Талдықорған: +2°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ МИТИНГ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

27 желтоқсан 2021
КҮНДЕРЕК
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ МИТИНГ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

2020 жылдың 25 мамырында «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заң қабылданғаны белгілі.

Аталған Заң Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбіт және қарусыз жиналып, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттеу өткізу құқығын іске асыруға бағытталған.

Заңда бейбіт жиналыстарды өткізудің хабарламалық және регламенттелген тәртібі көзделген.

Бірінші жағдайда жиналыстарды, митингілер мен пикеттерді ұйымдастырушы өткізілетін күніне дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей олардың өткізілетіні туралы жергілікті атқарушы органды алдын ала хабардар ету көзделген, ал демонстрация мен шеру өткізу үшін іс-шараны ұйымдастырушы өтініштер өткізілетін күнге дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оларды жіберуге тиіс.

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілі болмаған кезде бейбіт жиналыстар өткізуге жол берілмейді.

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу зорлық-зомбылықсыз сипатта, заңды, мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қатысу еріктілігі, бейбіт жиналыстарды өткізу пайдасына презумпция, тараптардың жауапкершілігі қағидаттарына негізделуі тиіс.

Соңғы жылдары интернет кеңістігінде азаматтарды хабарламалар мен бейнежазбаларды тарату арқылы заңсыз акцияларға қатысуға шақыру жиілеп, азаматтарды заңды бұзуға итермелейтіні құпия емес.

Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы заңдарды бұзу оны ұйымдастырушылардың және қатысушылардың Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 488-бабымен әкімшілік жауапкершілікке және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 400-бабымен қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғуы мүмкін.

Осыған байланысты Алматы облысының прокуратурасы қолданыстағы, соның ішінде, Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізуді реттейтін заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Алматы облысының прокуратурасы

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

30 қазан 2026
Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

30 қазан 2026
Кітапхана – рухани орта

Білім кілті – кітапта

29 қазан 2026
СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

29 қазан 2026
Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

29 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.