Талдықорған: +8°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Алтын Орда» дауы: Болат Назарбаевтың мұрагері неге 15 млрд теңге төлеуі тиіс?

16 ақпан 2026
КҮНДЕРЕК, САЯСАТ
«Алтын Орда» дауы: Болат Назарбаевтың мұрагері неге 15 млрд теңге төлеуі тиіс?

Фото: yandex.kz/maps

WhatsAppTelegramFacebook

Алматы іргесіндегі ірі сауда нүктесі «Алтын Орда» базарының төңірегіндегі шу қайта өршіп жатыр. Базардың бұрынғы иесі Айдарбек Құсайынов экс-президенттің жиені Нұрбол Назарбаевты сотқа беріп, одан 15 млрд теңгеден астам қаражат талап етті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс бойынша сот арызды өндіріске алып, жауапкердің мүлкі мен банктік шоттарына талап етілген сома көлемінде шектеу қойды. Мұндай қадам болашақта сот шешімі шыққан жағдайда, оның орындалуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Талап қоюшы Айдарбек Құсайынов жауапкер тарапты «негізсіз баю» арқылы орасан зор пайда тапты деп айыптап отыр. Нақтырақ айтсақ, ол Нұрбол Назарбаевтан 15 млрд 171 млн теңге өндіруді көздейді.

Даудың тамыры тереңде жатыр. Айдарбек Құсайынов 2013 жылға дейін «Алтын Орда» базарына иелік еткен «Kurylys LTD» компаниясының 39 пайыз үлесіне ие болған еді. Алайда сол кезеңде базарды Болат Назарбаевтың атына рәсімдеу бойынша түрлі әрекеттер басталған.

Сот материалдарына сүйенсек, Құсайынов өз үлесін нарықтық бағадан әлдеқайда төмен сомаға, яғни 1,3 млн долларға сатуға мәжбүр болғанын алға тартады. Кейіннен бұл іс бойынша рейдерлік фактілері анықталып, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылған болатын. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев базардағы заңсыздықтарды жойып, тәртіп орнатуды тапсырған соң, бұрынғы иелері өз құқықтарын қорғауға қайта кірісті.

Болат Назарбаев қайтыс болғаннан кейін оның активтері мен бизнестегі үлестері ұлы Нұрбол Назарбаевқа өткен. Құсайыновтың айтуынша, базар жылына 12–15 млрд теңге табыс әкеледі. Ол өзінің он жыл бойы иеліктен айырылуы салдарынан шамамен 50 млрд теңге пайдадан қағылғанын айтады.

Қазіргі таңда сот ісі жалғасып жатыр. Процесс елдегі активтерді қайтару және әділдікті орнату жолындағы маңызды қадамдардың бірі ретінде қарастырылады. Іс тек қана өткеннің дауын шешу емес, алдағы уақытта ірі бизнес нысандарында ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз етуге жол ашады.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

20 қараша 2026
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

20 қараша 2026
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

19 қараша 2026
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.