Талдықорған: +35°C
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІН АУЫСТЫРДЫ

03.03.2021
КҮНДЕРЕК
АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІН АУЫСТЫРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясына Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ қатысып, активке жаңа тағайындалған әкім Әлібек ЖАҚАНБАЕВТЫ таныстырды. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Алдымен жиналғандарды күн тәртібімен таныстырған аудандық мәслихат хатшысы Бекет АХМЕТОВ сөз кезегін облыс әкіміне берді.

Аталған шараның заңға сәйкес өткізіліп отырғанын ескертіп өткен Амандық Ғаббасұлы аудан басшылығына жаңа тұлғаның келуі істі одан әрі ширатуға, тың серпілістердің қарқын алуына себеп болатынына, ауданда әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешім табуына мүмкіндіктердің жеткілікті екендігіне тоқталды.

– Бұқараның талап-тілектерін  орындау бүгінгі таңдағы үлкен міндеттердің бірі, – деген облыс әкімі Амандық Баталов көпшілікке жаңа әкімнің білімі мен білігін таныстырып өтті. – Осындай жұмыстардың кілтін табады, оны жоғары деңгейде ұйымдастыра алады деген сеніммен аудан әкімі қызметіне үміткер етіп ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Әлібек Жақанбаевты ұсынып отырмын. Басшылық салада көп жылдар жұмыс істеп, шыңдалған Әлібек Әскербекұлы білімі тәжірибесіне сай, жан-жақты толысқан азамат. Әсіресе, Алакөл ауданын басқарған кезеңде қабілет-қарымын халыққа молынан көрсетіп, көпшіліктің көңілінен шықты.

Мәслихат депутаттары ұсынысты бірауыздан қолдады. Сөйтіп, Әлібек Жақанбаев облыс әкімі Амандық Баталовтың өкімімен Еңбекшіқазақ ауданының әкімі болып тағайындалды. Өзіне зор сенім білдіргені үшін облыс әкіміне, мәслихат депутаттарына, жиналған жұртшылыққа ризашылығын білдірген Әлібек Әскербекұлы бойындағы күш-жігерін, қарым-қабілетін халықтық мақсаттарға жұмсайтынын айтты. Одан соң аудан ардагері, облыстың Құрметті азаматы Елеусіз Сұлтанғазиев қазақы дәстүрмен жаңа басшыға жұртшылық атынан ақ бата берді.

Өңір активімен болған кездесуден кейін ауданның жаңа басшысымен бірге бірнеше нысанды аралаған облыс әкімі Амандық Баталов, ең алдымен, Есік қаласының іргесіндегі топтық су жүйесі құрылысының жұмысымен танысты. Жалпы құны 4,4 миллиард теңгені құрайтын жобаның бүгінгі таңда тең жартысы, яғни, 2,5 миллиард теңгесі игеріліпті. Мұнда еңбек етіп жатқан «Сапа Құрылыс–2007» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аталған нысанды өз мерзімінде, 2022 жылдың мамыр айында пайдалануға береміз деп жоспарлауда. Нысан жұмысына жауапты мамандарға құрылыс сапасына ерекше мән беру керектігін тапсырған облыс әкімі нысан ойдағыдай бітсе, бірқатар елді мекенді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мүмкіндігі толық шешімін табылатынын атап өтті.

Одан соң Бөлек ауылдық округіне қарасты Аймен ауылына барған облыс басшысы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген орта мектепті аралап көрді. Құрылыс жұмыстарын «Энерго Холдинг ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз міндетіне алған жобаның құны 437,88 миллион теңгені құрады. Құрылысы мерзімінде толықтай аяқталған білім ошағы оқушыларға есігін айқара ашты.

Білім саласындағы жетістіктер мен өзекті мәселелерді баяндаған Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің басшысы Батес Аманова былтыр Саймасай, Аймен ауылдарындағы орта мектептер мен Шелек ауылындағы Бижанов атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгенін, 42 мектеп ішкі дәретханалармен жабдықталғанын, оқушыларды тасымалдау үшін 10 жаңа автобус сатып алынғанын, биыл Есік қаласында 1500 орынды мектептің, Төле би ауылында 450 орынды мектептің, Ташкенсаз және Қазақстан ауылындағы мектептерге 300 орынды қосымша ғимарат құрылыстары басталатынын айтып өтті. Дегенмен, ауданда үшауысымды мектептер әлі де бар. Атап айтқанда, аудандағы 4 мектеп үшауысыммен жұмыс істейді. Одан бөлек, тағы 26 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Осыған орай Амандық Баталов:

– Әрине, Еңбекшіқазақ ауданына көшіп келушілердің саны жылдан-жылға көбеюде. Екіншіден, бала санының өсуі де жаңа мектептерді салуды қажет етеді. Жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына мүдделіміз. Сондықтан аудандағы үшауысымдық мектептердің мәселесі таяу уақыттарда өз шешімін табады, – деп мәселенің аяқсыз қалмайтынын жеткізді.

Күрделі жөндеуден өткен мектепті мұқият аралап көрген облыс әкімі ұстаздар қауымымен дидарласып, мұғалімдердің талап-тілегіне құлақ түрді. Жаңадан салынғандай жарқырап, жайнап тұрған білім ошағының оқушылардың игілігіне айналғанына куә болды.

Айта кетейік, Әлібек Жақанбаев 1964 жылы туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын орман шаруашылығының инженері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алакөл ауданы «Левобережный» кеңшарының жұмысшысы болып бастады. Әр жылдарда Семей қаласында «Зеленстрой» шаруашылық есептегі учаскесі көгалдандыру бөлімінің агрономы, Алакөл ауданында Алакөл механикаландырылған орман шаруашылығының жұмысшысы, цех шебері, инженері, Үшарал орман шаруашылығында орманшы, бас орманшы, «Қаратал орманы» ММК Алакөл филиалының директоры, «Талдықорған ағаштары» ММК Алакөл филиалының директоры, «Алакөл орман шаруашылығы» ММ директорының орынбасары, директоры, Сарқан ауданының әкімі қызметтерін атқарды. 2011 жылдың мамыр айынан Алакөл ауданының әкімі болды.

Болат МӘЖИТ

Фото — Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Еңбекшіқазақ ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Еңбек ұжымымен пікір алмасты

Еңбек ұжымымен пікір алмасты

27.07.2026
Қазақстанда 4,5 миллионнан астам әйел еңбек етіп жүр

Қазақстанда 4,5 миллионнан астам әйел еңбек етіп жүр

27.07.2026
Тарихи атаудың саяси салмағы қандай?

Тарихи атаудың саяси салмағы қандай?

27.07.2026
Заман талабына сай жаңғырған

Заман талабына сай жаңғырған

27.07.2026
Сарқан саябағында спорттық-мәдени шара өтті

Сарқан саябағында спорттық-мәдени шара өтті

27.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.