Талдықорған: +7°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Алдын ала дайындық жасамаймыз»: Қорғаныс министрі журналистерге «ұсыныс» тастады

7 маусым 2023
КҮНДЕРЕК
"Алдын ала дайындық жасамаймыз": Қорғаныс министрі журналистерге "ұсыныс" тастады
WhatsAppTelegramFacebook

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов  тілшілерді әскери бөлімшеге сапарлап қайтуға шақырды.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы ҚазАқпарат дерегіне жүгіне отырып хабарлайды. 

Қорғаныс министрінің журналистерді әскери бөлімшелерді аралауға шақыруының себебі де бар. Бұл туралы ол жастардың әскерге барудағы белсенділігінің төмендігін айта отырып: 

«Ең алдымен, бұл мәселе тәрбиеге қатысты болуы мүмкін. Сондықтан дәл қазір министрліктегі жауапты қызметкерге тиісті тапсырма беремін. Ол арнайы түрде автобуспен журналистерді жақын жердегі әскери бөлімшеге жеткізеді. Сол жерде тілшілер әр сарбазбен сөйлесе алады. Жауынгерлердің қандай жағдайда қызмет етіп жатқанын емін-еркін көресіздер. Бұл бөлімшеде алдын ала дайындық жасамаймыз», — деді Р. Жақсылықов Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның пайымынша, жастар арасында патриотизмді кеңінен насихаттау керек. Өзі үшін де, отбасы үшін де, Отаны үшін де жауапкершілікті сезіне білетін адамды тәрбиелеу керек. Түнгі клубта өзінің демалысына көбірек көңіл бөлетін адамдарға жауапкершілік жүктеу қиындау болады.

«Өз халқыңның патриоты болсаң, неге әскерге бармайсың? Егер жастар түнгі клубта жүрсе, онда олардың көңіл көтеруге, уақытын босқа өткізуге денсаулығы жеткілікті екенін білдіреді ғой?! Бірақ олар өздерінің әскери борышын өтегісі келмейді», — деді Қорғаныс министрі.

Сонымен қатар, ол Қарулы күштердің басшылығы әскердегі теріс әрекеттерге тосқауыл қою бағытында тиісті іс-шараларды ұйымдастырып жатқанын айтты.

Фото: ашық дереккөзден 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

Бүгін, 17:12
Кітап оқитын шекарашы

Кітап оқитын шекарашы

Бүгін, 15:43
Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Бүгін, 15:24
Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бүгін, 15:00
Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.