Талдықорған: +30°C
$ 520.93
€ 609.07
₽ 6.68
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Алаш арыстары мен әйел теңдігі

26.06.2025
КҮНДЕРЕК
Алаш арыстары мен әйел теңдігі

ХХ ғасыр басында қазақ қоғамындағы гендерлік мәселелердің маңызын түсінген Алаш зиялылары халықтың санасына сәуле түсіріп, қалың ұйқыдағы қазақты ояту үшін талай мақалалар, өлеңдер,көркем шығармалар жазған. Қазақ жазба әдебиетіндегі тұңғыш романның да осы әйел теңдігіне арналғаны тегіннен-тегін емес.

Әйелдердің азаматтық құқықтары, қоғамдағы орны ХХ ғасырдың бас кезінде Алаш қайраткерлерінің араласуымен оң сипат ала бастады.

ХХ ғасыр басында қазақ даласындағы гендерлік мәселелерді көтерген М. Дулатұлының «Бақытсыз Жамал», Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романы, С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы, Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесі, М. Әуезов, М. Жұмабаев және Н.Құлжанова сияқты Алаш зиялыларының публицистикалық мақалалары әйелдердің қоғамда өз орнын табуға ықпал етті.

Міржақып Дулатұлы 1921 жылы шыққан «Ақ жол» газетінің №16 санына «Әйел теңдігін қорғау – баршаңа бірдей борыш» атты мақала жазады. Мақалада: «Ескі һүкімет біздің қазақ-қырғызды жүгенсіз етіп, арқасын жауыр, құйрығын шолақ, ерқашты қылса да, һүкімет жаласынан аулақ, өзіміздің сүйекке сіңген ескілікті әдет-ғұрпымыздан болған үлкен кемшіліктеріміз толып жатыр. Солардың бірі – әйелді кемдікте ұстау» дейді. Автор қазақ қыздарының қалың малға сатылып, салттың құрбаны болып жатқанына күйінеді «…«Ақ жолдың» осы санынан бастап, «Әйел теңдігі» деген айрықша бөлім ашылады. Мұнан былай жарияланған низамға қарсы қалың мал алу, әйелді сүймеген адамына еріксіз беру, яки өжет әйелдер ескі әдетке бойсұнбай, сүйгеніне кету секілді оқиғалар болса, ғибрат үшін атын атап, түсін түстеп жазып тұрушыларға газет беті ашық. Газетте атын шығарғысы келіп, жалған хабар жазушылар жауапты болады. Сотқа тартылады.

Россияда төңкеріс болғанына үш жыл өтіп, төртіншіге айналса да, қазақ-қырғыз әйеліне теңдік күні туған жоқ еді. Қазақстан һүкіметінің бүгінгі низамын қуанышпен қарсы аламыз. Бұл низам қағаз жүзінде қалмай, ескі ғұрыпты жеңіп, әйел теңдігін шын мағынасында іске асыруына тілектеспіз. Бітсін күңдік! Көркейсін әйел теңдігі!» – деп қазақ әйелдеріне қолдау білдіріп, жаңа Заңның қабылданғанын қуанышпен жеткізеді.

Міржақып Дулатұлының қазақ әдебиетіндегі тұңғыш романын әйел тақырыбына арнап жазуы – қазақ қызына деген жанашырлықтан, әйел құқының тапталуына жаны ауырып, бойжеткенін малға сатқан қазақтың надандығына күйінгеннен еді. Жазушының қаламынан туған «Бақытсыз Жамал» романы (1910 ж.) сол замандағы ауылдың әлеуметтік құрылысын, тұрмыс-тіршілігін шынайы суреттеп, әйел бостандығы, азаматтық құқықтары мен теңдігі мәселелерін көтереді.

Романның басты кейіпкері Жамал Сәрсенбайдың 45 жасында тоқалы Шолпаннан көрген зарыға күткен перзенті. Сәрсенбай мен Шолпан қызы Жамалды 9 жасқа келгенше ұл балаша киіндіріп, бар жылы-жұмсақты аузына тосып, мәпелеп өсіреді, көңілдеріне медеу көреді.

