Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚАЛАМГЕРІН ҚҰРМЕТТЕДІ

18 ақпан 2025
КҮНДЕРЕК
ҚАЛАМГЕРІН ҚҰРМЕТТЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қара сөзбен де, қасиетті қара өлеңмен де оқырманға олжа ұсынып  ғажайып шығармалардың авторы атанған Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ақын-жазушы Нұрила Бектемірова 75 жаста. Осыған орай С. Сейфуллин атындағы облыстық кітапханасында «Жан дүниенің жарық әлемі» атты кездесу кеші өтті.

Құстың қос қанатындай елес берер проза мен поэзияны қатар игерген Нұрила Дәнтайқызының мерейтойына орай өткен рухани шара бейнероликпен бастау алды. Онда мағыналы ғұмыр иесінің шығармашылық әлемі, тебіреніс пен толғанысқа толы өткен кезеңі, өмірі туралы сыр шертілді.

«Өз елі өз ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді» деп Ілияс Жансүгіров жырлағандай, кеш кейіпкеріне ыстық ықылас білдіру үшін жетісулық зиялы қауым өкілдері арнайы сөз алды. Алдымен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Қалқабаева сөз сөйлеп, рухани шараның мәні мен мазмұнына тоқталды. Сонымен қатар ол  облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулет пен мәдениет басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменовтың құттықтау хатын оқып берді. Мерейтой иесінің иығына шапан жапты.

Жан тербеген кеш барысында көрнекті ақын Нүсіпбай Әбдірахым, айтыс өнерінің ақтаңгері Айтақын Бұлғақов, ҚР Жазушылар одағы Жетісу облыстық филиалының директоры Жангелді Немеребай секілді қаламгерлер мен кеш кейіпкерінің жақындары сөз алып, мерейтой иесіне ізгі ниеттерін білдірді.

Жазушы қаламынан бертінде жазылған шығармалар топтастырылған «Өмірдің өзгермейтін жұмбағы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Сонымен қатар қаламгер жерлестері де ізгі тілек білдірген рухани шара барысында ақынның сөзіне жазылған «Қабан жырау бабамыз», «Адам деген бар атым» әндерін асқақтатты.

Арайлым АБЫЛҒАЗЫ
І. Жансүгіров атындағы ЖУ-дің білімгері

 

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

Бүгін, 17:02
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Бүгін, 15:06
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

Бүгін, 14:46
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

Бүгін, 14:45
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.