Талдықорған: +34°C
$ 467.98
€ 533.87
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТЕРГЕ «САМҒАУ» СЫЙЛЫҒЫН ТАБЫСТАДЫ

22.12.2021
КҮНДЕРЕК
ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТЕРГЕ "САМҒАУ" СЫЙЛЫҒЫН ТАБЫСТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда үздік журналистерге Алматы облысы әкімінің «Самғау» сыйлығы табысталды. Журналистер арасында өткізілетін байқау биыл бесінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Биылғы байқаудың ерекшелігі — жоғары кәсіби шеберлігі үшін тележурналистика қайраткері Бейсен Құранбек атындағы номинацияның қосылуы. Бұл аталымға Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің бас редакторы Гүлжанат Мақұлжанова лайық деп танылды.

Марапаттау рәсімінде Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев өңірдің дамуына үлес қосып жүрген журналистер қауымын құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.

— Сіздер, журналистер, қоғамдық өмірдегі маңызы ерекше әрі жауапкершілігі мол кәсіптің иесісіздер. Уақытпен санасуды білмейтін, өзекті мәселелердің, төтенше оқиғалардың бел ортасында жүретін тілшілердің еңбегі әрдайым бағалауға лайық. Тәуелсіз Қазақстанның, соның ішінде Алматы облысының да мерейлі шаралары, өсу кезеңдері бұқаралық ақпарат құралдарында үздіксіз жарық көріп келеді. Объективті байланыс арнасы бола отырып, сіздер халықты ғана емес, облыс басшылығын да ақпараттармен хабардар етіп отырсыздар. Сөйтіп, бізге тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге көмек етіп келесіздер. Сондықтан, журналистерді Жетісу аймағын дамыту жолында әрдайым сенімді әріптес деп санаймын. «Самғау» байқауы — жақсы дәстүр. Дегенмен, келесі жылы конкурсты ұйымдастыруда жаңашылдық енгізіп, сыйлық көлемін ұлғайтуға уәде беремін. Ел Тәуелсіздігінің мерейлі 30 жылдығындағы сіздер үшін бұл марапаттың орны ерекше болады деп ойлаймын, — деді Қанат Бозымбаев. Бұдан әрі марапаттау рәсімі атқарылды.

Байқауға 120-дан астам материал келіп түскен. Соның ішінде БАҚ-тың 33 өкілі қара үзіп шықты. Бірінші орын иегерлері ретінде «Кербұлақ жұлдызы» газетінен Азамат Ақылбеков, «Заман жаршысы» басылымының тілшісі Бұрым Орынбасар, «Жетісу» телеарнасының қызметкерлері – редактор Жадыра Маратова, оператор Ризат Қыдыралин, продюссер Әділбек ӘбІлов, ардагер фотограф Нұрманбет Қизатұлы, «Егемен Қазақстан» интернет-сайтының редакторы Динар Керім, «Karasayinfo.kz» желілік басылымының редакторы Атлана Исаева, блогер, Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Қанағат марапатталды. Жүлдегерлердің бәріне арнайы статуэткалар, дипломдар мен ақшалай сыйлықтар берілді.

«Самғау» байқауында «Жетісу» газетінің журналистері де топ жарды. Атап айтқанда, бас редактордың орынбасарлары Нүсіпбай Әбдірахым мен Жұматай Әміреев, веб-редактор Қуаныш Тұнғатар, сондай-ақ, Жұмабай Мұсабеков, Мәулен Әнербай, Аслан Қажеке сынды өңірге есімі белгілі тілшілер жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ал газетіміздің беттеуші-дизайнері Сақып Төкеева «Самғау» байқауында бірінші орын иегері атанды.

«Облыс журналистикасы саласына қосқан үлесі үшін» номинациясын «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим Идигов иеленіп, журналистер атынан ризашылық тілегін білдірді.

Бейсен Құранбек атындағы жүлденің иегері, журналистикада 30 жылға жуық еңбек өтілі бар журналист Гүлжанат Мақұлжанова өзінің толқынысты әсерін жасырған жоқ.

— Бейсен Құранбекпен көзі тірісінде әріптес, сыйлас, замандас болдық. Бейсеннің атындағы номинацияның тұңғыш иегері болу — мен үшін бір жағынан қуаныш, екіншіден, үлкен жауапкершілік. Ол бізге әрі басшы әрі тәлімгер болды. Салмақты жобаларды, түрлі фильмдер мен хабарларды бірге жасадық. Оның сенім артқаны мені үнемі алға жетелейтін. «Самғау» байқауына Бейсен Құранбек атындағы номинацияның қосылғаны – бәріміз үшін зор мәртебе, — деді Г.Мақұлжанова.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда жол жөндеуге 27 миллиард теңге бөлінді

Жетісуда жол жөндеуге 27 миллиард теңге бөлінді

09.07.2026
Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидалары жаңартылды

Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидалары жаңартылды

09.07.2026
Джеки Чан Қазақстанда: «Доспехи бога: Ультиматум» фильмінің түсірілімі басталды

Джеки Чан Қазақстанда: «Доспехи бога: Ультиматум» фильмінің түсірілімі басталды

09.07.2026
Жетісуда алкогольді заңсыз сатқан ондаған дүкен анықталды

Жетісуда алкогольді заңсыз сатқан ондаған дүкен анықталды

09.07.2026
Спорт саласындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері талқыланды

Спорт саласындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері талқыланды

09.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.