Бір күні Сәрсенбайдың үйіне келген молда: «Қыз тоғыз жаста балиғ болады, енді Жамалға намаз үйретіп, оқытып, шашын қойыңыз» деп кеңес береді. «…Оқытқанда хат жазып кетерліктей оқытпаңыз, хұсуса жәдид (жаңаша оқыту әдісі, оқушылар дін пәндерімен қатар жазу, есеп, жағрапия, тарих, орыс тілі сияқты өмірге қажетті пәндерді үйрететін болған) молдалардан оқытпаңыз, не үшін десеңіз, олар әуелі дін, иман білгізіп, намаз оқытпай, «иман шарт, «бәдуәм», «әптиек», «әйжіктерді» былай қойып, орыстарша а, б, т деп орыстың ісін қуаттап, балаңды бұзады, – деді».

Жамалдың бағына орай оны Уфа медресесінен білім алған Ғазиз есімді ноғай жігіт ауыл тұрғындарының сұрауымен ескіше оқытады. Жамалдың зеректігін байқап, анасы Шолпанның рұқсатымен оңашада хат жаздырып үйретеді.

Көп ұзамай Ғазиз молданың еліне қайтатын уақыты жеткен соң, Жамал оқуын тоқтатуға мәжбүр болады. Сәрсенбай да баяғы дүмшенің сөзін қаперіне сақтап алған соң әрі қарай қызының сауат ашуына жағдай жасамайды.

Сәрсенбай сол сауатсыздығы мен мансапқұмарлығының жолында қызы – Жамалдың тағдырын құрбан етеді. Өзі болыстыққа сайлауда жеңіп шығу үшін атақты әрі ықпалды бай Байжанмен құдаласуды көздеп, қызының тырнағына татымайтын, ақылсыз таз Жұманға Жамалды атастырды. Қалың малын алады. Шығарманың соңы өзінің сүйгені Ғалимен қосыла алмай арманда кеткен Жамалдың кейіннен мәжбүрліктен қосылған топас күйеуі Жұманның қорлығына шыдай алмай, жапан далада, боранды түнде ғашығы Ғалидің зиратының басында жан тәсілім етуімен аяқталады. Жамалдың қалтасынан шыққан жыр шумақтары қыз баланы қорлықта ұстаған, тағдырын тас-талқан еткен сол әділетсіз, қараңғы қоғамға шаққан мұңы еді.

Романда автор Жамалдың басынан өткен оқиға арқылы қазақ қыздарының бас бостандығы, жастардың өз қалауымен өмір сүру қажеттігі туралы ойын анық көрсетеді. Міржақып үшін әйелдің бас еркіндігі болуы, өзі қалаған адамымен тұрмыс құрып, қалауынша өмір сүруіне мүмкіндік алуы ең басты мәселе болатын. Әйелдің құқығын шектеп, арын аяққа таптайтын ескі әдет-ғұрыпқа жан-тәнімен қарсы шықты.

Роман халық арасына кеңінен тарады. Алаш арысы Ә. Бөкейхан 1914 жылы «Қазақ» газетіне «Арыс ұлы» деген бүркеншік есімімен «Роман не нәрсе?» деген өзінің мақаласын жариялады (Арыс ұлы. «Қазақ», 1914 ж., №48. Орынбор қаласы). Алаш көсемі мақалада: «Біздің арамызда қазақша бірінші роман шығарған Мир Яқұб Дулат. Оның «Бақытсыз Жамал» деген романы 1910 жылы басылып жарыққа шықты… «Бақытсыз Жамалда» қазақтың қазіргі жайынан біразы көрінеді. Мұнда қазақтың қай жерінде болса да, малға қызығып я партияға қызығып қыздарын жастай күйеуге беру жайы бар, ысырапқа ақша шашып, жақынмен араздасу, қызын сүймегеніне жылатып ұстап беру, бұған шыдай алмай қыз теңін көксеп қайғыға бату бар…». Алаш арыстарының сол замандағы әйел құқығына, әйел теңдігіне деген көзқарастары ерекше болды.

