Талдықорған: +26°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Қалтаға салмақ салып тұр»: Жылу, су, жарық тарифтері қымбаттаған

01.03.2025
КҮНДЕРЕК
"Қалтаға салмақ салып тұр": Жылу, су, жарық тарифтері қымбаттаған

Талдықорған қаласындағы азаматтарды қабылдау  орталығында облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Айдос Дауешов тарифтердің көтерілуіне байланысты азаматтарды қабылдады. Кездесу барысында тұтынушылар жаңа тарифтердің бағасы бойынша шағымдарын білдіріп, тиісті сала өкілдерінен тұшымды жауап алды.

Департамент басшысының айтуынша, 2023 жылы облыс тұтынушыларынан 544 өтініш түссе, 2024 жылы бұл сан 1242-ге өскен. Былтыр тұтынушыларға 67001915 теңге қайтарылған. Бұл  тұтынушылар құқығы бұзылуының көбейгенін білдіреді.

Қазіргі таңда тарифтердің көтерілуі тұрғындардың қалтасына едәуір салмақ түсіруде. Қабылдауға келген бір тұрғын: «Осы күні, кімге, неге, қандай коммуналдық төлем жасап жатқанымызды білмейтін болдық. «Төлем жасаңыз?» деген сөз жылтыңдап каспий қолданбасына келсе, кешке үйге кірерде есігіңде төленбеген шығынды өтеу туралы ескерту қағазы ілулі тұрады. «Төлемесеңіз сотқа жібереміз» деген ескертпесі тағы бар. Ал біздің құқығымызды кім қорғайды?», – деп мұңын шақты.

«Қазақстанның болашағы үшін жастар қозғалысы» ҚБ-нің тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің жай-күйін, проблемаларын және даму перспективаларын айқындау мақсатындағы зерттеуге республика бойынша 10944, соның ішінде Жетісу облысынан 524 респондент қатысқан. Нәтижесінде, жерлестеріміздің 82 пайызының такси қызметіне көңілі толмаса, 70 пайызы электр энергиясын жеткізуші компанияның қызмет көрсету сапасына қанағаттанабайды. Осы реткі қабылдауға келген азаматтар тарифтердің қымбаттағанына наразы.

Жиында жылу, су, жарық беретін мекемелердің басшылары тарифтердің неліктен көтерілгені туралы түсіндіріп берді. Олардың айтуынша, тариф қымбаттаған, бірақ оның мөлшері қалтаға жүк түсірмейді. Ал азаматтар тарифтердің мейлінше өсіп, елді елеңдетіп тастағанын алға тартты. Ақыры екі тарап та өз ұстанымында қалды. Нақты қорытындысын облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті шығарады.

Қажет Андас
Фото: uralskweek.kz 

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысының намысын республикалық деңгейде қорғауда

Жетісу облысының намысын республикалық деңгейде қорғауда

14.05.2025
Жаңа пәтерлердің бағасы қайта өсуде

Жаңа пәтерлердің бағасы қайта өсуде

14.05.2025
Жетісу облысында киік мүйіздерін заңсыз сатқан теміртаулық ұсталды

Жетісу облысында киік мүйіздерін заңсыз сатқан теміртаулық ұсталды

14.05.2025
Қазақстандықтар жедел жәрдемді дамыған елдерге қарағанда жиі шақырады

Қазақстандықтар жедел жәрдемді дамыған елдерге қарағанда жиі шақырады

14.05.2025
Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

14.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.