумуляторларды сатып алып, сатумен айналысатын азаматтардың бәрінің жеке кәсіпкерлік куәлігі бар. Оның үстіне олар да салығын төлеп, заңды жұмыс істеп отырғанына сенімдіміз. Сондай-ақ, олар ескі аккумуляторларды зауытқа өткізіп, өнім көлемін ұлғайтуға да септесіп келеді. Зауыт өндірген өнім, қабылдаған шикізат көлемі бойынша белгіленген нормадағы салықты төлеп жүр.

Ендеше, салық жасыру дерегі қалай жүзеге асады? Қазір зауыттан дайын өнімді сатып алып, базарда сататын, көнерген аккумуляторларды зауытқа өткізіп, нәпақа табатын 80-ге жуық жеке кәсіпкер «Қайнар-АКБ» ЖШС-мен сыбайлас деген тұрғыда тергеліпті. Осының салдарынан зауыт жарты жылда 1500 тонна шикізаттан айырылса, көнерген аккумуляторлар өткізіп ақша табатын жеке кәсіпкерлердің уақыты күнде соттың алдында кезек күтумен өтуде. Есесіне, қайта өңдеуді қажет ететін аккумуляторларды Қырғызстан мен Ресейдің зауыттары сатып алып, тасып жатыр. Сонда «Екі түйе сүйкенсе, ортасында шыбын өледінің» кері болып тұр ма?

Бәрімізге белгілі, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексеруге бағытталған мораторий әлі жұмыс істеп тұр. Ал экономикалық тергеу комитеті жеке кәсіпкерлерді әлі тексеруде. Сонымен қатар, «Қайнар-АКБ» ЖШС Жетісу облысына тән ірі кәсіпорын. Сондай-ақ, оның өнімі Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан сияқты ірі қалалар мен алыс-жақын шетелдерде сатылады. Логикалық тұрғыдан қарасақ, заңсыздықты аккумулятор сатылатын қалалардың немесе Жетісу облысының құзырлы органдары тексеруі керек. Керісінше, қылмыстық істі Алматы облысына қарасты мекемелер жүзеге асыруда. Оған Алматы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының қорытындысы негіз болуда. Қысқасы, серіктестік пен жеке кәсіпкерлер арасындағы мәмілелер ойдан шығарылған санайды.

Облыс тұрғындары, зауыт жұмысшылары да істің тезірек аяқталып, жұмыстың бұрынғы ырғағымен жүруін қалайды. Себебі, Жетісу облысының кірісін еселеп отырған кәсіпорынның тоқырауы облыс экономикасын әлсіретіп қана қоймастан, тұрғындардың әлеуметтік жағдайына да кері ықпалын тигізетіні анық.

Қажет АНДАС

Жетісу облысы

Қатысты жаңалықтар

Рәміздер рухы – Конституция күші

Рәміздер рухы – Конституция күші

13.07.2026
Кербулак ауданының 9 ауылы табиғи газға қосылды

Кербулак ауданының 9 ауылы табиғи газға қосылды

13.07.2026
Ольга Зверева. «Жетісуда» барлық жағдай жасалған

Ольга Зверева. «Жетісуда» барлық жағдай жасалған

13.07.2026
10 күнде 121 келі синтетикалық есірткі тәркіленді

10 күнде 121 келі синтетикалық есірткі тәркіленді

13.07.2026
Физикадан тарихи триумф: Қазақстан әлемнің ең беделді олимпиадасында бес алтын иеленді

Физикадан тарихи триумф: Қазақстан әлемнің ең беделді олимпиадасында бес алтын иеленді

13.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.