«Бақытсыз Жамал» романы кейіннен Т. Жомартбаевтың «Қыз көрелік», С. Көбеевтің «Қалың мал», С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» секілді, т.б. романдардың жазылуына жол ашты. Бұл шығармалардың бәрі қазақ қоғамындағы аса маңызды әлеуметтік мәселеге арналды. Қазақ ауылының тұрмысы мен әйелдердің бас бостандығы, қоғамдағы аянышты халі туралы баяндалды.

Қазақ қызының басына үйірілген қара тұман басқа да Алаш зиялыларын толғандырмай қоймайды.

Алаш қайраткерлерінің әйел теңдігі тақырыбында қалам тербемегені кемде-кем. Осындай «әлеуметтік әділетсіздік» орнаған қоғамға көңілі толмаған Алаш қайраткерлері бұл мәселеге белсене араласады. Әрине, әйел теңдігі мәселесін көтеретін көркем шығармалар жазу арқылы көпшілік қауымға әсер ету – қаламгерлер қолданатын қоғамды өзгертуге бағытталған әдістерінің бірі екені анық. Алайда Алаш арыстары қыз баланың құқығын таптайтын ескі салт-дәстүрлерді жою үшін ресми, мемлекеттік деңгейде әрекет ету қажеттігін түсінді.

Міржақып Дулатұлы өзі куә болған оқиғасын 1924 жылы «Еңбекші қазақ» газетіне жариялаған «Сол қыздың атын ұмыттым» атты мақаласында былай деп жазады: «…Қазіргідей заманда бұл аз уақыт емес. Содан бері талай кемшіліктер түзетілді. Бірақ ұлы мақсатты тілектердің бірі – әйел теңдігі әлі де көңілдегідей жүзеге асқан жоқ. Бұған себеп: елдің сүйегіне сіңген ескі әдеттің әлі күштілігі, әйел табының көзі ашылып кетпеуі, бостандық қадірін анық білмеуі, ел ішіндегі соттардың салақтығы-олақтығы, тағы-тағылар. Қара басының бостандығын көксеген әйел жігерлі болса, қазақ ішіндегі соттар қатаң қызметін біліп істеп, жолдан таймайтын болса, әдет-ғұрып қанша күшті болғанымен, жоғалмасқа шарасы жоқ», – деп ескі әдеп-ғұрыптың шырмауынан арыла алмай отырған қоғам туралы ашына жазады.
Мақалада: «Осы қыз 7 аудан сотына арыз береді: ата-анасы жастай қалың мал алып, біреуге атастырып қойғанын, енді бойжеткен соң, күйеуі жаман екенін біліп, оны сүймейтінін баяндап, басына бостандық сұрайды. Сот қызды шақыртады. Қыздың әке-шешесі, туысқандары, бәрі шұбырып ере келеді». Қыздың туыстары жабылып «Арыз бергенім жоқ, бұрынғы күйеуіме баруға ризамын», – деп айту керегін үйретіп, қызға қысым көрсетеді. Қызға туыстары еркінен тыс әрекеттерді жасатып жатқанын түсінген М. Дулатұлы қызды жеке шақырып, өзінен ашық сұрайды. Сонда қыз бәрін мойындап, сотқа басына бостандық сұрап арыз бергенін айтады. Сол жерде Міржақып қыздың басына бостандық әпереді. «Сөйтіп қыз басына бостандық алып, дегеніне жетеді. Сүйгенімен кетті.

Ата-анасын бала қанша жақын көрсе де, қанша сыйласа да тіршілікте адамның азаттығынан артық еш нәрсе болмайтындығын, ол азаттыққа өзге түгіл, ата-анасы қарсы келсе де, еш нәрсе айырбастамайтындығын осы қыз сол жолы жиналған жұртқа айқын көрсетті», – дейді мақала авторы М. Дулатұлы. Сол кезеңдерде Міржақыпқа өзінің басына еркіндік әперуге көмек сұрап жазған қазақ қыздарының арыздары жиі келетін еді.

