Талдықорған: +6°C
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ЫСТЫҚ ЛЕБІЗІН БІЛДІРДІ

31 желтоқсан 2021
КҮНДЕРЕК
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ЫСТЫҚ ЛЕБІЗІН БІЛДІРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Қанат БОЗЫМБАЕВ жетісулықтарды Жаңа 2022 жылмен құттықтады. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

«Құрметті Алматы облысының тұрғындары! Сіздерді келе жатқан Жаңа 2022 жылмен құттықтаймын! Ерекше сәулелі, жүрекке жылылық сыйлайтын осы мерекеде алдағы жылға жоспар жасаймыз, асыл армандарымызды үкілеп, мақсат-міндеттерімізді белгілейміз.

2021 жылы еліміз үшін айтулы кезең — Тәуелсіздіктің 30 жылдығы кеңінен атап өтілді. Осы уақыт аралығында іске асырылған ауқымды жетістіктерімізді қайта бір бағамдадық. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен алдымызға зор мақсаттар қойып, даму жолын жалғастырып келеміз.

Әрине, өткен жыл індет жағдайында бәрімізге оңай тиген жоқ. Дегенмен, жұмыла жұмыс істеудің арқасында оң өзгерістерге қол жеткізілді, Жетісу өлкесінің одан әрі дамуына берік негіз қаланды. Жалпы өңірлік өнім көлемі 3,7 трлн.теңгеге жетті, ал ауыл шаруашылығында құны 1 трлн.теңгеден астам өнім өндірілді. Бір жылда 1 млн.шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Осы жолдағы тынымсыз еңбектеріңіз үшін, туған өлкені түлетуге деген ықыластарыңыз үшін сіздерге үлкен рахмет айтамыз.

Құрметті жерлестер! Жетістіктеріміз біздің ортақ жеңісіміз екенін, ал алда әлі талай асқар асулар күтіп тұрғанын әр жаңа жыл сайын сезінеміз. Жаңа жыл мерекесінің басты мән-мазмұны да осында, ол – болашаққа деген сенімімізді бекемдеу, алға ілгерілеуге талпындыру, жасампаздыққа деген ұмтылысты ояту. Сондықтан, келер жылдың жақсылықтарға толы болатынына деген сеніміміз мол.

Жаңа 2022 жылда арман-мақсаттарыңыз орындалып, игілік-қуаныштар көп болсын. Сіздерге мықты денсаулық, толайым табыс, отбасыларыңызға молшылық пен береке тілеймін! Жаңа жылда тың бастамалар, биік белестер көп болсын!

Жаңа жыл жаңа бақыт әкелсін!» — деді Қанат Бозымбаев.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

29 қазан 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

28 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

28 қазан 2026
Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

28 қазан 2026
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

28 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.