ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы мен Алакөл аудандық кітапханасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған құжат екіжақты байланысты нығайтуға, әскери қызметшілердің рухани-мәдени дамуын қолдауға және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған. Ынтымақтастық аясында кітап оқу мәдениетін арттыру, бірлескен мәдени-ағартушылық іс-шаралар өткізу көзделген.
Меморандум шеңберінде сарбаздардың зияткерлік әлеуетін дамытуға және патриоттық тәрбиені күшейтуге басымдық берілмек.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





