Талдықорған: +18°C
$ 511.92
€ 588.91
₽ 6.44
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ӨМІРЛІК БАҒДАР» АТТЫ ЖАҢА ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

08.04.2022
КҮНДЕРЕК
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА "ӨМІРЛІК БАҒДАР" АТТЫ ЖАҢА ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

«Өмірлік бағдар» жобасы аясында Талдықорған қаласындағы №9 орта мектепте ата-аналармен және оқушылармен кездесу өтті.

Шараны Алматы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Адамбекова ашып, жастардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауы аса маңызды екендігіне тоқталды. Осы орайда облыстық ішкі саясат басқармасының бастамасымен бірлесе отырып, жастарға мамандық таңдауда бағыт беретін «Өмірлік бағдар» бағдарламасының жүзеге асып жатқандығын атап өтті.

— Балаға әрдайым ата-ананың қолдауы қажет. Өйткені, сіздердің бағыт берулеріңізбен бала болашақ мамандығын, оқитын білім ошағын таңдайды. Бұл ретте балаға да, ата-анаға да ақпараттық насихат қажет. Жобаның да мақсаты осы – балаға дұрыс мамандық таңдауға көмектесіп, ақпараттандыру, – деді Айжан Маманқызы.

Келесі кезекте сөз алған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Керімбек:

— Көп адамның өмірлік бағытын дұрыс таңдамағандығынан өмірден өз орнын таба алмай адасып жүргені алаңдатады. Өз кәсібін таппаған соң адамның өмірі де дұрыс қаланбайды. Әркім өз ісімен айналыспаған соң қоғамның да дамуы тежеледі. Жаңа Қазақстанды қалыптастыру үшін жаңаша ойлайтын азаматтар қажет. Жаңаша ойды қалыптастыру үшін әркім өз мамандығы бойынша жұмыс істеу керек. Сонда Қазақстан алға жылжиды. Ол үшін баламен сырласып, оның ішкі жан-дүниесін, қалауын танып, дұрыс бағыт берген жөн. Ол, біріншіден, ата-анаға, екіншіден, ұстазға жүктелер міндет. Мұғалімнің көп жағдайда сабақтан уақыты артылмай жатады. Осы жағдайды ескеріп, баланың болашағын дұрыс қалауға үлес қосатын арнайы жобаны қолға алып отырмыз, – деді.

Шара барысында сөз алған қоғам белсендісі Сәуле Сұрабалдинова оқушылармен тілдескенде олардың барлығы дерлік ата-аналарымен кеңесетінін, солардың нұсқауы бойынша мамандық таңдайтынын жеткізіп, осы орайда ата-аналардың кәсіп таңдауға жәрдемдесуде баланың жан қалауын ескеруі қажеттігін алға тартты. Сондай-ақ, шара барысында Алматы облыстық қоғамдық келісім орталығының директоры Серік Бимұқанбетов, жастарға берер өнегесі мол құрметті азамат Құрметбек Сансызбай өмірлік қағидаттарымен бөлісті. Талдықорған политехникалық колледжі директорының орынбасары Елзат Байділданов мамандық таңдау және оқуға түсу бойынша ата-аналарды алаңдатқан сауалдарға жауап берді.

Кездесу барысында мамандық таңдауда ой салар бейнематериалдар көрсетіліп, оқушылармен және олардың ата-анасымен ашық сұхбат жүргізілді. Мұндай кездесулер 13 сәуірден бастап Алматы облысында он күн бойы жүзеге аспақ. Бұл ретте облысымыздағы барлық мектептің жоғары сынып оқушыларымен, олардың ата-аналарымен кездесіп, бағыт-бағдар беру көзделуде. Демек, 120 мыңға жуық адаммен кездесіп, осы бағытта әңгіме өрбіту жоспарланып отыр.

Алма ЕСЕНБАЙ

Фото — Аслан ҚАЖЕКЕ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда Сабантой мерекесі атап өтілді

Талдықорғанда Сабантой мерекесі атап өтілді

16.06.2025
Талдықорғанда үздік медицина мамандары марапатталды

Талдықорғанда үздік медицина мамандары марапатталды

16.06.2025
Бақыттың кілті өз қолыңда

Бақыттың кілті өз қолыңда

15.06.2025
Қарасаздың Қарлығашы

Қарасаздың Қарлығашы

15.06.2025
«Жетісудың» жүрегі

«Жетісудың» жүрегі

15.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.