Алаш азаматтары ескіні аңсаған керітартпа әдеттерді сынап, әйелдердің бас бостандығын алып, еркін өмір сүруі үшін қолдарынан келгенше еңбек етеді. Талпыныстары да текке кетпейді. Қазақ әйелдерінің үні баспасөз арқылы шыға бастады. Әйел құқы мен бостандығы турасында үн қосып, қоғамның бұрышына кірпіш болып қаланған қаламгерлердің ішінде Нәзипа Құлжанова, Ғанижамал Дулатова, Сара Есқызы секілді әйел қаламгерлері болатын. Олар қазақ қоғамында кеңінен танымал «Қазақ», «Айқап», «Ақ жол», «Еңбекшіқазақ» газеттерінде мақалаларын, өлең-жырларын, әйелдерге маңызды болар деген ақпаратты жазып отырған.
Алаш арыстары әйел теңдігі жайында мақала жазып, роман жазумен шектелмей, 1917 жыл әйелдердің теңдік алу мәселесін ресми түрде Орынборда өткен І жалпықазақ съезінде де көтереді. 1917 жылдың 21-26 шілде аралығында өткен І жалпықазақ съезінде «Алаш» партиясын құру туралы шешім қабылданып, ең өзекті 14 мәселені қарастырғанда, әйел теңдігі мәселесі де күн тәртібіне қойылды. Саяси аренаға жаңа бой түзеп жатқан партия әйелдердің азаматтық құқығын қорғау жолында «Әйел мәселесі» жөнінде Қаулы қабылдады. Онда, әйел мен ер адам арасындағы саяси құқықтың тең екені, күйеуге шығу құқығы әйелдердің өздеріне байланысты екені, қалың малды жою, молдалардың 16 жасқа толмаған қыздар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдердің некесін қиюына тыйым салу туралы мәселелер бекітілді.
Қорыта айтқанда, ХХ ғасыр басында басталған гендерлік теңсіздік Алаш қайраткерлерінің назарынан тыс қалған жоқ. Алаштың арда азаматтарының арқасында қазақ әйелдерінің «ақ таңы» атып, бостандық туы желбіреді. Олар қолындағы қаламын қару қылып, қазақтың санасын оятуға күш салды.

Біз өмір сүріп жатқан ХХІ ғасырда да әйел теңдігі өзектілігін жойған жоқ. Заң жүзінде әйел мен ерге тең құқық берілгенімен, қара халықтың арасында әйелді әлі күнге төмен етекті деп кекетіп, реті келсе «шашы ұзын, ақылы қысқа» деп мұқатып қалатындар жоқ емес. Статистика бойынша жылына 400 әйелдің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болатыны – кей отбасыларда әлі күнге әйелдің дауысы, еркі, іздеуі мен сұрауы жоқ зат есебінде жүретінінің айқын көрінісі.
Қазіргі қазақ қыздарының білім алып, әлеуметтік қоғамда өз орнын қалыптастырып, әртүрлі салада қызмет етуіне, еркін тыныстап, қалауынша өмір сүруі, психологиялық, физиологиялық тұрғыда пісіп-жетілгенде барып жүрегі қалаған адамына тұрмысқа шығуы, қоғамдағы сөз, ой еркіндігі мен дауыс беру сияқты құқықтарға ие болуымыз жолында – ұлтым деп алға ұмтылған Алаш арыстарының, «Әр қазақ қызы – қарындасым» деп еміренген жанашыр ағаларымыздың ерен еңбегі жатыр.

Мөлдір Қуандық
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Атажұрт рухын асқақтатқан

Атажұрт рухын асқақтатқан

11.07.2025
Міндетті әлеуметтік  сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

11.07.2025
Жетісу облысында су шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

Жетісу облысында су шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

11.07.2025
Қазақстанда 85 мың теңге күнкөріске жетпейді – сарапшы

Қазақстанда 85 мың теңге күнкөріске жетпейді – сарапшы

11.07.2025
Жетісулық жас робототехниктер халықаралық аренаға жолдама алды

Жетісулық жас робототехниктер халықаралық аренаға жолдама алды

11.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.