Алматы облысының әкімі Қанат БОЗЫМБАЕВ «Twitter» әлеуметтік желісінен (үстінен басыңыз) жеке аккаунтын ашты. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.
«Құрметті жетісулықтар! «Twitter»-дегі жеке парақшама қош келдіңіздер! Осы жерде жаңалықтармен, өңіріміздегі өзекті мәселелердің шешімімен бөлісіп отырамын. Сіздерді конструктивті диалог құруға шақырамын», — деп жазды Қанат Бозымбаев желідегі парақшасында.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та «Твиттер» парақшасын жүргізеді. Сондай-ақ, «Жетісу» газетінің күнделікті ақпараттары да «Твиттер» желісінде жарияланып отырады.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





